Орталық және Батыс Еуропадағы тұтынушыларға жөнелтетін табиғи газ көлемін бұрынға қалпына келтген Ресей Украинамен арадағы газ айтысындағы өз ұстанымын қайтадан таразы басына салған іспетті. Еуропа Одағы Ресейдің құбырдағы газ көлемін күрт азайтуына байланысты өз көзқарасын дереу білдірді, Ресейдің мұндай қадамына сын айтылды. Мәселен, Британиялық бір газет "Еуропаның энергиялық қуат көздеріне мұқтажы ешқашан да Ресейге тәуелді болмауы тиіс" деп түйді.
Ресей мен Украина арасындағы газ айтысына байланысты ресми Брюссельдің айтары қысқа, әрі нұсқа болып отыр. Бар мәселені ресми Мәскеу мен Киев өзара шешуі тиіс деді Еуропалық Комиссияның баспасөз уәкілі Йоганнес Лайтенбергер.
"Дәл қазіргі сәтте, комиссия айтысушы тараптарды келіссөзге қайта оралуға шақырады. Әлбетте, ең тиімдісі екі жақтың бұл мәселені өзара шешуі дұрыс болар еді,"- деді Еуропалық Комиссияның баспасөз уәкілі Йоганнес Лайтенбергер сейсенбі күнгі мәлімдемесінде.
Еуропаға газ тасымалдайтын құбырда Ресей табиғи газының көлемі жаңа жылдың алғашқы екі күнінде күрт азайып кеткен кезде Еуропа Одағы бұл мәселеге орай айтарлықтай алаңдаушылық танытқан еді.
Ресейдің мемлекет иелігіндегі Газпром компаниясы қаңтардың 1-інде құбырдағы табиғи газды күрт шектеп тастауына байланысты ешқандай кешірім сұрамады. Десе де, талдаушылардың пайымдауынша, Газпром бұл қадамының Еуропада осыншалық алаңдаушылық тудыратынын күтпеген болса керек. Ресми Мәскеу бұл оқиғаға байланысты айыптаулар Украин жетекшілігімен шектелмей, Ресей басшылығына да айтылатынын күтғпеген болса керек.
Лондонда орналасқан Ғаламдық Энергиялық Зерттеулер орталығының бас сарапшысы Джулиан Ли Газпром өзінің құбардағы газ көлемін шектеу жөніндегі шешімінде қате есептерге сүйенген болса керек дейді:
"Меніңше, Ресейліктер Еуропадағы тұтынушылардың бұл қадамға байланысты көзқарасы қандай болады деген мәселені дұрыс бағаламаған. Газды шектеу жөніндегі шешімді Газпром Сыртқы İстер Министрлігі, яки басқадай үкіметтік орындармен ақылдаспай қабылдаған болуы да мүмкін."
Бұл екі арада, ресми Мәскеу ресми Киевпен арадағы айтыста қатаң айыптауларын қайталап отыр. Ресей жағы тек қаңтардың 1-інде ғана Украин тарабы Еуропаға тасымалдануы тиіс болған 25 миллион доллардың табиғи газын заңсыз түрде алып қалды деп отыр.
Батысқа қарай көбірек бет бұра бастаған Украин көршісін сабасына түсіремін деп жүріп Ресей Еуропа Одағымен арадағы байланыстарына көлеңке түсіріп алған жоқ па?
Қаңтардың 1-інен бастап Ресей Үлкен Сегіздік аталатын дамыған елдер тобына ресми түрде төрағалық ете бастады. Бұл Ресейдің әлемдік деңгейде энергиялық қуат көзін тасымалдаушы ретінде өз тұғырын бекітуіне мүмкіндік деп аталған еді. Алайда, жаңа жылдың алғашқы екі күніндегі жағдай Еуропа елдерінің энергиялық қуат көздері мәселесінде алдағы уақытта Ресейге қаншалықты арқа сүйеуге болады деген сауалды көтеруіне түрткі болды.
Қаңтардың 4-і сәрсенбіде Еуропа Одағы елдерінің ресми тұлғалары Брюссельде бас қосып, осы газ айтысына байланысты қалыптасқан жағдайды сөз етпек. Атап айтқанда, Орталық Еуропадағы Мажарстан, Аустрия, Чехия іспетті елдер табиғи газды басқа тараптардан да сатып алу мүмкіндіктерін күн тәртібіне шығарады деген хабарлар бар. Мәлім болғанындай, Словакия өзіне қажет табиғи газды толығымен Ресейден алады. Болгария өзіне қажет газдың 94 пайызын, ал Польша 60 пайызын Ресейден алып отыр.