Бұрынғы Югославияда соғыс қылмыстарын жасады деп айыпталған бұрынғы қолбасшы Ратко Младич 31 желтоқсанға дейін БҰҰ сотына ұстап берілуге тиіс. Соғыс қылмыстары жайындағы БҰҰ сотының жыл басында қойған талабы осындай. Сербия ресми өкілдері Босния сербтерінің бұрынғы қолбасшысы Ратко Младичты қатты іздестіріп жатырмыз, ол жақын арада қолға түседі деп жариялады.
Сербия қауіпсіздік орындарының өкілдері Ратко Младич жақында Ресейде болған сияқты, енді ол Сербияда тығылып жүрсе керек дейді. Сербия соғыс қылмыстары жайындағы прокуроры Владимир Вукцевич жұма күні "Азат Еуропа"/"Азаттық" радиосына берген сұхбатында Ратко Младичке жәрдем беріп жүрген бір қатар жақтастарын анықтадық деді:
- Соғыс қылмыстары жайындағы прокурор ретінде білетінім, соғыс қылмыстарын жасады дегендерге көмектесіп жүргендер туралы мәліметім бар. Мұндай мәліметті Сербия қауіпсіздік ақпарат агенттігі мен ішкі істер министрлігі де біледі.
Бірақ Сербия ішкі істер министрлігі осы сейсенбіде жариялаған мәлімдемесінде ондай ақпарат бізде жоқ деді. Ішкі істер министрі Драган Иоцич парламент комитетінде сөйлегенде Младич пен Босния сербтерінің қолбасшысы Радован Караджич Сербияның бір жерінде тығылып жүрулері мүмкін, бірақ нақты ақпарат полицияда жоқ деді.
БҰҰ бұрынғы Югославиядағы соғыс қылмыстары жайында арнайы Халықаралық қылмыс трибуналын ашқаны аян. Гаага қаласында орналасқан сот Ратко Младич зұлмат қылмыстары мен соғыс қылмыстарын жасады деп айыптаған. Нақты айтқанда Младич 1992-1995 жылдары Босния соғысында Сараево қаласына қоршау қойылғанда қылмыс жасады делінеді. Мұның үстіне Ратко Младич 1995 жылы Сребреница қаласында шамамен сегіз мың мұсылман ер азаматтар мен ұл балаларды жаппай қыруды бұйырған деп сезіктеледі. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропада бұл ең үлкен жаппай қыру болып отыр. Ратко Младичтың өзі Сребреница қаласы басып алынғада былай деген екен:
- Міне бүгін, 1995 жылдың 11 шілдесінде біз Сербияның Сребреницасында тұрмыз. Сербияның ұлы мерекесінің қарсаңында бұл қаланы серб халқына бұйырып тұрмыз. Түріктерден кек алатын күніміз әйтеуір келді ғой.
Младич пен Караджичты ұстап беріңдер деген қысым Сербияға қазір көп жасалады. Бұл талап орындалмаса Сербия халықаралық қауымдастықтан оқшауландырылуы мүмкін. Шарт осындай екенін жақында ел қорғаныс министрі Зоран Сьанкович айтты. Соғыс қылмыскері деп айыпталатын Анте Готовина деген тағы бір кесек тұлға желтоқсан айының басында Канар аралдарында ұсталған болатын. Міне осыдан бері Сербияға қойлар талап өсе түсті. БҰҰ бас прокуроры Карла дел Понте 15 желтоқсанда сөйлеген сөзінде халықаралық заң жүйесін мардымсыз деп сынады, Младич пен Караджичтың аман-есен жан сауғалап жүрулері осыдан деді. Соғыс қылмыскерлері деп айыпталғандарды ұстай алмай жүрген жергілікті үкіметтерге Еуропа Одағы мен АҚШ қысым жасаса жөн деді БҰҰ бас прокуроры.