Қазақстанда президент сайлауына санаулы күндер қалғанда елдегі полиция қызметкерлері республика аумағынан кейбір шетелдік азаматтарды шығару ісін белсенді түрде қолға алды. Апта басынан Қаақстанмен көршілес - Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің азаматтары қазақ жерінен шығарылды. Ал, қарашаның 30-күні Алматының көші-қон полициясы қаладағы Ә.Қастеев көшесіндегі №3-үйден, Қазақстандағы президент сайлауын бақылау мақсатымен келген Украинаның 6 азаматын ұстап, олардың төлқұжаттарын алып қойды. Украиндық азаматтардың барлығының қолында Қазақстанда уақытша тұруға құқық беретін, көші-қон полициясы берген құжаттары болған еді. Ал, бейсенбі күні көші-қон полициясы әлгі алтаудың үшеуінің Қазақстанда қалу мерзімін қысқартып, оларға желтоқсанның 3-іне дейін республика аумағынан кетулері керектігін ескертті.
Сәрсенбі күні түстен кейін Алматыдағы Ә.Қастеев көшесіндегі №3 үйге келген Алматы қалалық көші-қон полициясының офицерлері осы жерден Украинаның 6 азаматының төлқұжаттарын еш себебін түсіндірместен алып қойғаны туралы хабар алысымен, аталған мекен-жайға жеткенімізде, шетелдік алты жігіттің жанында Украинаның Алматыдағы бас консулы Сергей Шидловский полиция адамдарынан өз елінің меншігі болып табылатын әлгі төлқұжаттарды беруді талап етіп тұр екен. Ал қазақстандық заң өкілдері украин азаматтарын Алматының көші-қон полиция бөліміне алып кетпек болып әрекеттеніп жүрді.
Осы аты жігіттің бірі – Игорь Легкодымовтың «Азаттық» тілшісіне айтуынша, ол Киевтегі жастарды зерттеу орталығы атты қоғамдық ұйымынан екен. Мұнда «Қазақстанның Жастар ақпараттық қызметі» бейүкіметтік ұйымының шақыруы бойынша келіпті, мақсаты – қазақстандық жастар арасында пікірталас өткізу. Сонымен бірге шетелдік жас жігіт Қазақстандағы президент сайлауының өту барысына да қызығушылығын жасырмады.
«Мен Қазақстанға заңды жолмен келдім. Қолымда көші-қон полициясынан алған, менің осы елде желтоқсаның 25-іне дейін қалуыма рұқсат беретін тиісті құжат та бар», - деді Игорь.
Алматыдағы Ә.Қастеев көшесіндегі дәл осы №3-ші үйге бұдан бір апта бұрын ғана көші-қон полициясының 5 адамы келіп кеткен еді. Сол жолы үйде болған екі жігіттің бірі Виктор Штепа, ол күні де полиция өздерінен төлқұжаттарын беруді талап еткенін, алайда сол жолы төлқұжаттарын оларға бермей, аман алып қалғандарын айтады.
«Ал бүгін бұлар төлқұжатты қолымыздан жұлып алды», - дейді Виктор.
Арада бір жарым сағаттай уақыт өткенде көші-қон полициясының өкілдері украин азаматтарына осы жекрде тұрған полицияның шағын автобусына отыруды табанды түрде талап ете бастады. Бұл жолы олар бас консулдың да, басқалардың да наразылығына қараған жоқ – алты жігітті автокөлікке салып, Алматы қалалық көші-қон полиция басқармасына алып кетті.
Шетелдік алты азаматты сәрсенбі күні кешке дейін ұстаған көші-қон полиция басқармасы олардың тек үшеуінің ғана төлқұжатын қайтарыр берді. Ал Игорь Легкодымов, Виктор Штепа және Назар Зелинка есімді Украин азаматтарына Қазақстан аумағынан оларға алғашқы рұқсат етілген мерзімінен бұрын кету керектігі ескертілген. Оның себебін бейсенбі күні «Азаттық» радиосына Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөзбен байланыс бөлім бастығының орынбасары Ернұр Уәли мырза былай деп түсіндірді:
«Ол азаматтар қазақстандық бір жастар ұйымының шақыруы бойынша, осындағы президент сайлауына қатысты бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу мақсатымен келген. Бірақ, тексере келгенде олардың өз редакцияларынан алған ешқандай тапсырмасы жоқ екендігі анықталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінде аккредитациядан ресми түрде өтпегені мәлім болды. Сондықтан, мұндай жағдайда қолданатын өзіміздің ішкі бұйрықтырмыз бар, Ішкі істер министрлігінің берген. Сол министрлігіміздің 2004 жылғ бұйрығына сәйкес, Алматы қаласы ішкі істер департаментінің көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлері осы үш азаматтың елге келу уақытын қысқату туралы шешім қабылдады. Бұл уақыт – үстіміздегі жылдың 3-желтоқсанына дейін қысқартылды».
Алматы полициясының хабаралуынша, «Құқық тәртібі» арнайы шарасы барысында соңғы аптада 245 шетелдік және азаматтығы жоқ адам республика аумағынан шығарылған. Заң орындары арнайы шараны президент сайлауына дейін және одан кейін де жалғастырмақ. Қазақстанда президент сайлауы алдағы жексенбі - желтоқсаның 4-інде өткелі отыр.