АҚШ-та орналасқан “Динар-Стандард” Интернет басылымы 2005 жылы Мұсылман әлемінде ең табысты 100 компанияның тізімін жариялады. Бұл компаниялардың бір жылдық табысы орташа есеппен 28 пайызға өскен. “Динар-Стандард” осымен екінші рет өзінің зерттеуін жариялап отыр. Оған сәйкес, Ислам Конференциясы ұйымына мүше 57 елдің мұнай және газ компаниялары жоғары орындарға ие болған.
Ал Қазақстанның “Азимут Энерджи Сервисиз” деп аталатын геофизикалық компаниясы мен Өзбекстанның ұлттық мұнай және газ компаниясы, сонымен қатар, Әзірбайжанның СОКАР мемлекеттік мұнай компаниясы бұл тізімге ілінбеген, өйткені аталған компанияларда айқындық жоқ, дейді сарапшылар.
“Динар-Стандард” басылымының редакторы Рафиуддин Шикохтың айтуынша, әсіресе Орталық Азия мемлекеттері мен Каспий теңізі маңайындағы елдердің айқын экономикалық дерек-мәліметтерін табу өте қиын.
“Орталық Азиядағы компаниялардың экономикалық мәліметтерін табу үлкен проблема. Және компаниялардың көбі үкімет тарапынан басқарылады”, - деді Шикох.
Оның айтуынша, Ислам конференциясы ұйымы елдерінің арасында бағалы қағаздарының саудасына шектеу қойылмаған компаниялардың табыстарын жариялау үшін қатал талаптар қойылған. Ал құнды қағаздарын сату арқылы ақшасын көбейткісі келмейтін үкіметтік немесе жеке компаниялардың табыстары жайлы ақпарат табу мүлдем мүмкін емес.
Бұл тізімді жариялаудың мақсаты барлық мұсылман елдерінде ортақ экономикалық қиындықтардың бар екенін көрсету, дейді Шикох.
Ал Таяу Шығыс форумының жетекшісі Джудис Киппер Таяу Шығыстағы мұсылман елдерінің мұнай мен газдан басқа ұсынатын байлықтары аз, сол үшін олардың экономикалық ынтымақтастығы жоғары деңгейде емес дейді.
Киппер ханымның пікірінше, бұл елдер керекті заттарды аймақтан тыс жерде орналасқан мемлекеттерден сатып алады немесе өздерінің байлықтарын шетелге сатады. Кейбір мұсылман елдері бір-бірін біле бермейді, дейді Киппер.
2005 жылы Мұсылман елдеріндегі ең табысты компаниялардың арасында бірінші орынға ие болған бұл – Сауд Аравияның мұнай компаниясы. Оның бір жылдық табысы 113 миллиард долларға жеткен. Ал екінші орында жылына табысы 50 миллиард 500 миллион доллар болған Иранның ұлттық мұнай компаниясы тұр. Ислам әлеміндегі ең табысты 100 компанияның арасында Қазақстанның ҚазМұнайГаз және Еуразия Груп компаниялары да бар. “Динар-Стандард” басылымының тізімінде Еуразия Груп 25-ші орынға, ал ҚазМұнайГаз 65-ші орынға ие болған.
Бұл тізімнің толық мәтіні Интернеттегі www.dinarstandard.com деген парақшада көрсетілген.