Адам хұқықтары белсенділері Беларуссияда полиция өкілдері үкіметке қарсы наразылық шараларын жиі күшпен тарқатады дейді. Хабарларға қарағанда, жақында бір полиция қызметкері үкіметке наразылық танытқан Завадская деген әйелді ұрып тастаған.
Бұдан бес жыл бұрын Беларуссияда беймәлім жағдайда Дмитрий Завадский деген журналист жоғалып кеткен-ді. Жоғалып кеткен журналисттің жұбайы Светлана Завадская өткен аптада үкіметке қарсы ұйымдастырылған наразылық шарасына қатысқан болатын. Қолымда күйеуімнің суретін ұстап тұрған кезімде бір полиция қызметкері келіп менің жағымнан тартып жіберді деді Светлана Завадская.
- Сол жерде тұрған адамдар қорқып кетті. Олар бұл Завадскийдің әйелі, тимеңдер оны деп бақырды. Адамдар егер полиция қызметкерлері әйел адамды ұра алатын болса, онда олар кез келген адамды таптап тастауы да мүмкін, тіпті атып тастауы да мүмкін шығар деп қайран қалып тұрды, - деді Светлана.
Ал Беларуссияның ішкі істер министрлігі Светлананың бұл оқиғаға орай айтқындарын жоққа шығарды. Министрліктің айтуынша, Минсктің орталығында наразылық шарасына қатысқан Завадскаяның өзі полиция қызметкеріне шабуыл жасаған.
Бірақ Завадская маған қол көтерген полицияның беті әлі күнге дейін есімде дейді:
- Ол орташа бойлы өте жеркенішіті кісі еді. Оны сиппатауға сөзім жетпей тұр, бірақ ол адамгершілігі жоқ адам деуге болады. Мен оның жеке басына бір нәрсе жасап қойғандай, маған сондай қатыгездікпен қараған-ды, - деді Светлана.
Полиция өкілдері наразылық шеруге шыққан 40 шақты адамды тез арада тарқатып жіберді. Талдаушылар мен бақылаушылардың айтуынша, полиция өкілдерінің зұлымдығы Беларуссияда әдетке айналған.
Адам хұқықтары бойынша тәуелсіз Беларуссиялық Хельсинки комитетінің басшысы Татьяна Протконың айтуынша Беларуссияда үкіметке қарсы ұйымдастырылатын кез келген наразылық шарасы зұлымдықпен аяқталады, ал наразылық танытушылар күшпен тарқатылады.
Протко жетекшілік ететін ұйым БҰҰ-ның адам хұқықтары бойынша кеңсесіне тұрақты түрде бұл оқиғалар туралы баяндамалар дайындайды. Протконың айтуынша, демонстрациялармен шұғылданатын полиция күштері президент Александр Лукашенкомен тығыз байланыста:
- Президент олармен кездесіп, сұхбат жүргізеді деп теледидардан көрсетіп жатады. Лукашенконың өзі түрлі бөлімшелерді тексеріп, олармен бірге мылтықтан оқ атады. Президент ылғи олардың жұмысына оң баға береді. Олар жақсы жалақы алады, деді Протко.
Минскте орналасқан Әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер бойынша институтының сауалнамаларына сәйкес, Беларуссия халқы жалпы полиция қызметкерлеріне сене бермейді. Аталған институттың директорының орынбасары Александр Соснов:
- Біз әдетте сауалнамаларымызда адамдардан түрлі мемлекеттік немесе қоғамдық институттарға сенесіз бе деп сұраймыз. Біз полиция туралы да сұраймыз. Әдетте полиция - тізімнің ең төменінде тұрады, - дейді.
Сарапшылар Беларуссияда жақын арада өзгерістер болады деп айту қиын дейді.