Ирақтың Киркөк қаласында 1 қараша күні жас бала жанкештілік бомба шабуылын жасаған болатын. Жасы 10-13 арасындағы бала бомбасын Киркөк полициясы бастығының мәшинесі кетіп бара жатқанда жарды. "Азаттық" радиосына сұхбат берген ислам ғалымдары жаңа оқиғаға алаңдаушылық танытып отыр.
Шабуыл жасаған бала қолма-қол қаза тапты, көлік жүргізушісі және көлікте отырған Ирақ ресми өкілі жарақат алыпты. Жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ. Сейсенбі күні атқарылған шабуылда Ирақ көтерілісшілері жас баланы тұңғыш рет камикадзе ретінде пайдаланып отырса керек. Жас баланың жанкештілігі әлем бойынша алаңдаушылық тапты. Тәжікстан Ислам орталығының жанындағы ФАТВА ұйымының басшысы Құдайберді Егемберді, мәселен, "Азаттық" радиосына былай деді:
- Бұл ислам жолындағы іс емес, ислам адам баласына өзіне өзі қол салуға рұқсат бермеген. Бұл террорлық қимыл боп табылады. Бәлкім олар балаға және оның ата-атанасына бірдеңке уәде еткен шығар, Ислам діні мұндайды қабылдамайды.
Ташкенттегі белгілі діндар адам Мұхамад Содық Мұхаммад Юсуф жанкештілік шабуылдарға шариғатта тиым салынған, жанкештілік шабуылдарға әйелдер мен балаларды қатыстыру тіпті үлкен кінә болып табылады дейді. Мұндай пікірді радиомызға берген сұхбатында Қырғызстан мұфтиі Мұраталы-қажы Жұманов та айтып отыр.
Сонымен қоса, "Азаттық" радиосына берген сұхбаттарында жас балаларды жанкештілік шабуылдарға араластыру үрдісіне Қырым татарлары Мәжілісінің төрағасы және Украина парламентінің мүшесі Мұстафа Джемилев, Қабұл имамдарының бірі Фәрид Мұхаммад Омар сөгіс айтып жатыр.
Жас бабаларды жанкештілік шабуылдарға қатыстыру үрдісі мұның алдында 1980 жылдары Иран-Ирақ соғысы кезінде және Таяу Шығыс қақтығысында болған. Ирақ танкін ұрыс алаңында өзімен бірге жарып жіберген 13-жасар Мұхаммад Хұсейн Фахмиди Иранда соғыс батыры ретінде дәріптеліп келеді. Бірақ халықаралық келісімдер бойынша соғыс ұрыстарына балаларды қатыстыруға қатаң шектеу қойылған. БҰҰ Балалар мәселелері жөніндегі ұйымы ЮНИСЕФ-тің өкілі Дэмиент Персонназ Ирақтағы оқиғаға қатты алаңдап отырмыз дейді:
- Қақтығыстардағы еш бір тарап балаларды ешбір соғыс қимылына, ешбір бомба шабуылдарына, ешбір жанкештілік шабуылдарға қатыстырмаса жөн. Осыны әр қашан есте сақтасақ жөн.
Балаларды, жалпы жасы 18-ге жетпеген жасөспірімдерді соғыс қимылдарына қатыстыруға БҰҰ Балалар құқықтары жөніндегі конвенциясында тиым салынған. Бұл жайында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қаулысы да бар. Әлем бойынша қазіргі таңда 300 мыңдай бала қақтығыс аймақтарында соғыс қимылдарына қатыстырлып жүр деген есеп бар.