Елдің индустриялық жоспарына сәйкес, Қазақстанда құрастырылған «SKODA» маркалы алғашқы автомобильдер саудаға түсті. Жаңа көліктің бағасы 12,5 мың АҚШ доллары деп белгіленіп отыр. Ақшасын алдын-ала төлегендерге көрсетілетін ерекше жеңілдіктер бар деп хабарланды. Кейін көлік құнын арзандату жоспарланған. Өйткені, көліктің дөңгелектерін Шымкентте, аккумуляторларын Талдықорғанда, орындықтарын Семей зауыттарында жасау жоспарланған. Ал жүргізушілер одағының сарапшылары Германияда және Чехияда жиналған авто қазақстандық машинамен салыстырғанда әлдеқайда сапалы болады, дейді.
Қазір чех машиналары Қазақстанның Өскемен қаласындағы «АзияАвто» кәсіпорнында жиналады. Бұған дейін Өскемен қаласындағы «АзияАвто» кәсіпорнында Ресейдің «Нивалары» жиналатын. Қазір Ресейлік автоларға деген сұранысқа орай, оның жиналымы тоқтатылған. Қазақстанның өндіріс және сауда министрлігінің машина жасау бөлімінің бастығы Ғалым Әмреевтің пікірінше, осы себептерге орай, ресейлік көліктерден гөрі Чех машиналарынан табыс көбірек болады деген жорамал бар.
«Нива» автомашиналарының сатылымы онша жақсы емес. Росссиямен проблемалар болды оларда, бөлшектерді Қазақстанға алдырту жөнінде», - деді Ғ.Әмреев.
Орта Азияда жиналатын чех машиналарына қатысы бар компаниялардың өкілдері өз пайдасының азайып қалатынын алға тартады. Қазақстандағы «Шкода Авто» зауытының машиналарын сататын делдал «Алма моторс» компаниясының маманы Марина Ляшованың пікірінше, Чехияда жиналған көліктер, Қазақстанда жасалатын машиналармен салыстырғанда сапалы болады әрі Чехиядан тасымалданатын машиналарың қозғағыштары Германияда шығарылады.
«Ал Қазақстанда жиналған машиналардың қосалқы бөлшектері біртіндеп отандық зауыттардың өніміне алмастырылады. Бірақ, кеден салығы ұлғаятын болса, барлық автомобильдердің құны қымбаттап сала береді», - дейді Марина Ляшова.
Алғашқы кезде Қазақстанда жиналған «Шкодалардың» қосалқы бөлшектері шет елден тасымалдануына орай машиналар тұтынушыларға қымбатқа түседі. Бірақ ақшасын алдын-ала төлегендерге көрсетілетін ерекше жеңілдіктер де бар деп хабарланады. Қазақстандық «SKODA-ның» кепілдік берілетін жөндеу мерзімі - 100 мың шақырым жол жүргенде - 3 жыл деп хабарланды. Кейін көлік құнын арзандату жоспарланған.
«Өйткені, көліктің дөңгелектерін Шымкентте, акуммуляторларын Талдықорғанда, орындықтарын Семей зауыттарында жасау жоспарланған», - дейді Қазақстанның өндіріс және сауда министрлігінің әлемдік сауда ұйымына қосылу жөніндегі департамент маманы Жанель Кужукова.
Қазақстанда жиналатын көліктердің бөлшектеріне салынатын қосымша құн салығында жеңілдіктер ескерілген. Бірақ, чех инвесторларына бұл жеңілдіктер жеткіліксіз деген мәлімет бар. Қазақстанның өндіріс және сауда министрлігінің машина жасау бөлімінің бастығы Ғалым Әмреевтің пікірінше, Чехиядағы «Шкода Авто» зауытының өкілдері Қазақстаннан көлікке салынатын салық көлемін ұлғайтуды сұрап отыр.
«Олар біздің мемлекеттен жеңілдік жасауды талап етіп отыр, бірақ біз барлық сұрап отырған жеңілдіктерін бере алмаймыз. Оның бәрі әзірге үкіметте біздің министрлікте қарауда жатыр. Оған нақты шешім қабылданған жоқ», - дейді Ғ.Әмреев.
Астаналық такси жүргізушісі Ляззат Исабекованың сөзіне сүйенсек, Қазақстанда шығарылғансоң, жұмыс күшіне үнемделген қаржыдан машина құны ғана арзандауы мүмкін:
«Қазақстанда алғашында «Нива» жиналған. «Ниваға» қарағанда мынау «Шкода Октавияның» сапасы иномарка ретінде жоғары. Сосын, Чехияда шығарылған «Шкодамен» Қазақстанда шығарылатыны арзан болады деп отыр. Өйткені, жұмыс күші арзан».
Қазір «Шкода Авто» кәсіпорыны «Фольцваген» концернінің төртінші зауыты. Қазақстанда «Шкоданың» 3 моделін құрастыру көзделген: «Октавия», «Фелиция» және чех автоларының соңғы үлгілерінің бірі «СуперБ». Ал жүргізушілер одағының өкілдерінде бұл машиналарға деген ерекше көзқарастары бар. Автомобильдің сапасы тұтынушылардың көңілінен шығатыны екі талай,-дейді олар. Чех мамандары «Шкода» машиналарын жасауға машықтанып алған. Мәселен, Германияда жиналған авто Чехиялық машинамен салыстырғанда сапалы болады,-дейді Астаналық такси жүргізушісі Ляззат Исабекова:
«Мен өзім айдайтын «Мицубиси» Жапонияда шығарылған. 10 жыл болды айдағаныма, қатты сынбайды. Сапасы жақсы, Ал, Қазақстанда шығарылғанын қолдамаймын. Ойлап қарасаң Өзбекстанда шығарылған Корей машинасы «Дэу» дами қойған жоқ».
Көліктердің саны ұлғайған сайын оның өзіндік құны арзандайды да тұтынушыларға жеткен кезде көліктің бағасы төмендейді, дейді жоба авторлары.