Мемлекеттік зейнетақы және жәрдемақы төлеу орталығының Алматы қаласы Бостандық ауданындағы бөлімшесінде бірнеше жылдан бері 2600-ден астам адамға жалған құжаттар арқылы зейнетақы мен жәрдемақы заңсыз беріліп келгені анықталып отыр. Бұл іс бойынша тергеу жүргізіп жатқан заң орындары айып тағылған 3 күдіктіге қарсы қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тергеушілердің айтуынша, бұл топ өздерінің сенімді өкілдері арқылы таныстарына шамамен 400 долларға зейнеткерлік немесе мүгедектік туралы құжат рәсімдеп, осы арқылы жалпы саны 2600 адам заңсыз түрде ай сайын мемлекеттен 10 мың теңге көлемінде зейнетақы немесе жәрдемақы алып келген. Заң орындары бұл қылмыстық іс-әрекеттен мемлекетке 500 миллион теңгеден артық шығын келгенін айтып отыр.
Бұл істің қозғалуына Алматы қалалық қаржы полициясына белгісіз адамның телефон шалуы түрткі болыпты. Әлгі адам Бостандық ауданындағы зейнетақы төлеу бөлімшесінің бір қызметкері жалған зейнетақы мен жәрдемақы берумен айналысатындығын хабарлайды. Бұл факті тексеру барысында расталып, орталықтың кейбір қызметкерлері өз таныстары арқылы өтініш білдіргендерге зейнеткерлік, мүгедектік құжаттарды рәсімдеп беріп отырғаны ашылады. Нәтижесінде 2661 адам негізсіз зейнетақы немесе жәрдемақы алып келген дейді Алматы қалалық экономикалық қылмыс және сыбайласқан жеморлықпен күрес басқармасының сыбайласқан жемқорлыққа қарсы күрес бөлімінің басшысы Серік Асаинов:
- Жалған зейнетақы немесе жәрдемақы алу бірнеше жолмен жүзеге асып отырған. Мәселен, бір адамдардан заңсыз құжаттар әзірлеу үшін 400 доллар шамасында ақша талап еткен. Екінші біреулерге жеке төлқұжаттары мен салық төлеушінің тіркеу қағазын банкке тапсыртып, зейнеткерлік карточкасын ашқызған. Одан кейін 1-2 жыл бойы ай сайын шамамен 10 мың теңге көлеміндегі зейнетақыны немесе 5-6 мың теңгеден жоғары мүгедектік жәрдемақыны зейнетақы төлеу орталығының қызметкерлері алып отырады.
Тек уағдаластық бойынша белгіленген уақыт өткеннен кейін барып, енді төлқұжат иесі әлгі ақшаны ала бастайды. Осындай жолмен бір ғана Бостандық ауданы бойынша бюджет 500 миллион теңгеден артық сомаға зиян шеккені тергеу жұмыстарынан мәлім болып отыр.
- Зейнетақы төлеу орталығының әзірге 3 қызметкері ұсталып, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бірақ, іс бұл санмен шектелмейді, - деді Серік Асаинов.
Осы оқиғадан кейін қазір бүкіл республика бойынша зейнетақы төлеу орталықтарын жаппай тексеру қолға алына бастады дейді Алматы қалалық экономикалық қылмыс және сыбайласқан жемқорлықпен күрес басқарамасының баспасөз хатшысы Руслан Тілемесов:
- Агенттік төрағасы аумақтық басқа да зейнетақы төлеу бөлімшелерін тексеру бойынша тапсырма берген.
- Ал жалған «зейнеткерлер» мен «мүгедектерге» қандай да бір шара қолданыла ма?
- Әрине, оларға қатысты көптеген процесуалды шаралар қолданылады. Біздің негізгі міндетіміз – мемлекетке келген зиянның орнын толтыру. Яғни, жалған құжатпен зейнетақы немесе жәрдемақы алғандардан заңсыз алынған ақшаны өндіріп алу үшін барлық әрекеттер жасалынады.
Қаржы полициясы жүргізген тергеу-тексеру шаралары барысында әлгі 2661 «зейнеткер» немесе «мүгедек» кісілер тек қағаз жүзіндегі «өлі жандар» емес, өмірде бар шынайы адамдар екені анықталыпты.
- Яғни, олар - студенттер және зейнеткерлік пен мүгедектігі бойынша жәрдемақы алуға негізі жоқ әртүрлі жастағы адамдар, - дейді қаржы полициясының бөлім бастығы Серік Асаинов.
Осы оқиға бойынша алматылықтар арасында жүргізген шағын сауалнамадан жұртшылық арасында мұндай жайттан хабары барын айтқандарды да жолықтырдық:
- Оларды соттау керек! Бұл не деген масқара! Менің бір таныстарым ақша беріп, зейнетақыларын 19 мың теңге етіп жасап алды. Ал біз 12 мың теңге аламыз. Енді біреулер жастары жетпесе де зейнеткер болып отыр. Мұндай жағдай көп кездеседі. Бірақ, олардың барлығын тексеріп жатқан ешкім жоқ.
- Мен ондайды естіген жоқпын. Өзімнің зейнетақым жетеді. Соған ризамын.
- Бұл - ешқандай жаңалық емес. Бізде барлық жерде коррупция емес пе?! Мен де, егер сенімді адам болса, өзіме жасатып алар едім. Онда тұрған не бар? Мен ондай емеспін - заман сондай!
- Барлық құжаттар қазір ақшамен шешіледі. Мәселен, прописка жасау, анықтама алу, төлқұжат әзіреу. Бәрі - ақша. Бәрі - заңсыз жолмен шешіледі!
Қылмыс орын алған зейнетақы төлеу орталығының Бостандық ауданындағы бөлімшесі бұл іске байланысты «Азаттық» радиосының қойған сауалдарына қандай да бір жауап беруден әзірге бас тартып отыр. Ал, үстінен қылмыстық іс қозғалып отырғандарға, Алматы қаржы полицейлері «өте қатаң жаза қолданылатын болады» дейді. Оларға компьютер технологиясын пайдалану, жалған құжат әзірлеу, қызметін асыра пайдалану, ұрлық, ұйымдасқан қылмыс жасау деген бірнеше айып тағылмақ.