Ян Кубиш аймақтағы жағдайды жақсы біледі, ол БҰҰ-ның Тәжікстандағы арнаулы елшісі болып қызмет еткен. Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымының бас хатшысы ретінде де Ян Кубиш Орталық Азияда көп болды. Ян Кубиштың тағайындалуы Қырғызстан демократиялық революциясы және Әндіжандағы қанды қырғын сияқты күрделі құбылыстарға тап болып отыр.
Ян Кубиш қызметіне тағайындалған осы дүйсенбі күні ақ Өзбекстанға баруға тапсырма алды. Өзбек үкіметі мамыр айында Әндіжанда орын алған қақтығыста 187 адам қаза тапты дейді, БҰҰ сияқты халықаралық мекемелер әскер қолынан қаза тапқан халықтың қатары әлде қайда көп дейді. Еуропа Одағы Әндіжан оқиғалары халықаралық комиссия арқылы тергелсін деп екі рет қарар шығарды, өзбек үкіметі бұл үндеулерді екі рет кері қайтарды. Ян Кубиштың жаңа қызметінің өкілеттілігі қыркүйек айында басталады, дегенмен "Азаттық" радиосының Тәжік редакциясына берген сұхбатында ол Орталық Азияға, оның ішінде Өзбекстанға жақын арада барамын деді:
- Ең бастысы, менім қолымда Брюссельде сыртқы істер министрлерінің кеңесі дүйсенбі күні шығарған, Еуропа Одағы мамыр және маусым айларында шығарған мәлімдемелері мен бағыт-бағдары бар. Өзбек басшылығына осы ұстанымдарымызды жеткіземін.
Бақылаушылар Ян Кубишты Орталық Азия басшыларымен келіссөз жүргізе алатын, сөзін өткізе алатын тәжирибесі мол дипломат дейді. БҰҰ-ның арнаулы елшісі ретінде ол Тәжікстанда азаматтық соғыстан кейін бақталас топтардың бейбіт келісімді сақтауларына септігін тигізді. Орталық Азия үкіметтері Грузия, Украина және Қырғызстанда болған демократиялық революцияларды батыс үкіметтері мен батыс ұйымдарымен байланыстырып отыр. Ян Кубиш Орталық Азия аймағында Еуропа Одағының қызметі белсенділеу болу керек деп есептейді:
- Кең әрі кешенді мандатым Еуропа Одағы мен Орталық Азия елдерінің әріптестігін арттыру жолдарын талқылауға және өз-ара қатынастарды арттыруға бағытталған деп білемін. Бұл айтып отырғаным Орталық Азиядағы барлық елдерге қатысты.
Ян Кубиш бұрынғы қызметінде де, Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымының бас хатшысы ретінде де Ауғанстанда да көп болған. Былтыр Ауғанстанда президенттік сайлау өтсе, оның төңірегіндегі шаруаларға Ян Кубиш көп араласқан.