Сенбі күні кешкісін Алматыдағы өз үйінде Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің бұрынғы төрағасы Заманбек Нұрқаділовтың жансыз денесі табылғаны туралы суыт хабар тарады. Сол күні түнде бұл ақпаратты Алматы қалалық ішкі істер департаментінің бастығы генерал Молдияр Оразалиев те растады. Оның айтуынша, марқұмның денесінде оқ жарақатының ізі қалған және мәйітінің жанында «Кобальт» тапаншасы табылған.
Ал, жексенбі күні Нұрқаділовтың зайыбының адвокаты Серікқали Мусин осы оқиғаға қатысты баспасөз өкілдеріне, марқұмның денесіне үш жерден оқ тигенін хабарлады. Әзірге бұл жұмбақ өлім кімнің қолынан болды деген сұрақ жауапсыз қалып отыр.
Заманбек Нұрқаділовтің кенеттен қаза болуына қатысты жексенбі күні сағат 13-те баспасөз өкілдерінің алдына шыққан Алматы қалалық ішкі істер департаментінің бастығы генерал Молдияр Оразалиев қазақ және орыс тілдерінде қағазға жазылған баспасөз хабарламасын оқып берді:
«2005 жылы қарашаның 12-күні 19 сағат 31 минутта Алматы қаласының ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығына «Жедел дәрігерлік жәрдем» қызметінен Луганский көшесіндегі №105-үйден 1944 жылы туған азамат Заманбек Нұрқаділовтың оқ жарақаты бар мәйіті табылғаны туралы хабар келіп түсті бізге. Сонымен қатар, ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығына аталған үйдің күзетшісінен де осындай ақпарат келіп жетті. Оқиға орнына Алматы қаласының ішкі істер департаменті мен Медеу аудандық ішкі істер бас басқармасының басшылығы және кезекші жедел-тергеу тобы, қалалық прокуратура басшылығы келді. Оқиға орнын тексеру барысында мәйіттің жанынан азамат Нұрқаділовке тиесілі «Кобальт» маркалы тапанша табылды. Сыйға берілген бұл тапанша 1998 жылы ҚР Ішкі істер министрлігінің рұқсаты бойынша азамат З.Нұрқаділовтың үйінде сақтаулы тұрған».
Сондай-ақ, генерал М.Оразалиев оқып берген жазбаша ақпаратта Нұрқаділовтің үйінің ауласында орнатылған 16 бейнекамерадағы жазбаларды тексеру барысында оқиға болған күні ауланың ішіне бөгде адам кірмеген деген қортынды жасауға негіз бары айтылған. Ал, мәйіттің қандай күйде табылғаны, үйден тапаншадан өзге қандай айғақ заттар алынғаны, қанша рет оқ атылғаны туралы және журналистер тарапынан қойылған өзге де сұрақтарды генерал жауапсыз қалдырды.
Заманбек Нұрқаділовтың отбасының адвокаты Серікқали Мусиннің айтуынша, сенбі күні сағат 18-дер шамасында Заманбек Нұрқаділовтың зайыбы Мақпал, күндегі әдетінше, ауланың ішіндегі екінші үйде отырған жұбайын кешкі асқа шақырыпты. Алайда, отағасы балконнан «сендер өздерің асқа отыра беріңдер, мен кейінірек барамын» деп жауап берген және осы кеште өзінің теледидардан футбол ойынын көруге ниеті барын білдіріпті.
«Арада қырық минут өткенде Заманбек мырзадан ешқандай хабар болмаған соң, оны шақырмақ болып барған Мақпал үйдің бірінші қабатындағы бөлмеде қанға малшынып жатқан өлі денені көріп, жанұшыра айқайлап сыртқа шығады. Сонан кейін ресми орындарға хабар берілген».
Адвокат Мусин, марқұмның денесіне үш жерден оқ тигенін хабарлады. Оның айтуынша, сол жақ омырау тұстан тиген екі оқ кеудені тесіп өтіп, орындықтың арқалығына қадалған, ал басына атылған тағы бір оқ бас сүйекті тесіп шыққан. Серікқали Мусиннің айтуынша, оқиға болған жерден оқ тескен кішкене жастық табылған.
«Ол жастықты оқ тескен, оқты сол жастықтан атқан секілді. Барлық табылған айғақтар – оқтар мен жаңағы жастықты тергеу жүргізіп жатқандар алды».
Осы жайттардан кейін Заманбек Нұрқаділов өзін-өзі өлтірді деген байлам жасау өте күмәнді болар еді дейді адвокат Мусин. Оның айтуынша, марқұмның туған-туыстары қазірде мәйітханада жатқан Заманбек Нұрқаділовтың мүрдесіне тексеру-сараптама жүргізетін сот тобының құрамына тәуелсіз сарапшыларды қосуды талап етпек. Сондай-ақ, адвокаттың айтуына қарағанда, тергеу тобы жүргізген тексеру кезінде үйдің екінші қабатынан табылған дипломаттың ішінен Макаров тапаншасы шыққан.
«Бірақ, оның кімдікі екені және ол қарудан оқ атылған ба, жоқ па – ол жағы маған әзірге беймәлім», - дейді С.Мусин.
З.Нұрқаділовтың кенеттен болған қазасы туралы құлақтанып үлгерген жұртшылық марқұмның жұмбақ өліміне байланысты түрлі жорамалдар айтып жатыр. Журналист Гүлжан Ерғалиева бұл өлімнің саяси қастандық болуы ықтимал деген өз ойын айтады:
«Елде президент сайлауы алдындағы науқан жүріп жатыр, Заманбек Қалабайұлының мінезі мен ұстанымын білгендіктен, бұл өлімнің саяси астары болуы мүмкін дегенді жоққа шығармаймын».
Жексенбі күні Қазақстанның мемлекеттік ақпарат құралдары республика президенті Н.Назарбаевтың Заманбек Нұрқаділовтың қазасына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдағанын, сондай-ақ, президент Қазақстанның заң орындарына бұл қазалы оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, анықтау үшін тапсырма бергені жайлы хабарлады.
Жасы алпыстан енді асқан шақта қазаға душар болған Заманбек Нұрқаділов ұзақ жылдар бойы Қазақстанда жоғары лауазымды қызметтерде жұмыс істеді. Президент жарлығымен әр жылдары Алматы қаласы мен облысының әкімі болып тағайындалды, сайлауда додаға түсіп, парламент депутаты болып та сайланды. Ал, Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы қызметінде жүріп, 2004 жылы наурыз айында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатын сынға алып, елде сыбайластық пен отбасылық басқаруды енгізген авторитарлық жүйе орнағанын айтып, мәлімдеме жасағаннан кейін көп ұзамай, үкімет қаулысымен ол «қызмет міндетін дұрыс атқармады» деген желеумен жұмыстан босатылған-ды. Онан кейін Нұрқаділов Қазақстандағы сыбайласқан жемқорлықты әшкерелейтін қоғамдық комитет құрып, оның жұмысына жетекшілік ететінін мәлімдеді. Ол сондай-ақ, Қазақстанда биыл жыл басында құрылған оппозициялық «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының құрылтай комитетінде мүше болды. Алайда, соңғы уақытта Заманбек Нұрқаділов қоғамдық қызметке көп араласпай, ел ішіндегі саяси шаруалардан шет қалып жүрген еді.