Дін жеке адамдар мен тұтас қоғамдарды емдей алатын қуатқа ие. Дін арқылы адам атаулының ең биік ұмтылыстарына қанат бітеді. Алайда, соқыр сенім теріс пиғылға да қызмет етуі мүмкін.
Соңғы жылдары әлемнің әр түпкірінде болған террорлық шабуылдар - Нью Йорк пен Вашингтон, Бали мен Мадридтегі террорлық әрекеттерді ұйымдастырғандар өздерін мұсылманбыз деп атады. Экстремисттер бұл қанды оқиғаларды Батыс халықтарына қарсы дін жолындағы қасиетті күрес деп атады.
Алайда, мұсылмандардан сұрасаңыз, мұсылмандардың көбі мұндай көзқарас дін Исламдағы негізгі қағидаларға қарсы екенін айтады. Экстремистердің дауысы қаттырақ шығып, олар өздеріне көбірек көңіл аударта алатыны болмаса, жалпы мұсылман әлемінде бұл экстремистердің қанды шабуылдарына, олардың қасиетті Құран сүрелерінің мағынасын теріс бұрып алып, өз әрекеттерін ақтауға тырысатынына наразы Мұхаммед үмбетін көбірек кездестіресіз. Бұл мұсылман баласы өз дінінің бұрмаланып көрсетілуіне жаны ауырады және мұндай мұсылман баласы Исламдағы діни наным-сенім төзімділігін ерекше сөз етеді.
Солардың бірі кезінде Танзанияда туған, бүгінгі күні Aмерикада Вирджиния университетінде Таяу Шығыс бойынша дәріс оқитын профессор Абдуләзиз Сашедина радиомыздың тілшісі Кэтлин Мурге берген сұхбатында Таяу Шығыстан бастау алған басқа діндер – Христиан мен Йудаизм діндеріне деген мұсылмандардың төзімділігіне негізді қасиетті Құраннан табамыз дейді.
"Құранда ... йудей, христиандардың өз діни наным-сенім аясында құдайдан баспана табатыны айтылған. Олар Ислам дінін қабыл алуы шарт емес. Бұл өте маңызды мәселе. Басқа діндегілердің сіздің дініңізді қабыл алуын күтпеген жағдайда сіз наным сенім төзімдігіне бет бұрасыз. Діни наным-сенім төзімділігінің іргетасы деген осы ғой,"- деді радиомызға берген сұхбатында профессор Абдуләзиз Сашедина.
Талдаушы мамандар кезінде мұсылман елдерінде діни азшылық ретінде өмір сүрген йудей, христиандардың ешқандай қысымға ұшырамай еркін тіршілік кешкенін айтады. Бұл талдаушылар Мұсылман қол астындағы жерлерде басқа дін өкілдерінің негізінен еркін өмір сүргенін тарихи фактілер негізінде келтіреді. Мұның үстіне олар Христиан әлеміндегі діни азшылықтарда мұндай дәрежеде еркіндіктің болмағаны да еске салады.
"Исламдағы діни наным-сенім төзімділігі" атты кітаптың авторы Халид Әбу әл-Фадл Америкадағы мұсылман заңдылығы бойынша ең жетекші мамандардың бірі боп табылады. Радиомызға берген сұхбатында ол былай дейді:
"Христандар Испанияны мұсылмандардан кері қайтарып алғанда, сондағы еврей халқы баспананы мұсылман жерлерінен іздеді. Сонымен қатар, мұсылман жерлеріндегі крестшілердің мемлекеттері қираған кезде христиан халқы өз орнында қала берді.
Бүгінгі Сирия, Ливан, Палестинадағы христиандардың көбі сол кресшілер заманында қалған христиандардан тарайды. Оларға дінін алмастыру тұрғысында ешқандай қысым жасалмады, және олардың ұрпағы бүгінгі күнге жетіп отыр. Сөйтіп, Ислам өз негізінде, және мәселен Христиан дінімен салыстырғанда, діни наным-сенім төзімділігі мәселесінде Ислам тарихынан осындай тамаша мысалдарды табамыз," – дейді Америкадағы мұсылман заңдылығы бойынша ең жетекші мамандардың бірі Халид Әбу әл-Фадл.
Бүгінгі күні Ислам әлеміндегі еврей мен мұсылмандар арасындағы қарым-қатынасқа Араб-Израиль теке-тіресі өзінің кері әсеріп тигізіп отырғаны баршаға мәлім. Алайда, бүгінгі Иранда діни азшылықтар – еврейлер мен армяндар – осыдан бірнеше ғасыр бұрынғыдай діни тұрғыда ешқандай қысассыз еркін өмір сүріп жатыр. Ғалымдардың айтуынша, Ислам, бүгінгі тілмен айтсақ, соғыс жүргізудың өзіндік тартіп-ережелерін де орнатқан. Бұл ережелерге сәйкес, жазықсыз жандарды өлтіруге тиым салынып, тұтқынға, кепілге түскендерге имандылықпен қарау жүктелді. Мұхаммед пайғамбардың өзі әскеріне қолына қару ұстамағандарды өлтірмеу жөнінде бұйрық берген. Жалпы мұсылман баласына өзге діндегілердің ғибадатханаларына зақым келтірмеу ескертілді.
Бұл көріністің бүгінгі күнгі бір мысалын таяуда Қазақстаннан көрдік. Астанадағы ескі Лютеран Христиан шіркеуі жаңадан төселіп жатқан тас жолға бөгет болатыны анықталғаннан кейін, шіркеудің ескі ғимаратын бұзу жөнінде шешім шығарылады. Алайда, бұл жоспарға қарсы шыққандардың дауысы басым түсіп, шіркеудің ескі ғимараты аман қалды. Шіркеу ғимаратының бұзылуына қарсы шыққандардың арасында мұсылмандар да болды.
Алайда, Исламдағы осындай діни наным-сенім төзімділігі күнделікті ақпарат ағымында басты тақырып ретінде көріне алмайды. Ал Ислам атын жамылып адам өлтіретіндер, кепілдікке алатындар күнделікті ақпарат ағамында басты тақырыпқа айналып келеді.