Бірнеше ондаған жылдар бойына Орта Азия елдерінің ішінде Қырғызстанда орыстарды өте жақсы қабылдап келген еді. Тек осы жылдың наурыз айында президент Асқар Ақаевтың билігін құлатқан революциядан кейін, қырғыз елінен орыстардың үдере көшуі байқалды. «Азаттық» радиосының тілшілері орыстардың Қырғызстаннан жаппай көшуіне не себеп және олардың кетуіне қырғыздар қалай қарайды деген мәселені зерттеп, талдап көрген еді.
Орыстар Қырғызстанға 1800 жылдардың орта шенінде патша әскерлері Орта Азияның оңтүстігіне қарай жылжыған кезде жаппай келіп, қоныстана бастаған еді. Қырғыздар болса орыстарды әрдайым достық пейіл, жақсы ниетпен қарсы алды. Бішкектегі Ұлттық ғылымдар Академиясының тіл білімі профессоры Бүбина Орузбаева Қырғызстанда орыстарды өз бауырымыз деп атайды және орыс тілі ешқандай өгейлік көріп отырған жоқ, бұл орыстардың осында жеткен жетістігі деп атап көрсетеді. Ол өткен 80 жылдың ішінде орыс тілінің қолданыс аясы үкіметте де, басқа да жерде кеңімесе, еш тарылған жоқ дейді:
«Орыс тілі Қырғызстанда басқа жермен салыстырғанда толық қолданысқа ие».
Бұған қосымша орыс тілі Қырғызстанда қырғыз тіліне қарағанда практикада көбірек пайдаланылады. Қырғыздардың басым бөлігі орыс тілінде сөйлейді. Сондай-ақ, Қырғызстанды мекен еткен басқа да ұлттық азшылықтар, мәселен, дұнған, өзбек, украиндар және немістер қырғыз тілінен гөрі орыс тіліне жетік десе болады. Орузбаеваның айтуынша, орыстар Қырғызстанның бір бөлшегі емес деп ойлаудың өзі ақылға сыймайтын жайт:
«Орыстар кетіп жатыр деп айтудың өзі мүмкін емес, орыстар мұнда ежелден, тіпті бір жарым ғасырдан бері өмір сүріп келеді».
Қырғызстандағы орыстар жайын дәл осылайша түсінетін Бішкектегі академияның ғалымдары ғана емес. Бекболат Манашев пен оның әйелі Бурыл Қырғыз астанасынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырым жердегі ауылда өмір бойы тұрып келеді. Олардың екеуі де өз ауылдарындағы 10-шақты орыс отбасы қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген, бәріміз де бір үйдің туғандарындай өмір сүріп жатқан жандармыз дейді. Міне, біз сөз етіп отырған бұл көзқарас-пікірлер Қырғызстанның оңтүстік-батысындағы Өзбекстанмен шекараласып жатқан, өзбектер басым тұратын Өзген аймағында да дәл осылай, ешбір айырмашылығы жоқ деуге болады.
Бахтияр Раймянов пен оның жұбайы Мачидилдің екі баласы бар, екеуі де жұмыссыз, олар да орыстар туралы құрметпен сөйлейді. «Жалпы алғанда бір орыс халқын қатты құрметтейміз. Біздің тең жартымыз орыс, менің ағамның әйелі орыс», - дейді Бахтияр. Ал оның әйелі Мачидил:
«Біздің отбасымызда неміс пен орыс араласқан. Менің ойымша, мұнда орыстардың тұра бергені жақсы болар еді, - дейді.
Дегенмен де мұндай пікір, қарым-қатынастарға қарамастан, Қырғызстандағы орыстардың саны азайып барады. Ресей ресмилері 1991 жылы Совет одағы құлаған кезде Қырғызстан халқының 22 проценті орыстар болған деген дерек келтіреді. Ал осыдан 10 жыл өткеннен кейінгі мерзімде бұл көрсеткіш 13 процентке қысқарып, орыстар саны 600 мың адам болған еді. Биылғы жылдың басы - наурыз айының ортасына қарай Қырғызстанда үкіметке қарсы шерулер мен ереуілдер ұлғайып, президент сарайын көтерілісшілер басып алғаннан кейін, орыстардың қырғыз елінен үдере көше бастаған құбылысы жиі байқалды.
