Ауғанстан мен Американың бірлескен тұңғыш театр жобасы өзінің халықаралық өнер сапарын Нью-Йорк қаласында жаңа қойылыммен жалғастыруда. Токио мен Балтиморда табыспен өткен "Айнаның аржағында" деп аталатын қойылымды Кабулдағы қашқындар театры және Нью-Йорк театры сахналаған болатын. Бұл шығарма оккупация мен соғыс жалғасқан Ауғанстанның өткен отыз жылдық тарихына арналған. Онда адамдардың аңыз бен шындыққа толы өмірі, ән мен музыка, фильмдердің үзінділерімен астасып беріледі. "Айнаның аржағында" қойылымы бір сөзбен айтқанда үміт пен үмітсіздік тайталасқан өмірдің келбетін көз алдыңызға келтіреді.
Жалпы, "Айнаның аржағында" жобасының негізі алғаш рет Пәкістанның солтүстігінде 2002 жылдың көктемінде қаланған болатын. Манхеттен көше театры Ауғанстанның босқын балалары үшін қойылым әзірлеу барысында ауған артистерінің бір тобын кездестірген, сөйтіп әріптестік достық жағдай қалыптасқан-ды.
Манхеттен көше театрының көркемдік жетекшісі және "Айнаның аржағында" жобасы жетекшілерінің бірі Джоанна Шерман аталған екі топ ынтымақтаса жұмыс істеді және АҚШ-тың артистерге қолдау көрсету жөніндегі ұлттық таланттар қорынан берілген гранттың арқасында "Айнаның аржағында" қойылымы дайындалып, оны Ауғанстан, Жапония, АҚШ-та көрсету мүмкін болды дейді.
- Адамдар қайран қалып, таң-тамаша болды. Біз қойылымды жалғастыра отырып, көрермендердің сұрақтарына жауап беріп, олармен тікелей әңгімелесулер барысында елдің Ауғанстан туралы білгісі келетінін байқадық. Олар онда проблема болғанын ұмытпаған. Мұндағы жағдайлар Ирақта болған жайттармен ұқсас екендігін және адамдар бұл тарихтың аяқталмағанын да біледі. Ауғанстанда не болды, ондағы адамдарға не болды? Міне, біздің бұл шығарманы мұнда қойып жатқанымыздың бір себебі осы. Өйткені, біз Ауғанстан туралы дұрыс емес тұжырымдарды айқындағымыз келді.
Мұнымен бірге АҚШ мемлекттік департаментінің гранты екі топтың Ауғанстан студенттеріне арналған білім бағдарламасын дамытуына мүмкіндік туғызды. "Айнаның аржағында" жобасы Ауғанстанда шын болған адамдардың басынан өткен оқиғаларға құрылған. Оқиға 1979 жылы Ауғанстанға Совет одағының кірген кезінен басталып, қазіргі уақыттағы жағдаймен аяқталады.
- Махмұд Салими екеуміз мұнда болған жанжалдар, хронологиялық оқиғалар турасында айтамыз деп келісіп, шешім қабылдадық. Және ол барлық шындық жайттарға жалғасты, бұл бір үзік-үзік көрсетілім емес. Оның бәрі біз сұхбаттасқан жай адамдардың түрлі оқиғалары, олардың бәрін актерлер ойнап, түрлі провинцияларда жалғастырды, - дейді Джоанна.
Бонд Стреет театры 1976 жылы құрылған. Оған қарағанда Ауғанстан қашқындар театрының тарихы қысқалау болғанымен, ол өте қызықты. Махмұд Салими бұл компанияның негізін қалаған, 30 жастағы азамат.
- Ауғанстанда Талибан режимі билік құрған кезде біз Пәкістанда заңсыз түрде босқындар болып тұрып жаттық. 2000 жылдың наурыз айында Қашқындар театрын құрдық. Онда біз 12 адам едік. Қазір теледидардан, кинодан, театрдан және басқа да жерлерден біздер тартқан адамдармен бірлесе жұмыс істеудеміз. Мақсатымыз - Талибан тұсында құрып кеткен Ауғанстанның театр өнерін қайта қалпына келтіру еді, - дейді ол.
Салими біз жұмыс істей бастағаннан екі жылдан кейін бір топ қарулы адам босқындар лагеріне келіп, қойылымдарды тоқтатуымызды талап етіп, ескерту жасады дейді. Ал, 2003 жылы театр Кабулға көшіп барды. Қашқындар театрының ұлты тәжік актрисасы Аниса Уахаб Ауғанстан театрындағы санаулы ғана әйелдердің бірі. Уахаб Ауғанстанда өнер адамдарының жағдайы биліктен кетірілген Талибан тұсында қандай күрделі болса, әлі де керемет жақсарып кете қойған жоқ, дегенмен де артист әйелдердің қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік туды дейді.
- Ауғанстанда қазір әйелдерге деген жағдай жақсарды. Олар жұмыс істей алады. Мен теледидарда көрініп, сахнаға шыға аламын. Бұл тұрғыда менің отбасым жағынан ешқандай проблема жоқ. Және үкімет жағынан да ешбір қысым жасалмайды. Үкімет қазір актерлерге қолдау көрсетуде. Олар шығармашылық жұмыс істей алады.
Уахаби Ауғанстан теледидардында 1960 жылдары шыққан алғашқы жұлдыздардың бірі, кейінірек ол көбінесе комедиялық роль ойнайтын актрисаға айналды. Ол өзін Кабул көшелерінде адамдардың қазір де танып, амандасып жататындығын айтады.
Салими Нью-Йорктегі күндердің, қарбаласты қызықты өткендігін айтады. Ол достарымен бірге Бродвейдің кейбір қойылымдарын тамашалап, жақсы демалдық дейді. Бірақ, мұндай үлкен қаладағы көптің ішінде кей адамның өзін жалғыз сезінетіндей алаңдаушылыққа куә болғанын да жасырмайды.
АҚШ баспасөзіндегі шолуларда "Айнаның аржағында" қойылымы турасында жылы пікірлер көптеп жазылды. "Нью-Йорк таймс" басылымы артистерді арзан күлкі-әжуамен қаруланған бейбітшілік елшілері деп атады. "Айнаның аржағында" жобасы жақын болашақта Европа елдеріне сапар шекпекші.