Қазақстанда кеңес заманында қазақ тілінде жыл сайын шығып тұрған балаларға арналған “Жыл он екі ай” журналы республика тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары, нарық қыспағына шыдай алмай тоқтап қалған болатын. Жазушы Талғат Айтбайұлы демеушілердің көмегімен “Жыл он екі ай” әдеби жылпарағын қайтадан шығара бастағанына биыл төрт жыл толып отыр. Алайда, қазіргі таңда балаларға арналған басылымдар қамқорлыққа зәру болып отыр.
Отыз жылдан астам тарихы бар “Жыл он екі” ай журналы кезінде балаларға қосымша құрал, яғни әдеби күнпарақ ретінде шығып тұрды. Әсіресе, “Жыл он екі ай” журналын қазақ мектептеріндегі ұстаздар оқушылармен тәрбие жұмысын жүргізу үшін пайдаланып келді. Бюджеттен қаржыландыруы тоқталғаннан кейін он жыл бойы шықпай қалған “Жыл он екі ай” журналын, төрт жылдан астам уақыттан бері, қалталы азаматтар мен демеушілердің арқасында қайтадан шығарып жатқан жазушы Талғат Айтбайұлының айтуынша, бұл басылымның алатын орны әлі де айрықша. Алайда ол “Жыл он екі ай” журналын бүгінгі таңдағы оқушылардың талғамына сәйкес етіп шығару үшін, мемлекет тарапынан үлкен қамқорлық керек деп санайды.
“Мен мемлекеттің жұмысын атқарып жатырмын ғой деп, қайта-қайта хат та жазамын, сұхбат та беремін. Бірақ оған назар аударып жатқан ешкім жоқ. Қазір өзі сөздің қадірі кетті ме, білмеймін.. Мемлекеттік тұлғалардың өзі айтқан зарыма құлақ аспайды. Таяуда Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтен хат алдым. Өз хатында қала әкімі “Жыл он екі ай” журналын қолға алғаныма ризашылық білдіріп, көмектесуге уәде беріпті. Алайда Иманғали Тасмағамбетовтың сөзін аудан әкімдерінің ешқайсысы да елегісі келмейді. Әрине, бұл жағы өте өкінішті”, - дейді, жазушы Талғат Айтбайұлы.
Осыдан 20 жыл бұрын оқырмандар саны жағынан да “Жыл он екі ай” журналының ең үлкен сұранысқа ие болып, қазіргі кездегіден бірнеше есе көп данамен шығып тұрғандығы белгілі. Біз әңгімеге тартқан Күләнда есімді зейнеткер әйел кезінде “Жыл он екі ай” журналын оқып тұрған екен. Оның айтуынша, қазіргі уақыттағы басылымдармен салыстырғанда, осыдан 20 жыл бұрын шығып тұрған “Жыл он екі ай” журналының мазмұны әрі бай, әрі терең болған.
Ал, біз әңгімеге тартқан Данагүл есімді келіншек Ақмола жақтан келгендігін айтып, Қазақстанның қалаларында қазақ тілінде шығатын балаларға арналған кітаптар мен журналдардың өте сирек кездесетіндігін әңгімелеп берді. Ал, Іңкәр есімді мектептің оқушысы көбінісе орыс тілінде шығатын кітаптар мен журналдарды оқитын болып шықты. Оның себебін Іңкәр қазақ тіліндегі журналдар мен кітаптардың ішкі-сыртқы безендірілуінің аса сәнді болып шықпайтындығымен түсіндірді. “Менің атым Қожа” көркем фильмін көрген Іңкәр, осы туындының авторы жазушы Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқығысы келгенімен, кітап дүкендерінен ондай кітапты да, ондай жазушының шығармаларын да кездестіре алмапты. Жазушы Талғат Айтбайұлы болса, үстіміздегі жылдан бері “Жыл он екі ай” журналын жылына төрт рет шығара бастапты.
“Мен қазір жылдың үш мезгіліне арналған кітаптарды шығардым. Таяуда «Күз» кітабы оқырмандардың қолына тиді. Енді «Қыс» кітабы қазанда жарық көреді. Күнпараққа қарап отырып, әр тоқсанда мектеп бағдарламасында бар дүниелердің бәрін де “Жыл он екі ай” журналында қамтуға тырысамын”, - дейді, жазушы Талғат Айтбайұлы.
Ресми мәліметтерге жүгінсек, үстіміздегі жылы да балалар басылымдарына мемлекет тарапынан бөлінетін қаржының көлемі едәуір қысқартылыпты.