Сәрсенбі күні бір топ оппозициялық саясаткерлер Әділет министрлігінің «Нағыз Ақ жол» партиясын тіркеуден бас тартқанын және осы ұйымның лидерлерінің бірі Болат Әбіловке қарсы қылмыстық істің қозғалғанын мәлімдеді. Оппозиция өкілдері мұны Қазақстанда президент сайлауынан кейін демократиялық дамуда кері шегініс байқалады деген баға беріп отыр.
Желтоқсан айының 20-сы күні Астана қалалық соты «Нағыз Ақ жол» партиясын тіркемеу туралы Әділет министрлігінің тамыз айының 22-сіндегі шешімін заңсыз деп табу жөніндегі бір топ оппозиционерлердің өтінішін қанағаттандырмай тастады. Бұл биліктің қабылдап отырған саяси шешімі деп есептейді тіркелмеген «Нағыз Ақ жол» партиясының теңтөрағасы Алтынбек СӘРСЕНБАЙҰЛЫ:
- Сайлау аяқталғаннан соң кім жеңіске жетсе де саяси модернизация жұмысын бастаймыз, елде демократиялық өзгерістерді жүзеге асырамыз деп уәде еткен болатынбыз. Біз жаңа Конституция жобасын ұсындық, ал Назарбаев эволюциялық жолмен болашақта демократияны дамытуға уәде берген еді. Сайлау өткеніне бір ай да толған жоқ, біз қоғамды демократияландыруға қарсы саясаттың өрши бастағанына көзіміз жетті. 50 мың адамның орнына 65 мың адам жинап берсек те, билік саяси шешім қабылдап, біздің партияны тіркеуден өткізбей отыр.
Осы ұйымның келесі жетекшілерінің бірі Төлеген Жүкеев мұндай кедергі қойылғандықтан, Қазақстандағы бірде-бір оппозициялық бірлестік заңды түрде жұмыс істей алмайды, облыстарда өз филиалдарын жасақтай алмайды деген тұжырым жасайды.
- Яғни, біз іс жүзінде бар болғанымызбен, заң жүзінде қызмет ете алмаймыз. Бірақ қалай болғанда да жұмысымызды тоқтатпаймыз,- дейді Төлеген ЖҮКЕЕВ.
Оппозиция қайраткерлері елде президент сайлауына дейін демократиялық бағытта жұмыс істеуге уәде еткен билік енді сайлау өткеннен соң өзіне бақталас саяси партияны тіркемеуі түсініксіз жайт деп отыр.
- Президент сайлауы кезінде біз өз мүшелерімізді сайлау учаскелеріне енгізуіміз мүмкін екенін ескеріп, билік кедергі қойды. Енді тіркемеу қисыны түсініксіз. Сонда ел оппозициясыз, оның ішінде сауатты, конструктивті оппозициясыз өмір сүруі керек пе? - дейді Алтынбек Сәрсенбайұлы.
Әйтсе де, А.Сәрсенбайұлы серіктерімен бірге «Нағыз Ақ жол» партиясын тіркету үшін барлық күш-жігерлерін салатынын айтады.
- Жоғарғы сотқа шағымданамыз. «Нағыз Ақ жолдың» жақтаушыларымен бірігіп, өз күресімізді жалғастыра береміз, - дейді оппозиция қайраткері.
Сонымен қатар желтоқсанның 19-ы күні осы ұйымның үшінші бір жетекшісі Болат ӘБІЛОВКЕ қатысты жаңа қылмыстық істің қозғалғаны мәлім болып отыр. Бұл жайында саясаткердің өзі желтоқсанның 21-күні «Азаттық» радиосына былай деді:
- Сайлау бітті, бірақ саяси өмір жалғаса береді. Сондықтан, желтоқсанның 20-сы күні мені қаржы полициясына шақырып, сол 6 жарым жыл бұрын мені Алматының бір қаласында, орталықта бір әйелге жер учаскеңді сат деген әңгіме жүргіздің дейді. Бірақ, ондай мәселе болған емес. Әйтсе де, бүгін қылмыстық іс қозғап отыр. Қылмыстық кодекстің 182-ші бабы бойынша мені жауапкершілікке тартпақ, онда 5 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген және 10 миллион теңге материалдық өтемақы төлеуді жүктеуі мүмкін.
Бұл іс бойынша Алматы қаржы полициясынан қандай-да бір түсіндірме алу мүмкін болмады. Сондай-ақ Әділет министрлігінің тіркеу басқармасында да жауапты адамдардың қазір орындарында жоқ екендігін айтып, «Азаттық» радиосының қойған сұрағын жауапсыз қалдырды.
«Президент сайлауы аяқталғанымен, оппозицияға қарсы іс-шаралар жалғасып отыр. Бұл демократиялық кері шегіністі байқатады», - дейді «Нағыз Ақ жол» партиясының теңтөрағасы Алтынбек Сәрсенбайұлы.
Оның айтуынша, егер партия тіркелген жағдайда ол Қазақстан президенті жанынан құрылған елді демократияландыру жөніндегі ұлттық комиссия қызметіне араласудан да бас тартпайды.
Биылғы жылы Қазақстанның демократиялық «Ақ жол» партиясынан бөлініп шыққан Болат Әбілов, Ораз Жандосов, Алтынбек Сәрсенбайұлы, Төлеген Жүкеев және басқалар өткен көкек айының 29-ында Қазақстандағы қазіргі билікке оппозициялық «Нағыз Ақ жол» партиясын құруға шешім қабылдаған болатын. Содан бері құрылтайын өткізіп, заңмен талап етілген мөлшерде тиісті мүшелер тізімін жасағанымен, оппозициялық партия ресми орындардан тіркеуден өте алмай келеді.