Румыния мен Құрама штаттар бұрынғы совет елдерінің құрамында болған шығыс еуропалық елде бірінші рет Американың әскери базаларын орнықтыру жөніндегі келісімге қол қойды. Америка осыған дейін Совет одағының бұрынғы елдерінің бірі - Қырғызстанда әскери базасын құрса, оған көрші Өзбекстан елінен американдық жасақтар шығарылып жатқаны мәлім. Сөйтіп, әлемнің көптеген елдерінде әскери базаларын орналастырған АҚШ-қа тағы да шетелдік базаларды құру қажеттігі қанша?
Румыния президенті Трайан Базеску өз елінде американдық әскери база құруға келгендерді жақсы қабылдаған. Бухарестке АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райстың сапармен келуіне орай өткен баспасөз мәслихатында, президент Басеску Румынияның халықаралық қауіпсіздік ісінде айтарлықтай роль атқаратын мүмкіндігін қош көретінін айтқан.
“АҚШ әскери базасын ашу жөніндегі бұл келісім Румынияға ғаламдық қауіпсіздік жүйесіне маңызды үлес қосуына жол береді. Бұл келісімге қол қойылған соң, парламент оны бекіткенде, Румыния осы аймақтағы тұрақтылық тірегі болады”, - деген Румыния президенті.
Румыниядағы АҚШ-тың базасымен және оған көрші Болгарияда да оны құру жоспарлары - Құрама Штаттарға президент Джордж Буш айтып келгендей, Таяу Шығыстағы терроризммен күресте жеңілірек болу мүмкіндігін береді. Ресми София болса, Құрама Штаттармен өз аймағында американдық базаларды орналастыру жөніндегі келіссөздерін наурыз айында аяқтайтынын айтуда.
Ал осы тұста Құрама Штаттар әлі де Қырғызстандағы әскери базаны алдағы болашақта да пайдалана бермек. Ал, бұл аймақта американдықтардың болуы ол жерде айқын алаңдаушылық тудырып отыр. Уашингтонда орын тепкен Като институтының қорғаныс және сыртқы саяси зерттеулер жөніндегі вице президенті Тед Гален Карпентер:
“Орта Азияға қатысты менің ойымша, бізде екі мақсат бар, осы базаларды қосқанда мақсатымыз үшеу болуы мүмкін. Әлбетте, біз Орта Азияда базаларды аймақтағы Талибан мен Әл-Қаида жасақтарына қарсы операциялар үшін керек етеміз. Бірақ, Орта Азияда базалардың болуы сонымен қатар, Қытай мен Ресейге бұл Американың осы саладағы айтарлықтай ықпалы екенін байқатып хабар жолдайды”, -дейді ол.
Карпентердің айтуынша, Қырғызстанда американдықтардың болуы Ресейдің ызасына тиіп отыр. Бірақ оның пікірінше, президент Владимир Путиннен де елдегі бұрынғы советтік тәртіпті ұстанған саяси элитадағылардың көбі оған қатты наразы. Өйткені, ол элита әлі де АҚШ-қа сенбей қарайды.
Карпентердің айтуынша, ресейліктердің бұлай қабылдауы толығымен осылай емес. Оның пікірінше, Құрама штаттар стратегиясының бір бөлігі – оның таяуда ғана қарсыласымыз деп атағандай өз-өзін демократиялық жолмен әрі Батыстың досы ретінде дәлелдеуі керек деген Ресейді де қамтуы керек.
Бұл тұрғыда Путин мен басқа да ресейліктердің көрші аймаққа Батыстың ықпалы артып бара жатқанына алаңдаулы екенімен, Уашинтгондағы тағы бір саяси зерттеулер орталығының маманы Джеймс Гудбай да келіседі. Оның «Азаттық» радиосына айтуынша, Путин Батыстың ол қоршап алу стратегиясын, Қытай мен қарым-қатынасын жақсартып, бұрынғы Совет елдері Орта Азия мен Кавказ елдерімен байланысын кеңейтіп барып қабылдауға дайын дегенді айтады.