«Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымымен бірлесе отырып, біз Парламент сайлауы Қазақстан бұлжытпай сақтауға кепілдік берген халықаралық міндеттемелерге сәйкес өтпеді дегіміз келеді»,- деді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джон Ордвэй дүйсенбі күні журналистерімен кездесудінде.
Бұл орайда ол барша жиналған жұртқа жақын күндері шыққан Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтмақтастық ұйымының қорытынды есебімен мұқият танысуға кеңес берді.
Ал Алматыдағы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтмақтастық ұйымына хабарласқанымызда саяси бөлім қызметкері Айдар Ботағаров елшінің бұл тұрғыда түсіндірме бере алмайтындығын жеткізді. Оның мәліметтеріне қарағанда, қорытынды есепті осы ұйымның бір бөлімшесі болып табылатын Варшава қаласында орналасқан демократиялық институттар бойынша бюро әзірлеген. Бұл бойынша сайлау кезінде Қазақстанда Джонатан Стоунстрит мырза жұмыс жасаған.
Алайда, бұл уақытта кейбір депутаттар сайлау әділ өтпеді деген пікірмен келіспейді. Мәселен, Парламент депутаты Серік Әбдірахманов алты рет сайлауға қатыстым, бірақ биылғы жылғыдай әділ сайлауды бұрын соңды көрмедім дейді:
- Бұл - өте таза сайлау. Халық өз таңдауын жасады. Бұрын мұндай болған жоқ. Ал Америка сияқты держава елшісі баға беруде өте мұқият болуы тиіс. ОБСЕ Ауғанстандағы сайлауға өте жоғары баға берді. Неге Қазақстандағы сайлау оған жетпей қалды? Сондықтан, мен АҚШ елшісінің бағасы әділетті емес деп ойлаймын.
Жиында сондай-ақ Ордуэй мырза Сенат өзгерістер енгізіп, төменгі палатаға қайтарған «Экстремистік іс-әрекетпен күрес» туралы заң жобасында алаңдаушылық тудыратын бұлыңғыр тұстардың, анықтамалардың бар екендігін айтты.
- Бұл заңды тек экстремистерге қарсы қолдану үшін онда анықтамалар өте нақты түрде берілуі тиіс. Сондықтан, заң жобасын әзірлеуде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық елдері көмектесе алады, ол қоғамдағы түрлі ұйымдарға, оның ішінде діни бірлестіктерге қарсы қолданылмауы тиіс деді.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Алматыдағы адам құқығы бойынша Хельсинки комитетінің төрайымы Нинель Фокина заң жобасы Қазақстандағы түрлі қоғамдық ұйымдар, оның ішінде діни бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының құқықтарын шектейді деп мәлімдеме жасаған болатын.
Алайда, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы Нартай Дүтпбаев «Экстремистік іс-әрекетке қарсы» заң жобасында экстермизммен күрес мехнизмдері көрсетілгендігін айтып, оның таяу уақытта қабылданатындығына сенім білдірген.