Қазақстанның әлі тіркеуден өтпеген «Алға ҚДТ» оппозициялық саяси партиясының сейсенбі күні жария етілген бағдарлама жобасы қазірдің өзінде пікірталас туғызып отыр. Мәселен, «Әділетті Қазақстан» қоғамдық қозғалысы мен Қазақстанның коммунистік партиясы сияқты оппозициялық ұйым жетекшілері бұл құжатта партияның айрықша бет-бедерін айқындайтын тұстардың аз екендігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, «бұл бағдарламаның жабылып қалған «ҚДТ» халықтық партиясының басты құжатынан айырмашылығы бар ма?» деген сауал төңірегінде де бағдарлама әзірлеушілердің өздері қарама-қайшы пікірі білдіреді.
Сонымен, қазақстандық электорат назарына осымен республиканың кезекті 12-ші заңды түрдегі саяси партиясы болуға үміткер «Алға, Қазақстанның демократиялық таңдауы» бірлестігінің бағдарламасы ұсынылмақ. Алайда, бірқатар саясаткерлер, соның ішінде оппозициялық қайраткерлері де, бұл құжаттың басқа саяси партиялар бағдарламаларынан айырмашылығы аз дегенді айтып жатыр. Мәселен, сейсенбі күні жобаның таныстырылу рәсімінде сөзінде Қазақстанның коммунистік партиясының жетекшісі Серікболсын ӘБДІЛДИН «бұл бағдарлама коммунистердің бағдарламасынан көшіріліп алынған» деп әзілдеді. Әйтсе де, жиыннан соң «Азаттық» радиосына берген жауабында ол «ойнап айтса да, ойындағысын» айтқандығын аңғартты:
- Бағдарламалардың негізінде коммунистердің бағдарламасы жатыр деген бір жағынан - қалжың болса, екінші жағынан – шындық. Қай партия болмасын халыққа жағымды сөз айтуға тырысады, мұның жүйесін жасаған біздің коммунистік партия болады. Сосын экономикалық жағынан да, саяси биліктің жүйесін қайта құру турады айтқандары жағынан да бізге жақын.
Бағдарламада партияның бағытын нақты айқындайтын тұстардың кемшін тартып тұрғандығын келесі бір оппозициялық ұйым - «Әділетті Қазақстан» қоғамдық қозғалысының жетекшісі Жармахан ТҰЯҚБАЙ да атап көрсетті:
- Жазылмай қалған жерлері де, түсініксіз тұстары да бар. Ең бастысы – бұл партияның басқа партиялардан ерекшелігін, өз позициясының басқаларға ұқсамас жерлерін анықтау, көрсету қажеттігі. Бұл қандай партия: либерал-демократиялық партия ма, социал-демокартиялық партия ма, ия болмаса, басқа позициясы бар ма? Сол позициясының басқалардан ерекше екендігін анық көрсету керек еді. Алда съездері болады, сонда бұл мәселеге нақты нүкте қоятын шығар деп ойлаймын.
Ал, «Алға ҚДТ» партиясы құрылтайшыларының бірі Асылбек ҚОЖАХМЕТОВ әріптестерінің ондай сынымен өзінің түбегейлі келіспейтінідігін білдірді:
- Мен оған толықтай келіспеймін. Қалайша ерекшелігі аз?! Мысалы, «Отан» партиясы президент туралы, билікті өзгерту керек деп жазып жатыр ма? Қай партия бейтараптық туралы айтып жатыр? Қазір бір ғана партия бұл жөнінде айтуда. Біз айтамыз: сыртқы істер саласында өзгерістер керек, бізге ешқандай блоктарға кіруіміз керек емес. Ешкімге қарсы шығуымыз керек жоқ. Себебі, қазір алдымен Қазақстан экономикасын, халқын дамыту керек. Тек 30-50 жылдан кейін ғана жаңағы мәселені көтеруге болады.
Әлі мемлекеттік тіркеуден өтпеген «Алға, ҚДТ» партиясы бұған дейін сот шешімімен жабылып қалған «ҚДТ» халықтық партиясы негізінде құрылған саяси ұйым болатын. Олай болса, жаңа бағдарламаның бұрынғы «ҚДТ» халықтық партиясының құжатынан айырмашылығы бар ма? Бұл орайда «Алға, ҚДТ» партиясының бағдарлама жобасын әзірлеген жұмысшы топ мүшесі Болат АТАБАЕВ былай деді:
- Өмір де, саясат та өзгеріп жатыр. Сосын, бүгінгі күннің талабына сай бұл жобаға алдыңғымен салыстырғанда көп өзгерістер енгізілді: мысалы, Қазақстанның саяси және әскери мәселе бойынша бейтараптық ұстануы; мәдениет саясаты жөнінде үлкен-үлкен бағдарламалар әзірлеу.
Дегенмен, жұмысшы тобының келесі бір мүшесі Асылбек Қожахметов жаңа бағдарламаның бұрынғы «ҚДТ» халықтық партиясы басты құжатынан айтарлықтай айырмашылығы жоқтығын алға тартты:
- Негізі прнициптік жағынан айырмашылығы жоқ. Өйткені, әкімдері сайлау керек дейміз, билікті өзгертеміз дейміз, бұқаралық ақпарат құралдары еркін болсын дейміз. Яғни, бұл – тек қана бұрынғы бағдарламаны дамыту екендігін көрсетеді.
- Бағдарлама әзірледіңіздер. Ал партияны тіркеу мәселесі қалай шешілуде?
- Жақында құрылтай съезімізді өткіземіз. Содан соң 2 айдан кейін құжаттарымызды ресми түрде тіркеуге тапсырамыз.
- Ал партияның атын өзгерту, өзгертпеу мәселесі жөнінде не айтасыз?
- Осыдан 3 күн бұрын Президент Жарлығымен заңнамаға жаңа өзгерістер қабылданды ғой. Соған сәйкес бұрынғы, әсіресе жабылған саяси партия бұрынғы атпен тіркелуге болмайды деп көрсетілген. Біз мұны ҚДТ-ға қарсы шыққан заң деп қабылдаймыз. Бірақ, бізде басқа билік жоқ, сол себепті заңды орындауға тиіспіз. Яғни, атымызды өзгертуіміз керек. Қалай өзгеретеміз? Оны съез шешеді!
Ал «Алға, Қазақстанның демокартиялық таңдауы» партиясының құрылтай съезі шілденің 22-сі күні Алматы қаласында өтеді деп белгіленіп отыр.