Тәжікстан астанасы Душанбеде Орталық Азия аймағында терроризмге қарсы күрес, есірткі тасымалы және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес мәселелері жөнінде конференция болып өтті. Конференцияға аймақ елдерінің өкілдері, Ресей, Ауғанстан және НАТО өкілдері қатысты. Екі күндік конференция жұмысын кеше аяқтады.
Конференцияға БҰҰ және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы қамқорлық жасады. БҰҰ-ның Тәжікстандағы өкілі Владимир Горячев күн тәртібіндегі мәселелер аса маңызды деді. «Азаттық» радиосының тілшілері пікірталас екі күн бойы қызу жүрді деп хабарлайды. Мәселен, Тәжікстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Сироиддин Комилов Орталық Азия халықтары әріптестігінің тиімді жолын табу өміршең мағнада маңызды деп сипаттады. Сөйлеген тұлғалардың барлығы әріптестік жолдарын табу аймақ қауіпсіздігі үшін де қажет деп келісті. Ауғанстан сыртқы істер министрінің орынбасары Мохаммад Хайдар Ризо конференцияда талқыланып жатқан дәл терроризм мен есірткі тасымалы мәселелері елімізді қирата жаздаған деп көрсетті. Елдің өмір деңгейі, инфрақұрылымы, экономикасы, халық саны, елдің әлем халықтары арасындағы орны жоғалып кете жаздады, - деді Ауғанстан өкілі.
Қазақстанның Тәжікстандағы елшісі Ербол Шохимарданов аймақ қауіпсіздігіне ең үлкен қауіп төндіріп тұрған мәселелер терроризм, есірткі және ұйымдасқан қылмыс екендеріне келісті. Дегенмен қазақ елшісі бұл мәселелердің таралуына көптеген жағдайда заңсыз миграция себепші деп айтты:
- Заңсыз миграция арқылы есірткі бизнесі, заңсыз қару-жарақ тасымалы, ұйымдасқан қылмыстың басқа түрлері кеңейеді. Өкінішке қарай, Орталық Азия үкіметтерінің ережелері мен ұлттық заңдары заңсыз миграцияға қарсы тиісті шара қолдану үшін бір біріне лайықталмаған.
Өзбекстан елшісі болса кейбір халықаралық ұйымдар аймақтағы жағдайды кейде толық білмейді, Орталық Азия болмысын толық түсінбей жатады деп сын айтты:
- Олар біздің өз тарихи тамырларымызға берік екендерімізді артта қалуды деп қабылдайды. Мұндай халықаралық ұйымдар бізді өркениет жолымен жүргісі келмейді, демократияға барғысы келмейді деген нәрселерді айтады.
Өзбек елшісінің тұспалдап отырғаны халықаралық қауымдастық өзбек үкіметінің соңғы кездегі кейбір қимылдарын қатты сынайды. Өзбек үкіметінің терроризмге қарсы күрес деген қызметін кейбір ұйымдар асыра сілтеу деп қабылдайды. Душанбе конференциясында сөйлеген кейбір елдердің өкілдері терроризмге қарсы күресте табысқа жетіп жатырмыз деген қызылсөзге орын берді. Мұндай көрініс, мәселен, Түркіменстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ықлымберді Паромовтың сөзінде байқалды.
Жиын соңында сөйлегендердің бірі Тәжікстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Сироиддин Комилов терроризмге қарсы күрес мәселелері жайында үйлестіру орталығын құруды ұсынды. Ауғанстан өкілі Мұхамад Иброгим Ғафури бұл ұсынысты қолдап, террорлық және экстремистік ұйымдардың қара тізімін жасау бастамасын айтты. Дегенмен, БҰҰ-ның Тәжікстандағы өкілі Владимир Горячев қауіпсіздік мәселелерін шешудің ең ұтымды жолы – оларды талқыға салу, үлкен мәселелерді бірігіп талқылау деп түйіндеді.