Ол кездегі президент Асқар Ақаев ресейшіл саясаткер болатын және Мәскеумен жақын қарым-қатынас ұстайтын. Міне, сол себепті де орыстар Ақаевтың биліктен қуылуы - Кремльмен байланыстарға нұқсан келтіреді, қырғыз экономикасына өз зиянын тигізеді деп қорықты. Бішкектегі Ресей елшілігі наурыз айында елден кетуге тілек білдірген орыс мигранттарының саны күніне 60 адамнан 300 адамға дейін бірден өсіп кетті деген мәліметті айтады.
Жалпы айтқанда, орыстар өздерін Қырғызстанда керексіз сияқты сезінеміз деп шағымданбайды, алайда олардың дәл Совет одағы кезіндегідей бағаланып, құрметтелмейміз деген өкпе-наздары да жоқ емес.
Өмір бойы Қырғызстанды мекен етіп келе жатқан Владимир Верещагин Қырғызстан тәуелсіз ел болғалы бері мұндағы орыстар мен қырғыздар арасындағы қарым-қатынастың біртіндеп күрделеніп бара жатқанына куәгер болғанын айтады:
«Сәл де болса басқа ұлттарға, орыстарға деген қысымшылық, құрметтемеушілік бар», - дейді ол.
Верещагин өз достарының бірқатары кетіп қалғанын айтады. Бірақ өзінің мұнда қала бергісі келетінін, өйткені жұмыс ретінің өзі солай етуді қажет етеді дейді ол. Тағы бір кейіпкер Светлана Рогоникова Ресейде туғанымен, Бішкекте өсіп-ержеткен, ол да жақын жылдарда орыстардың қатты құрметтеліп келгенін айтып, бірақ соңғы алты айдың ішінде өзінің жеті бірдей орыс достарының Қырғызстаннан кетіп қалғанын айтады. Ал өзінің мұндағы жұмысы өте жақсы болғанымен де, екі баласы мен күйеуін алып Канадаға эмиграцияға кету үміті бар екендігін айтты:
«Мұнда экономиалық жағдай қиындап келеді және қоршаған орта жағдайы, әлеуметтік жағдай да нашарлап барады. Сондықтан да мен өзімнің тәжірибем мен білімімді жақсырақ пайдаланатын жұмысты басқа елден іздеп, табуым керек деп ойлаймын».
Сонымен Қырғызстаннан орыстардың қоныс аудару толқыны, енді әйелі орыс ұлтының өкілі - жаңа президент Құрманбек Бакиевтің сайлауда жеңіске жетіп, біржолата билік тізгін қолына алуымен аяқталады деп күтуге бола ма? Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бішкектегі бюросының жетекшісі Маркус Миллер бұл сұраққа жауап беруге әлі ертерек дегенді айтады.
«Негізінен алғанда, әсіресе, жастар өз болашақтарын бұл елмен байланыстырғысы келеді. Ал қандай бір қысымға тап болатын болса, әрине олар мұнда қалмайды», - деген Миллер, бұл мәселе төңірегінде дәл қазіргі уақытта бір кесімді пікір айту қиын екенін, қырғыз ұлтшылдары үшін этникалық және діни топтардың қолдауына ие болу мүмкіндігі күрделі кезеңде болып тұрады, орыстардың өзі мұнда саяси белсенділік таныта қоймайды деп атап көрсетеді.
«Саясатты дінмен байланыстырып жасау жеңіл және арзан, сондай-ақ ұлттық тақырыпқа да саясат жасау қиын емес», - дейді Миллер.
Сонымен Қырғызстандағы орыстар мәслесіне арналған бұл әңгімені Владимир Верещагиннің мына бір ауыз сөзімен түйіндеуге болады. Ол «бізді жайымызға қалдырыңыздар, бізге мұнда өмір сүруге мүмкіндік беріңіздер» дейді.