Британия премьер-министрі Тони Блэр сәрсенбі күні Ресей президенті Вл.Путинді қабылдады, олар бұл кездесуде екі елдің арасындағы сауда қатынастарын қолдау мен террорға қарсы күш-жігерді үйлестіру мәселелерін талқылады. Бұл екіжақты кездесу пікірқайшылықты бірқатар мәселелердің тігісін жатқызып, үйлестіруге бағытталған Евроодақ-Ресей саммитінен бір күн кейін өткізіліп отыр. Ондай мәселелер қатарында Әндіжандағы қантөгісті қақтығыстарға байланысты Ресейдің Өзбек үкіметіне қолдау білдіріп отырғанымен бірге, Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі келіспеушіліктер бар.
Екі елдің арасындағы сауда байланыстары сейсенбі күнгі саммиттің күн тәртібіне ең өзекті деген мәселе ретінде шығарылып, сәрсенбідегі кездесуде де оның ең басты назар аударылар тақырып боларына уәде етілген болатын. Вл.Путин сейсенбі күні Лондонда өткізген баспасөз маслихатында Ресей мен Британия арасындағы сауда байланыстары кең қанат жайып келеді деп атап өткен-ді. Екі елдің арасындағы сауда айналымы өткен жылы 9 миллиард доллар болған, сөйтіп 2003 жылмен салыстырғанда 43 процентке артқан, Путин мұның өзі алда да арта түседі деп ойлауға негіз береді деген.
Британия Ресейдің қуат көздері саласына қаттты қызығушылық танытып отыр. Энергия секторын дамытуды көздеген Европамен бірге сенімді қуат көзі ретінде барлық назарын Ресейге тігіп отырғандардың қатарында Британия да бар. Путин мен Блэр сәрсенбідегі басқосуда Ресейдің солтүстік Европа газқұбырына қатысуы турасында талқылаулар өткізуге тиіс болатын. Бұл құбырды Ресей Балтық теңізінің түбімен жүргізіп, Батыс Европаға Германия арқылы газ тасымалдауды көздеп отыр.
Сейсенбіде Евроодақ пен Ресей саммитінің барысында журналистер алдында сөйлеген сөзінде президент Путин европалық әріптестер осы құбыр жобасында негізгі роль атқаратындардың қатарында болады ғой дегенді атап айтқан болатын.
- Біз өзіміз үшін стратегиялық шешім қабылдап, европалық әріптестерді Ресей территориясында газ өндіруге қатыстыратын болдық, олар да өз кезегінде бізді электр қуатын Европа террирториясында тарату - бөліс жүйесіне шақырып отыр. Сөйтіп, біз бірлесе отырып, ірі жобаларды қолға аламыз, оның ішінде солтүстік Европа газқұбырын жүзеге асырамыз, бұл бірлескен жаңа шаруа, европалықтар өнімді өндіруден бастап, оны тұтынушыға жеткізгенге дейін бәрін де бақылап отырады, сондықтан да Европа энергиялық тәуелсіздігін жоғалтуы мүмкін деген сыбыс асыра айтқандық, - деп атап өтті Ресей президенті.
Мәскеудегі Британия елшісі Энтони Брентон тероризмге қарсы ынтымақтастық мәселесі де сәрсенбідегі кездесуде сөз болады деген еді. Британия шілде айында астанасы Лондонның орталығында тізбекті бомба жарылыстары орын алғаннан кейін, лаңкестікке қарсы күрес шараларын күшейтпекші болған-ды. Сондай-ақ бақылаушылар Путин мен Блэрдің бұл кездесуінде Ресей мен Британия арасында пікірқайшылығын туғызған кейбір нәзік деген мәселелерге қатысты көрініс берген салқындықты жоюға күш салынады дейді. Ондай мәселенің бірі ретінде Батыстың қауіптенуіне қарамастан, Ресейдің Тегеранның ядролық бағдарламасына қолдау танытуын айтуға болады. Ресей қазір Иранның алғашқы ядролық зауыт құрылысына көмектесіп, Европа одағының Иран мәселесін БҰҰ-ң Қауіпсіздік кеңесінің күн тәртібіне шығару туралы шақыруларына қарсы болуда. Мәскеудегі АҚШ-Канада институты директорының орынбасары Виктор Кременюк Кремлдің Иранға қатысты бағытын былай суреттейді:
- Біз Иран мен біздің арамыздағы ядролық саладағы қарым-қатынастарымызға біреудің араласқанын қаламаймыз. Біз Иранмен келісімдерге қол қойғанбыз, біз оларға ядролық бағдарламасын дамытуға көмектесудеміз, бұның бәрі де келісімдер шеңберінде жүзеге асуда, бұл өте маңызды.
Ресей сондай-ақ Өзбекстанның авторитарлық билігіне Әндіжан оқиғасына байланысты қолдау танытуымен Европа одағының наразылығын туғызып алған болатын. Мәскеу бұл тұрғыда Әндіжан қақтығыстарына халықаралық тергеу-зерттеу керек деген талаптарға қарсы болған-ды. Кременюк бұған байланысты Кремлдің ұстанған бағытын төмендегідей түсіндіреді:
- Ресей қалайда өзінің Орта Азияға қатыстылығын сақтап қалғысы келеді. Ол Әндіжан оқиғасын зерттеп-тексеру комиссиясының құрылуына қарсы болған, өйткені Ресей бұны Өзбекстанның өз ішкі шаруасы деп есептейді.
Кездесуден кейін Блэр мен Путин Ресейдің тамыз айында апатқа ұшыраған суасты қайығын құтқарған британиялық команда мүшелерімен кездесуі тиіс еді.