Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, қарашаның 17-сінде БҰҰ-ның Нью-Йорктағы штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Ержан Қазыханов Адамдарды құлдыққа сатумен және жезөкшелікке мәжбүрлеумен күрес туралы конвенцияға және Конвенцияның қорытынды хаттамасына қол қойды деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің бөлім басшысы Мұхтар Кәрібаев:
- Бұл нені білдіреді? Осы конвенцияға қол қойғаннан кейін Қазақстан осы конвенцияда көрсетілген құблыстарға күресте барлық шараларды қабылдауы тиіс. Соны болдырмауы қажет. Конвенцияда қандай міндеттемелер көрсетілді, соларды алады.
Жалпы Қазақстанда құлдыққа түсетіндердің саны белгісіз. Дегенмен, кейбір деректер жылына 70 мыңға жуық адам құлдық жағдайға тап болады деп көрсетеді. Енді маңызды халықаралық құжатқа қол қойылғаннан кейін Қазақстанда адам саудасына тосқауыл қойылады деген үмітте Сыртқы істер министрлігінің қызметкері Мұхтар Кәрібаев. - Енді мүлдем жою туралы ешкім кепілдік бере алмас. Бірақ осы конвенцияға қол қою арқылы халықаралық қауымдастық болып, басқа елдермен бірігіп қарсы тұру деген сөз. Яғни, қажет кезінже осы конвенцияға қосылған басқа мемлекеттер де тиісті жәрдем беруі керек деген сөз.
Алайда, Халықаралық көші-қон ұйымының Қазақстандағы өкілдігінің қызметкері Кәрима Жанболатова бұл конвенция біз Қазақстанның қол қоюын қалаған құжат емес дегенді айтты: - Біріншіден, бұл конвенция айтарлықтай ескірген. Себебі, 1949 жылы жазылып, қабылданған болатын. Сондықтан, ондағы көптеген ұғымдар мен баптар ескіріп, адам саудасына қатысты қазіргі жағдай талаптарына сәйкес келмейді.
Оның сөзіне қарағанда, халықаралық көші-қон ұйымы Қазақстан қол қойған конвенциядан гөрі 2001-ші әзірленген “Трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күрес” конвенциясы мен оған қосымша адам саудасы бойынша хаттаманы орынды санайды. Себебі, онда адам саудасы трансұлттық ұйымдасқан қылмыс ретінде қарастыралып, адам саудасына қазіргі жағдай тұрғысынан баға беріледі дейді халықаралық ұйым өкілі.
Сондықтан, халықаралық көші-қон ұйымы Қазақстанның адам саудасы бойынша мекеме аралық жұмысшы тобына осы конвенцияға қосылу мәселесін жоспарға енгізуді ұсынған. Алайда, әзірге бұл тарапта ешқандай қозғалыс жоқ дейді халықаралық көші-қон ұйымының қызметкері.