Иран атом бағдарламасының мәселесі аса қиындаған сәтте Франция, Британия және Германия былтыр осы елмен келісімге қол жеткізіп, Иранның уран байыту жұмысын тоқтатқан болатын. Алайда осы шілде айында ресми Тегеран ядролық центрифуга құру шаруаларын қайта жандандырамыз деп мәлімдеді.
Бұған Біріккен Ұлтттар Ұйымының қарауындағы Халықаралық Атом энергетика агенттігінің маусым айында Иранды сынаған баяндамасы сылтау болды. Демек, Иран ядролық қаруға пайдаланылуы мүмкін байытылған уранды өндірмек. Халықаралық Атом энергетика агенттігі сәрсенбі күні тағы бір баяндама жариялап, Еуропа Одағының көшбасшыларымен жасалған келісімді Иран толығымен жоққа шығарды дейді. Халықаралық Атом энергетика агенттігі Иран 37 тонна уранды гексафлюоридті өндірмек яғни байытылған уранның деңгейіне жеткізбек деген мәліметті жариялады. Гексафлюорид атом бомбасын жасауға жарамды.
АҚШ сыртқы істер министрінің қару бақылауы және халықаралық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі орынбасары Джонн Болтон Иран мәселесін Біріккен Ұлттар Ұйымына шығаруға жеткілікті бұл тағы бір дәлел деді. Халықаралық Атом энергетика агенттігі Иран ядролық қаруды жасап отыр деген ешқандай дәлел жоқ дейді. Ресми Тегеран ядролық бағдарламамыз тек бейбіт мақсатты көздейді дейді. Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Хамид Реза Ассефи Халықаралық Атом энергетика агенттігінің баяндамасының өзі біздің серіктес болып отырғанымыздың айғағы дейді. АҚШ сыртқы істер министрі Колин Пауеллдің пікірі де тез арада мәлім болды. Иран мәселесін Біріккен Ұлтттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің қарауына шығаруға күш саламыз, деді Колин Пауелл. Нәтижесінде Иранға қатысты экономикалық, саяси және дипломатиялық шараларды қолдану қажет, деді Колин Пауелл Вашингтонда журналистерге айтқан сұхбатында.
Франция, Британия және Германия бұл жерде Америка Құрама Штаттарының бағытын ұстана ма, жоқ әлде тағы келісім табуыға әрекет жасай ма? Иранмен Қауіпсіздік кеңесі арасындағы қатынасты қиындатпай мәселе шешіле ме екен? "Қауіпсіздік саясаты жөніндегі Женева орталығы" деген ұйымның зерттеу жұмыстарының директоры Шахрам Чюбин Франция, Британия және Германия осы таңдауға тап болды дейді:
- Ирандықтар кері шегінді. Уран байыту бағдарламасынан бойын аулақ әкетіп жатыр. Шілде айында олар Парижде еуропалық елдердің өкілдерімен пікір алысқан еді, алайда бұдан еш нәтиже шықпай отыр.
Иран мәселесінде еуропалықтар американдықтардың пікіріне қосылмайды, Иран ядролық қаруға ұмтылды деп Еуропа одағының көшбасшылары ойламайды, және Иран мәселесін текетіресті күшейту арқылы шешу мүмкіндігіне еуропалықтар сенімсіз, дейді Шахрам Чюбин:
- Қандай да бір мәселені Қауіпсіздік кеңесіне ұсынсаңыз - кеңестің шешімі бірауыздан қабылданады және кеңес қатаң бағыт ұстанады деген сенімде болуыңыз қажет. Иран жағдайындағы қатаң бағыт Иранды келісімге келмейтін ел деп тануда болар еді. Еуропалық елдер істің бұлай бұрылатынына әлі сенімсіз. "Мына ең соңғы шектен шықсаңыз - Қауіпсіздік кеңесі арқылы қаралуы мүмкін ең қатаң шараны қолданамыз",- деген межеге еуропалық елдер әлі жеткен жоқ.
Шектеулі меже дегеніміз – Иранның уран байыту қызметі, дейді "Қауіпсіздік саясаты жөніндегі Женева орталығының" өкілі Шахрам Чюбин. Иран бұл межеге қарай өте баяу жылжып келеді, дейді бұл сарапшы. Халықаралық Атом энергетика агенттігінің алқасы Иран атом бағдарламасын 13 қыркүйекте талқыламақ.