Қазақстандағы бизнестің 60 %-дан астамы көлеңкелі экономика жағдайында жұмыс істейді. Бұл жөнінде желтоқсанның 14-күні Қазақстан кәсіпкерлері кеңесінінің төрағасы Райымбек Баталов мәлімдеді. Бизнесті қалтарыстан шығару бойынша Қазақстан кәсіпкерлер форумы арнайы бағдарлама әзірлеген. Ал бұл уақытта Президент жарлығымен Бас прокуратура жанынан көлеңкелі экономикаға қарсы қаржы мониторингі атты арнайы комитет жасақталуда деді «Азаттық» радиосына Бас прокурордың кеңесшісі әрі оның Парламенттегі өкілі Роза Досымбекова. Алайда, кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері кезекті мемлекеттік қадағалаушы органның құрылуына күмәнмен қарайды.
Жалпы ішкі өнімге шаққандағы көлеңкелі экономика көлемі дамыған елдерде орта есеппен 12 пайыз, дамушы елдерде 39,6 пайыз. Ал Африка мен Латын Америкасының дамушы елдерінде бұл көрсеткіш 70 пайызға дейін көтеріліп, ең жоғарғы деңгейге жеткен. Ал Қазақстанның ресми мәліметтеріне қарағанда, республикадағы көлеңкелі экономика мөлшері 2005-ші жылы 21 пайызға дейін төмендеген.
- Дегенмен, соңғы ақпараттар мен сауалнамаларға қарағанда, Қазақстандағы бизнестің 60 пайыздан астамы қалтарыста, - дейді Қазақстан кәсіпкерлер форумының төрағасы Райымбек Баталов.
Мұндай деректі Алматы кәсіпкерлер қауымдастының төрағасы Тимур НАЗХАНОВ та қуаттайды. Оның сөзіне қарағанда, ең үлкен көрсеткіш республиканың орталық аймақтарында байқалса, ең төмені - 33 пайыз батыс облыстарда тіркелген:
- Неліктен олар көлеңкеде істейді? Себебі, ең алдымен салық саясатымен байланысты. Әсіресе шағын бизнес үлкен салықтарды көтере алмайды. Сондықтан, көлеңкеде жұмыс істейді. Екіншіден, бизнеске рұқсат беру және олардың қызметін қадағалауда үлкен кедергілер болғандықтан, кәсікерлер көлеңкеде істеген тиімді деп ойлайды. Сондықтан, бұл жағдайды өзгерту керек.
Ол үшін республикадағы кәсіпкерлер қауымдастықтары 3 жылға есептелген бизнесті көлеңкелі экономикадан алып шығу бойынша арнайы бағдарлама әзірлеген. Қаңтар айында қабылдануы тиіс бұл құжат төрт бөлімнен тұрады дейді Алматы кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы:
- Онда салық саясаты, кеден саясаты, кәсіпкерлерге көмек беру инфрақұрылымын енгізілуі және рұқсат беру саласында қандай жұмыстар жасалуы керектігі қамтылған. Кейбір мәселелерді шешу үшін заңдарға өзгерістер енгізу керек пе, әлде облыстарда мемлекеттік органдар немесе әкімдер осы мәселелерді шешуі керек пе? Сөйтіп, сол мәселені екіге бөлейік деп едік.
Қазақстандағы бизнестің 60-70 пайызының көлеңкелі экономикада екендігін Қазақстан Бас прокурорының кеңесшісі әрі оның парламенттегі өкілі Роза ДОСЫМБЕКОВА да мойындайды. Оның айтуынша, оған қарсы тұру үшін қазір арнайы мемлекеттік орган құрылып жатқан көрінеді.
- Бұл мемлекеттік орган Президент жарлығымен жасақталатын болады. Қазір бұл бойынша Бас прокуратураға тапсырма берілді. Ол үшін бюджеттен қаржы да есептелінді. Бұл орган Қаржы мониторингі деп аталатын шығар. Себебі, ол барлық қаржы субъектілерімен жұмыс істеп, олардан түскен ақпараттарды сараптайды. Егер де заңсыздықтар байқалса, құжаттарды құқық қорғау орындарына жібереді немесе өзі қылмыстық іс қозғайды, - дейді ҚР Бас прокурорының кеңесшісі Роза Досымбекова.
Ал бизнес ортада қазір мұндай қосымша немесе жаңа құрылымның пайда болуына қарсы пікір басым.
- Себебі, прокуратура бақылаушы-қадағалаушы орган екені мәлім. Сондықтан, бұл мәселе өте мұқият және байыпты зерттеуді қажет етеді, - деді «Азаттық» радиосына Кәсіпкерлер форумының төрағасы Райымбек Баталов.
Оның сөзіне қарағанда, бизнесті қадағалайтын қазірдің өзінде Қазақстанда 40-50-ден астам мемлекеттік орган жұмыс істейді деген дерек бар. Ал олардың қатарына кезекті қадағалаушы мекеменің қосылуы көлеңкелі экономиканы азайтпайды, керісінше, оған серпіліс береді деп санайды Қазақстан кәсіпкерлер формуы кеңесінің мүшесі Айжан МАРАЛОВА:
- Егер біздің кәсібіміздің заңдылығын онсыз да прокуратура тексеретін болса, біз олардың заңсыздығы бойынша арыз жазғымыз келсе, тағы да соларға жүгінуге тура келеді. Сондықтан, көлеңкелі экономиканы реттейтін органның Бас прокуратурада болуы дұрыс емес деп есептеймін. Кәсіпкерлердің шаруашылығын тексеретін органға сондай функция берудің өзі сыбайласқан жемқорлықты туғызады деп ойлаймын. Өйткені, жемқорлық бір жақты ғана мәселе емес. Мысалы, біз кей жағдайда ісімізді тез шешікіміз келеді, кейде заңсызды айналып шешкіміз келеді.
Қазақстан кәсіпкерлер форумының зерттеулеріне қарағанда, бүгінде республикадағы көлеңкелі экономика мөлшерін арттыратын бірнеше себептер бар. Олардың ішінде экономиканың даму деңгейінің нашарлығы, халықтың әл-ауқатының төмендігі және сыбайласқан жемқорлықтың болуы ең өзектілері ретінде аталды.