Шешенстанның бір ауданында көпшілігі мектеп оқушысы - барлығы 50-ден астам адамның неден, қалай уланғаны әлі белгісіз болып отыр. Бір аптадай уақыт ішінде бұл аймақ тұрғындарының кейбірі бастары айналып, құсқылары келіп, тыныстары тарылып, демала алмай ауруханаларға жеткізілген-ді. Дәрігерлер науқастардың психикасына назар аударады, олардың кейбірін қорқыныш пен үрей буып алған дейді. Аймақтың ресми билік өкілдері жүйкені уландыратын әлдебір газ салдарынан аурулардың пайда болуы мүмкін дейді.
Азхан Асхадова менің қызым кенеттен бензин немесе дизель майына ұқсас бір иіс мұрнына келіп, басын айналдырып, тынысын тарылтқан кезде мектеп жанында тұрған еді дейді. Осы иістің әсер еткені соншалық ол бірден құсып, денесі дел-сал болып, әлсіреп қалған. Сол сәтте қыздың қасында тұрған оның басқа құрбылары да дәл осындай күйге түскен. Олардың да жағымсыз бір иіс тыныстарын тарылтып, бастары айналып, кейбіреулері ес-түссіз құлап қалған.
Бұл аймақта осындай улану белгілерімен, денсаулығы нашарлаған бірінші адам тіркелген бір аптадан бері бұл тәріздес жұмбақ жағдайға тап болғандар саны күн сайын өсіп барады, қазір олар 70-ке жетті, науқастардың басым көпшілігі мектеп жасындағы оқушы қыз балалар. Міне, содан бері Шешенстан астанасындағы республикалық балалар ауруханасына 20 науқас жатқызылған. Ярадат Дотуиева аталған ауруханаға науқасқа шалдыққан ұлын алып келіпті. Ол «Азаттық» радиосына берген сұхбатында былай деді:
- Менің балам келді де, маған: мама, мен бүгін мектепте қала алмадым, бәріміздің де басымыз ауырып, асқазандарымыз түйнеп жаман болды, деді. Ол сонымен бірге қалтырап, тоңып бара жатырмын деген соң, мен оны жылы нәрсеге орап тастадым. Оның қолдары мен аяқтары тап-тастай еді. Біраздан кейін ол өзін жақсы сезіне бастағандай болды. Бірақ, сәл уақыт өткен соң, әлгі жағдай қайта қайталанды. Сондай бір жағдайлары кішкене жақсарған кезде біздер жиналдық та оларды осында алып келдік. Науқастардың көпшілігі қыздар, олардың арасындағы жалғыз ұл ғана менің балам. Бірақ, қазір үйде қалған басқа ұлдар да бастары ауырып, айналғанын айтты, көршімнің баласы да сондай күйге түсіпті.
Мұндай жұмбақ науқасқа тап болғандардың басым көпшілігі Солтүстік Кавказ республикасының Старогладовская ауылының тұрғындары еді. Бірақ енді бұндай науқас белгілері басқа да жерлерден байқала бастады. Тағы да бірнеше ауылдардан балалар мен үлкен адамдар қатарынан осындай аурулар шығып отыр. Дәрігерлер мен токсикологтар, олардың кейбірі тіпті Мәскеуден келген, тамақтан улануы мүмкін дегенді жоққа шығарады. Мектептердің маңайындағы жердің топырақ құрамы да мұқият зерттеліп, тексерілгенде одан радиоактивті рең табылмаған.
Осы мектеп орналасқан Шелковская ауданы әкімшілігінің жетекшісі Хусейін Нутаев балаларға әсер еткен улы жүйке газы болуы ықтимал дейді. Алайда Шешенстан денсаулық сақтау министрінің орынбасары және Грозныйдағы балалар ауруханасының бас дәрігері Сұлтан Алимхаджиев мұнда уланудың белгілері байқалмайды деген:
- Біз уланудың қандай да бір айқын белгілерін таба алмадық. Бұл тәріздес жағдайды Американың токискологиялық институты сипаттағандығын бір мақаладан таптық. Онда осыған ұқсас жағдайдың болғандығы жазылған. Біздің республикамызда бұл соғыс болған жерлер. Балалардың психикасы нәзік болады, сондықтан да олар травмаға ұшырайды. Олар психикалық және психологиялық жағынан да өте әлсіз. Әсіресе әйелдер мен қыздар травмалардан кейін ауруға бейім болады. Науқасқа шалдыққандардың ішінде тек бір ғана ұл бала бар, ал қыздардың жасы 12-15 аралығындағылар, негізінен қысымға тез берілетін де солар. Міне, біз оқыған американдық мақалада дәл осы жайттарға басты назар аударылған.
Бірақ мұндай теорияны, демек аурудың психикалық травма салдарынан болуы мүмкін дегенді, батыстық доктор Марк Сигел жоққа шығарып, бұл қоршаған ортаға қатысты, табиғаттағы әлде бір нәрседен улану дегенді алға тартады.
- Бұл белгілер сынап интоксикациясына көбірек ұқсайды. Ол ауру Минамата науқасы деп аталады, бұл сол аурудың неврологиялық белгілеріне тым ұқсас көрінеді. Естен тану, шаншу, басы айналып адамның құсқысы келуі - Минаматалық улануға тән. Бұл қоршаған ортаның қандай бір әсерінен болуы мүмкін. Жақын маңайда бір химиялық немесе газ заводы болса, ол да әсер етеді.
Науқастардың қан анализдері Махачқаладағы токсикология орталығына жіберілген, алғашқы нәтижелер бүгін белгілі болып қалуы тиіс. Ресей президенті В.Путин Шешенстан билігіне бұл төтенше жағдайда қаржылық көмек беруге бұйырды. Ал Шелковксая ауданындағы барлық мектептер 25 желтоқсанға дейін жабылды.