«Бейсенбі күні таңғы сағат 11-ден 14 минөт кеткенде Орал қаласының орталығындағы бір тұрғын үйдің жанындағы жолаушылар жолында жарылыс болды. Қандай зат және не себептен жарылғаны беймәлім. Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр»,- дегенді айтты республикалық төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің аумақтары қорғау бөлімінің бастығы Федеренко:
- Жарылыс болған кезде өтіп бара жатқан автокөлік жолаушысы жарақат алып, дереу емханаға жеткізілді. Көлік жүргізушісі жапа шеккен жоқ.
Алайда, бұл оқиғаның салдарынан біреу жарақат алды деп айтуға болмайды дегенді айтты Орал облыстық ішкі істер басқармасының кезекшісі подполковник Хайруллин: - Бір адам жарақ алу бөлімшесіне апарылды. Бірақ ешкім жарақат алған жоқ.
Оның сөзіне қарағанда, жарылған заттың қолдан жасалған атқыш бұйым екендігі анықталған: - Қолдан жасалған оқ ататын зат. Ішінде политэлен, пластмасса, қағаз бар. Бұл сараптамаға кетті.
Бұл оқиғаға соншалықты алаңдауға болмайды дегенді айтады ішкі істер басқармасының қызметкері. Ол жарылысты жәй балалардың бұзақылығына балайды: - Біз оны бұзақылық деп тіркедік. Таза бұзақылық ниетпен жасалған. Жас балалар сияқты. Әзірге кімдер екендігі анықталған жоқ.
Алайда, соңғы кезде Қазақстан аумағында бірнеше мәрте болған жарылыстарды әлемдегі болып жатқан күрделі құбылыстардан тысқары қарастыруға болмайды дегенді айтады Қорғаныс министрлігінің сарапшысы Ким Серікбаев: - Заманына қарай ғой. Әлемде болып жатқан жағдай. Қазақстан одан аман тұрады деп айта алмаймыз.
Дегенмен, барлығын террористік әрекеттерге телу дұрыс емес. Мәселен, бұл құбылыстың бір себебі - әскери қару-жарақтың кейде қолды болып кетуі, - дейді әскери сарапшы: - Қазір әлуметтік жағдай төмен. Оның ішінде мына төменгі әскери шендегі қызметкерлердің жағдайы белгілі. Сондықтан, антты бұзып қолындағы затты сатып, ақша қылғысы келетіндер де бар болуы мүмкін. Ретсіз жатқан заттар көп. Оларды теріп, пайдаланатындар да табылады.
Ал қолға түскен қарапайым әскери құралды қатерлі жарылғыш затқа айналдыру оп-оңай: - Мысалы, оққа салып жүрген порх дейміз ғой. Соны жарылғыш затқа айналдыру оңай. Сондай заттар біреудің қолына түссе, олар елді қорқытып қана қоймай, біреуге зиянын тигізуі, қылмыс жасауы да мүмкін. Ол болып та жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қараша айының 28-де «Отан» партиясы орналасқан ғимарат маңында үлкен 2 жарылыс болған. Ол оқиғаны да жергілікті полицейлер қатардағы бұзақылық ретінде тіркеген.