Юрий Ехануров алдымен тұрақтылықты сақтап қалу - өзінің ең басты міндеті екендігін айтты. 8-қыркүйек күні президент Виктор Ющенко Украина үкіметін отставкаға жіберіп, екі негізгі тұлға - үкіметбасы Юлия Тимошенко мен Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің басшысы Петр Порошенконы да қызметтерінен босатты. Бұндай шешім үкімет ішінде жемқорлық жайлап отыр деген дау-дамайдан кейін жасалды.
Премьер-министр міндетіне кіріскен Ехануров өзінің басты мақсаты - тұрақтылықты қамтамасыз ету дегенді атап айтты:
«Ең бастысы - елдегі тұрақтылық. Әрбір қарапайым адам елде президент бар екенін, парламенттің бар екенін және биліктің өздері туралы ойлайтынын білгені керек».
Жаңа кабинеттің алдында үлкен міндеттер тұр, оның қатарында бұқара халықтың үкіметке деген сенімін қайтару. Өткен жылғы қызғылт-сары төңкеріс нәтижесінде билікке ие болған Ющенко реформалар жасаймын деп уәде еткен болатын. Алайда, көптеген сауланамалар украиндықтардың көпшілігі алғашқы үкімет осы уәделердің басым бөлігін орындай алмады деген пікірде екенін байқатқан.
Киевтегі саяси және экономикалық мәселелер жөніндегі Разумков орталығының өкілі Олександр Литвиненко Ехануров турасында былай дейді:
«Юрий Ехануров Украина саясатында жақсы танымал тұлға. 90-жылдардың басында ол мемлекеттік мүлік қорын басқарды. Украинадағы жекешелендіру соның басқаруымен өтті. Үкіметте ол вице-премьер міндетін атқарды. Ол бір жағынан мемлекеттік басқару жүйесін біледі, екініші жағынан экономика мәселелерін де жақсы түсінеді.
Литвиненко, сондай-ақ, оппозиция тарабы да Ехануровқа жаман көзқараста емес дегенді айтып отыр. Премьер міндетін атқарушы Ехануров Ющенконың саяси партиясының қатарында және президенттің толық сеніміне ие. Бірақ, ол премьерліктен кеткен Юлия Тимошенконың саяси бағытын қабылдамайды. Литвиненко елдегі айтылып жатқан түрлі сындарға қарамастан, Ехануров технократтардың жаңа кабинетін жасақтай алатын және үкіметбасы бола алатын ең лайықты тұлға деген пікірін білдіреді. Талдаушы Литвиненко сондай-ақ технократтар кабинетінің мүшелері басқа идеолгоиялық негіздегі топтармен жағаласып күреспейді, мұндай кабинет қызғылт-сары төңкеріс кезінде берілген уәделерді жүзеге асырушылар болуы мүмкін деп атап көрсетеді.
Юлия Тимошенко басқарған үкіметте басқаша болған еді. Президент пен премьер-министрдің түрлі мәселелерге деген көзқарастарында әрдайым бірлік емес, алшақтық көрініс беретін. Тимошенко президент Ющенконың өз үкіметін таратқанына өкініш білдіріп, бұл әділетсіз қадам деді:
«Орын алған жайт біздің бәріміз үшін әділетсіз болды. Біз алғашқы қызғылт-сары үкімет болдық, басқа үкімет 14 жылда жасайтын шаруаны біз 7 айда жүзеге асырдық».
Кейбіреулердің пікірінше, енді Ющенко Тимошенко тарапынан қатты қарсылықтарға кез болады, ол сөйтіп оппозицияға қосылады. Алайда, Литвиненко бұл мүмкін емес, өйткені өз беделі мен танымалдығын төңкеріс кезінде Ющенконың қасынан табылғандықтан жинақтағандығын Тимошенко жақсы біледі дейді.
Ал бұл аралықта Ющенкоға деген қолдау түрлі елдерден білдіріліп жатыр. Ресей президенті В.Путин өз сөзінде Украина президентіне қолдау танытатындығын айтып, мұнда дабыл қағатындай дағдарыс жоқ деген:
«Мен қазір Украинада болып жатқан оқиғаларды күрделендірмеген болар едім. Мен Украина халқы мен оның жетекшілері бұл жайттан шығудың оң шешімін таба алады деп сенемін. Ресей де өз тарапынан ел ішінде тұрақтылық болуына ықпал етеді».
Украина президенті Виктор Ющенконың соңғы шешіміне қатысты оған деген қолдау пікірлерін Грузия президенті Михаил Саакашвили де, АҚШ мемлекеттік департаменті де, Европа одағы да танытып үлгерді.