Әлемнің 30 шақты ықпалды тұлғалары бейсенбі-жұма күндері Чехия астанасы Прагада бас қосып, бұрынғы социалистік елдердегі өтпелі саяси кезең мәселелерін талқылады. "Мадрид конференциясының Клубы" деген ұйымның Прага жиынына Сорос қорының құрылтайшысы Джордж Сорос, Чехияның бұрынғы президенті Вацлав Гавел сияқты тұлғалар қатысты. "Мадрид конференциясы Клубының" жыл сайынғы жиынында бұрынғы Совет Одағының елдерінде демократиялық өзгеріс баяу жүріп жатқанына алаңдаушылық танытылды.
Жиынға АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон, Францияның бұрынғы бас министрі Лион Джоспин сияқты ықпалды тұлғалар қатысты. Екі күн бойы жұмыс істеген конференцияның мақсатын Канаданың бұрынғы бас министрі Ким Кемпелл қортындылады. Қортынды баспасөз мәслихаты жұма күні Чехия сыртқы істер министрлігінде өтті:
- Біздің мақсатымыз екі ұдайы. Біріншіден, Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі өтпелі кезеңді біліп отырғымыз келеді, бұл құбылыс туралы жұртты хабардар еткіміз келеді. Және осы елдерде демократиялық өтпелі кезеңде кездесіп отырған қиындықтар мен соңына жеткізілмеген істерді саралағымыз келеді. Сол сияқты, бұл елдердің тәжірибелерінен қортынды шығарғымыз келеді, ол демократиялық өзгерісті мұқтаж етіп отырған әлемнің басқа елдерінде қажет болуы мүмкін.
Ким Кемпелл демократиялық өзгерісті мұқтаж етіп отырған аймақтардың қатарында ислам елдерін, Африка және Латын Америка елдерін атады.
Конференцияда негізгі әңгіме бұрынғы совет елдеріндегі демократиялық өзгеріс мәселелері жайында айтылды. Ең үлкен мысал ретінде – былтыр демократиялық революцияны іске асырып, саяси жаңаруға бет алған Украина жағдайы қаралды. Америкалық миллиардер Дордж Сорос Украина және Грузиядағы демократиялық революциялар жайында талдау жасап, бұл барша постсоветтік кеңістікке демократиялық үміт береді деді. Бірақ демократиялық құбылыс Украинада әлі аяқталған жоқ, қате жолға түсіп кету қаупі бар делінді:
- Демократия бір ғана революциядан жасалмайды. Революция демократиялық дамуға жол ашады. Украинада өміршең заң жүйесі және заң мәртебесі жетпей тұр. Бұл бір-екі күнде дүниеге келмейді. Міне, қызғылт-сары революцияның қиындыққа тап болып отырған жері осы.
Грузия мен Украинадағы демократиялық революциялар демократиялық өзгерісті қалайтын көрші елдерге жақсы мысал беріп отыр деген сөзді конференцияда Ирландияның бұрынғы президенті Мери Робинсон да айтты. Бұл жерде Беларус еліндегі саяси текетірес қаралды. Беларуста нағыз тоталитарлық билік орнатылған, сондықтан Беларус оппозициясы алдағы сайлауда жеңіске жете алады деген үміт жоқ, дейді Джордж Сорос. Беларустағы ішкі жағдайға Ресей қатты әсер етіп отыр, Беларустағы өзгеріс мүмкіншілігі Ресейдегі құбылыстарға тәуелді делінді.