Қыркүйектің 23-24-і күндері Алматыда академик Әлкей Марғұланның 100- жылдығына арналған «Археологиялық және этнографиялық зерттеулердің интеграциясы» деп аталған халықаралық семинар басталады.
Археологиялық және этнографиялық зерттеулер саласы бойынша Қазақстанда тұңғыш рет өткізілгелі отырған осы ірі халықаралық форумға алыс және жақын шет елдерден 60-тан аса белгілі ғалымдар қатыспақшы. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ғұлама ғалым, академик Әлкей Марғұлан еңбектерімен әлемдегі этнограф-археолог ғалымдарды жете таныстыру, халықаралық дәрежеде өзара тәжірбие алмасу, қазақстандағы этнографиялық және археологиялық еңбектерге зерттеу жүргізу осы семинардың мақсатына айналған.
Қазақстанда этно-археологиялық ғылымның іргетасын қалаған академик Ә. Марғұланның 100 жылдығы ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтуде. Жыл басынан бері Қазақстанның әр аймағында, ғалымның туған жері Павлодарда ғылыми шаралар ұйымдастырылды. Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық институт директорының орынбасары, Орталық Қазақстан экспедициясының жетекшісі Жолдасбек Құрманқұлов алдағы күндері өтетін халықаралық семинар академик Әлкей Марғұланның 100- жылдығын қортындылау шарасы болатынын айтады.
Әлкей Марғұланның туған қызы Дәнел Әлкейқызы осындай мәслихаттарда әкесінің еңбектері жақсы бағаланып жатқанын айтты. Ол көрнекті қайраткер, ғалым болған әкесі - Әлкей Марғұлан еңбектерінің 14 томдық жинағын жарыққа шығаруға күш салып жатырмын деді.
Ал, Ұлттық ғылым Академиясының академигі, бас антрополог Оразақ Смағұлұлы Әлкей Марғұланның жарыққа шыға бастаған 14-томдығы оның қандай ғұлама ғалым болғанын дәлелдей түседі деп отыр.
Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық институт директорының орынбасары, Жолдасбек Құрманқұлов әдебиет, тарих және этно-археология ғылымына қомақты үлес қосқан Әлкей Марғұланды энциклопед-ғалым деп атады.
Әлкей Марғұланның шәкірті, Орталық Қазақстан экспедициясының жетекшісі Жолдасбек Құрманқұлов Қазақстанда археология ғылымының қалыптасуы тікелей осы ұстазымның еңбегі дейді.
Сонымен бейсенбі күні басталатын халықаралық семинарда қазақ жеріндегі көптеген ескерткіштер мен әлі ашылмаған тарихи-мәдени құбылыстарды жаңаша зерттеуге мүмкіндік беріп отырған этно-археологиялық салаға айрықша мән беріліп, басқа елдің ғалымдарымен тәжірибе алмасу көзделіп отыр.