Палестина президенті Ясир Арафат қарашаның 11-де 75 жасында дүние салды. Палестина көтерілісінің нышаны болып келе жатқан бұл тұлға соңғы кезде қатты науқастанып, 29 қазан күні Париж ауруханасына жеткізілген болатын. Палестина басшылары Палестина жерінде 40 күн аза жариялады.
Палестина басшысы Ясир Арафтаттың артында қалған мұра күрделі. Арафат құрған "Палестинаны азат ету ұйымын" Израил қабылдап, келіссөз жүргізу жағдайында болатын. Бірақ Арафат өзінің басты арманына жете алмады, дербес Палестина мемлекетін құрамын деген түпкі мақсаты орындалмай қалды. 2003 жылы бір сөзінде Ясир Арафат өзін былай сипаттаған еді:
- Мен Палестина сарбазымын. Мен қаруыммен тек өзімді қорғамаймын, палестиндік әр бала-шағаны, әр әйелді қорғаймын, Палестина болмысын қорғаймын.
Ясир Арафтаттың толық есімі – Мұхамед Әбдел-Рауф Асқұдуа Әл-Құссаени. Ол 1929 жылы туған. Бірақ оның не Египетте, не Иерусалимде не болмаса Газада дүниеге келгені анық емес. Арафат бала кезінен Ясир, яғни Жұмсақ деген лақап атпен аталып кеткен. Палестина қозғалысына Ясир Арафат 17 жасында Қайыр қаласында қосылған, британдықтарға қарсы және еврейлерге қарсы қолданылатын қару жарақ контрабандасынан бастаған. Университетте инженер білімін алып жүргенде де Ясир Арафат Египеттен Израил жеріне қару тасып жүргендердің қатарында болды. 1958 жылы Ясир Арафат жолдастырмен қоса "Әл Фатах" құпия ұйымын құрысты. 1960-шы жылдары араб елдері және Араб лигасы "Палестинаны азат ету ұйымын" құрып, құпия жасақтарға пана бергенде Ясир Арафат нағыз жауынгер болатын, Иордания жерінен Израилге кіріп шабуыл жасайтындардың арасында болды.
1967 жылы Алты Күндік соғыста Израил араб елдерін жеңген кезеңде Ясир Арафат "Палестинаны азат ету" ұйымының төрағалығына көтерілді. Ясир Арафаттың басшылығында бұл ұйымның агрессиялық сипаты өскені сонша Иордания ұйымды 1971 жылы елінен шығаруға мәжбүр болды. "Палестинаны азат ету ұйымы" Ливанда қоныс тапты, алайда Израил 1982 жылы Арафаттың ұйымын Ливанан шығартқызды. "Палестинаны азат ету ұйымы" бұдан соң Тунисте жай тапты. 1987 жылы палестиндіктер алғашқы интифада соғысын бастады, Израил басып алған жерде Израилге қарсы алғашқы көтеріліс басталды. Палестина халқының көтерілісі халықаралық қауымдастықтың назарын тартуды мақсат тұтты, және Ясир Арафат тек Палестина қозғалысы емес, Палестина мемлекетінің басшысы ретінде танылды. Ясир Арафат 1988 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы сессиясында сөз сөйлеп, терроризмге айып айтты, Израил мемлекетін анық мойындады.
Бұл да халықаралық қолдауды табуға бағытталған қадам еді. Израил мемлекетін мойындаймыз, Израил халқы бейбітшілікте және қауіпсіздікте тұруға құқылы, Палестина Израилдің дербес көршісі болып табылсын деп Ясир Арафат 2003 жылы Палестина парламентінде сөйлегенде тағы ерекше зейінмен айтқан. 1990 жылдардың бірінші жартысы Израил мен Палестинаның жақындасуымен ерекшеленді. Ясир Арафат және Израил бас министрі Ицхак Рабин, Израил сыртқы істер министрі Шимон Перес тіпті үшеуі бір Нобель бейбітшілік сыйлығын бөліскен еді. 1996 жылы Ясир Арафат Палестина әкімшілігің президенті болып сайланды. Ал 2000 жылы Палестинада екінші көтеріліс басталып кетті, көтеріліс осы күндеріде жалғасып жатыр. Ясир Арафат бейбітшілік іздеген сипатын тағы бір жолы кейінге қалтырып, Палестина ұлттық күресін тағы ұран етті. Міне, соғысты да, бейбітшілікті де қос ұран еткен тұлғаның өмір жолы осындай.