Ақ үй АҚШ президенті Д.Буш Ирақтағы Американың қызметі жайында мақтап-дәріптейтін, жағымды тұрғыдағы мақалалар жазу үшін Пентагон жекелеген келісім-шарттар бойынша ақша төлеп тұрған деген Ирақ басылымдарындағы хабарларға байланысты қатты қиналыс білдірді деп айтқан. АҚШ-тың қорғаныс хатшысы Доналд Рамсфелд мұндай мақалалар зерттеліп-тексерілуі тиіс және журналистер Ирақтағы жағдайды шын мәніндегіден де нашар етіп жазуда деп атап көрсетті.
Рамсфелд жаңалықтар тарататын ақпарат құралдары Ирақ турасында тым нашар деген жаңалық хабарларға өте көп көңіл бөледі де, Ирақтағы жақсы жағдайларды, мәселен, мектептердің салынып жатқаны, ел экономикасының өсе түскені жайындағы хабарларды мүлдем бермейді, ол жөнінде тым аз жазады дегенді айтты.
Джон Хопкинс атындағы мектепте болған кезінде Рамсфелд мынандай бір салыстырмалы дерек келтірді, оның сөзімен айтқанда "жыл сайын болып жатататын жол-көлік оқиғаларында қаза табатын американдықтардың саны, соңғы үш жылдың ішінде Ирақтағы соғыста қаза тапқан жасақтардан көп". Және, деді ол, басылымдар Ирақта 2100-ден астам АҚШ әскерінің құрбан болғанына да тым көп көңіл аударатын мақалалар жариялап отыр.
Қорғаныс министрі бұған байланысты басқа бір мысалды "Лос-Анжелес таймс" газетінде Американың Ирақтағы келбетін жарқын да, жарық етіп көрсету үшін журналистерге ақша төленеді деп жазылған мақаланы келтірді.
- Бұл хабар БАҚ-да бірден назар аударады, бұндай нәрсе басылымды қатты қызықтырады, өйткені, ол БАҚ турасында және олар оны ұнатады. Бірақ, біз қандай фактілердің бар екендігін білмейміз. Ирақтағы АҚШ әскерлерінің жоғары қолбасшыларының бірі, генерал Кэси зерттеулер жүргізіп жатыр. Және мұндағы проблема сол - мәселе әлемге таралып кетті және ол қайта-қайта жалғасуда, біз болсақ, ол қандай деректер және олар қайда дегенді табу үшін бар күш-жігерді салып жатырмыз.
Рамсфелд әзірге антиамерикандық пропагандаға қарсы бағдарлама жасалды, бірақ оның ықпалы қалай боларлығы әлі күмәнді деген. Ол Американың Ирақтағы және әлемнің барлық жеріндегі жаулары АҚШ-тың Ираққа кіруін ең жаман деген нашар тұрғыда көрсетуге тырысып бағуда деп атап көрсетті.
Қазіргі уақытта, дейді Рамсфелд, БАҚ-тар Ирақтағы табыс ретінде мұнда террорлық шабуылдардың жоғалғанын көрсетпеуі керек, оның орнына елдің инфрақұрылымы дамып келе жатқанына көңіл бөлуі қажет деп атап көрсетеді. Қазіргі кезеңде Ирақ халқы болшаққа үлкен сеніммен қарайды дейді АҚШ қорғаныс хатшысы. Сонымен бірге ол АҚШ-тың Әл-Қаида немесе басқа да жаулары төңірегінде кеңінен таралып жатқан өтірік-жалаларға қарсы қоғамдық дипломатия қолданылуы тиіс дегенді айтты. Дегенмен де Рамсфелд американдықтар әлі күнге қоғамдық дипломатияның өзі қандай болуы керек дегенді зерттеу үстінде екендігін де мойындаған.
- Американ халқы көп тілдерді білуде онша жоғары тәжірибе жинақтамаған, біз басқа елдердің мәдениеті мен олардың түрлі проблемаларын онша біліңкірей бермейміз. Және біз бірнеше жылдан бері Пентагонда алдағы уақтты маңызды болады деген тілдерді оқып-үйренуде жұмыстар жүргізіп келеміз, бұл ретте табысқа жеткен адамдар марапатталады, - деді ол.
Десек те, Вашингтондағы Джорж Вашингтон университетінің қоғамдық істер және медиа профессоры Марк Фелдстеин бұл уәж соншалықты бір көз жеткізетіндей емес дегенді айтады. Ол "Азаттық" радиосына берген сұхбатында көпшілік бұқараның пікірі қандай болсын соғысқа қарсы деп атап көрсетеді. Сонымен қатар ол Ирақ журналистері мен газеттеріне халықтың мақұлдауына ие болу үшін ақша төлеу деген лайықты, таза жол емес дейді.
- Мұнда АҚШ жасаған насихат болды, тілшілерге газеттерге ақша төлеу арқылы адастырумен жасалған американдық пропаганда. Менің ойымша, мұнда ирониялық шынайы бір нәрсе бар, біз демократияны дамыту үшін бостандық пен баспасөз бостандығын дамыту үшін Ирақтағы істі аяқтауымыз керек, біз мұнда насихаттық науқанының бұндай түрімен баспасөз бостандығын бұзамыз.
Фелдстеин ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін журналистердің өздері жазған мақаланы түгелдей немесе оның кейбір деректерін жасырып қалуына болады деп атап көрсетеді. Дәл осындай әдісті бұл ретте үкіметтердің де соғыс жағдайында қоғамдық дипломатия мен насихатты жеңіске жету жолында қолдануына болады дей келе, бірақ қазіргі жағдайда журналистика мен насихаттың бір-бірімен қиылысуы қажет емес деп атап көрсетеді.
- Насихатты ашық қолдану бұл үкіметтердің тәсілі, оны жасап, шешім қабылдау үшін, бірақ бұл журналистер үшін емес, оған олардың қатысуының қажеті жоқ. Ирақтағы журналистер Америка үкіметімен байланысты болғаны анық, олар кейбір пропаганда үлгілеріне қатысқан, - деген, Фелдстеин Америка үкіметі шындық біздің жағымызда, кез-келген либералды демократия жағында деп келді, егер шындығында солай болса, Американың жасырын насихатты қажетсінетіндей реті жоқ деп түйіндейді өз сөзін.