НАТО ұйымы Оңтүстік Кавказ және Орталық Азияда тұңғыш өкілін тағайындады. Бұл – американдық дипломат Роберт Симмонс. Осы қадам - НАТО одағының Орталық Азия сияқты маңызды аймақта өз қызметін арттыруда маңызды қадамның бірі. Журналистерге берген сұхбатында Роберт Симмонс НАТО одағы Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия арасындағы ерекшеліктеріне, аймақтағы мемлекеттердің өзгешеліктеріне зейін қояды деп айтты.
Роберт Симмонс НАТО бас хатшысының әріптестік байланыстар жөніндегі көмекшісінің орынбасары екені белгілі. Ол осы қызметінде атқара береді. НАТО одағының Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия аймақтары бойынша үйлестіруші өкілін тағайындау одақтың Стамбул мәслихатында маусым айында мақұлданған. Роберт Симмонс және бас хатшы Яап де Хууп Шеффер таяу арада екі аймаққада сапар шегеді. Сәрсенбі күні Роберт Симмонс Брюсселдегі бас пәтерде журналистермен кездескенде өзгеріс аймақтардың географиялық ерекшеліктерін ескеріп отыр және реформа қарқынына сай делінді. Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия арасындағы ерекшеліктерді, аймақтардғы мемлекеттердің арасындағы ерекшеліктерді жақсы білеміз, деді Роберт Симмонс. Мәселен, Грузия НАТО одағына баяғыдан сұранып жүр, ол одаққа өтуге жақындап қалды. Ал ортаазиялық үкіметтер болса мұндай ниет танытып отырған жоқ:
- Әлбетте, Кавказдағы үш мемлекеттің терең тарихы бар, және белгілі бір дәрежеде олардың арасында қайшылық бар, зейін қоятын тұсымызда осы. Орталық Азия одан да қиын мәселелердің шеңбері, әлбетте, бұл аймақтағы қызметіміз Ауғанстандағы шараларымыздың маңызды бөлігі.
НАТО-ның жаңа арнаулы өкілі Роберт Симмонс алдымызда үш негізгі мақсат тұр деп жариялады. Бұл - әріптес елдердің НАТО-мен серіктестігін одан ары дамыту; аймақ елдерінің әскерлерін реформалау; маза алып отырған мәселелер бойынша аймақ елдерінің өкілдерімен пікір алысу. Дегенмен, деді Роберт Симмонс, мұндай ақылдасулардан НАТО алдында осы аймақтардағы едерді қорғау міндеті туындамайды деп айтты.
Ресейдің көзқарасы қандай болуы мүмкін деген жайтқа Роберт Симмонс одағымыздың ішіндегі өзгерістерден Ресей толық хабардар деп айтты. Ресей арадағы екі бағдарлама бойынша – "Еуроатлантикалық серіктестік кеңесі" және "Бейбітшілік серіктестігі" бойынша барлық өзгерістер жайында мәлімет алып отыр, сондықтан Ресейдің таң қалатын жөні жоқ, деді Роберт Симмонс.
Ресей террорлық ұяларды бұзу мақсатында шетелдердегі нысаналарға алдын ала соққы беруге дайынбыз деп мәлімдегені аян. НАТО одағының үйлестірушісі Ресейдің бұл мәлімдемелері жайында әңгіме қозғаудан аулақ болды. Ресми Мәскеудің сөздерін жан-жақты пысықтаған кейбір бақылаушылардың Ресей Грузия жеріндегі нысаналарды тұспалдап отыр деп асыра сілтегені бар. Ресей және Грузияның қарым-қатынастары, жалпы, ұзақ жылдар бойы талқыланып келе жатқан мәселе, НАТО екі елмен де серіктес болғысы келеді, Грузияның жер тұтастығы құрметтелу керек, деді Роберт Симмонс:
- Ұстанымыз бойынша Грузия сияқты барлық серіктес елдердің жер тұтастығын қадірлейміз. Әлбетте, біз сонымен қатар серіктес елдердің арасында қақтығыс болмасын деген мақсатты тұтамыз. Бұл жағдайда біз осы екі принципты басшылыққа алар едік деп білемін.
Журналистермен жаңа қызметінде алғаш жүздескен Роберт Симмонс Әзірбайжан және Армения арасындағы Таулы Қарабаққа қатысты жеке мәселе бойынша да пікірін ортаға салды. Жалпы, НАТО шеңберінде Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия аймақтары бойынша жеке үйлестірушінің тағайындалғаны Қазақстанмен арадағы қатынасты ұлғайтуы ықтимал. Қазақстан НАТО одағына өтуге ниет білдіретін емес, бірақ Қазақстан НАТО-ның "Бейбітшілік әріптестестігі" бағдарламасының шеңберінде кейбір жаттығуларға қатысады, кейбір жаттығулар Қазақстан жерінде өтеді. Дегенмен, бұл жекелеген шара ғана. Қазақстан әскери ынтымақтастық мәселесінде Тәуелсіз мемлекеттер достастығының шеңберіндегі Ресей ықпалындағы "Ұжымдық қауіпсіздік келісіміне" көбірек көңіл бөледі. Сол сияқты Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымының белсенді мүшесі ретінде Қытаймен әскери қатынасын ұлғайтып отыр.