Жоғалып бара жатқан флора мен фауна түрлерінің дүниежүзілік саудасы жөніндегі конвенциясының (СИТЕС) халықаралық ұйымы қаңтардың 3-інде Женевада өткен кезекті мәжілісінде Каспийдің қара уылдырығын экспорттауға және бекіре тұқымдас балығын аулауға тиым салды. Бұл мәселеге пікірлерін білдерген Қазақстандық эколог-мамандар Каспийдің бекіре тұқымдас балығы соңғы 10 жыл көлемінде азайып кетті. Халықаралық ұйымдар Каспий балығын аулауға мароторийді бұдан ертерек жариялау керек еді дейді.
Бұл шара Каспий теңізі аумағында бекіре тұқымдастар қорының жылдам азайып кету қаупіне байланысты қабылданып отыр. Қазақстан экологиялық қоғамының мүшесі Асылхан Артықбаев: “Соңғы 10-15 жылда бекіре тұқымдас балықтарды аулау бұрын соңды болмаған көрсеткішке жетті. Осыдан 150 жыл бұрын бекіре балық уылдырық шашар кезде Орал қаласында шіркеудегі қоңырауды ұрмайтын. Сол уақыттарда бекіре балық Жайық пен Еділдің бойын жоғарылап Орал қаласына дейін көтерілетін. Қазір енді Жайықтың жоғарғы ағысында бекіре кездеспейді. Бұл ненің белгісі? Жойылып бітуге таяғанының белгісі. Бекіре тұқымдас балықтардың азайып кетуіне мемлекет тарапынан берілетін квотаның да үлесі бар. Өйткені, арнайы балық аулайтын балықшыларға берілетін квотаның негізгі бөлігі бөгде адамдардың қолында жүреді. Содан болар соңғы уақытта қара уылдырықтың қара базарға шығарылуы 5-6 есе көбейіп кетті. Мысалы, Өзбекстен мен Қырғызстанның базарларында қандай жолмен келгені белгісіз қызыл балық пен уылдырық қаптап кетті. Бұған тиым салу дүние жүзілік мәселе болып тұр”, дейді.
“Табиғат” экологиялық одағы талай рет бекіре тұқымдас балықтардың азайып бара жатқандығын айтып дабыл қақты. Бекіре тұқымдас балықтардың тұқымдарын сақтап қалу үшін арнайы бағдарламада дайындадық. Алайда қаржының жоқтығынан жобамыз іске аспай қалды”, дейді эколог Мэлс Елеусізов. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Балқаш, Алакөл, Зайсан көлдерінде де балық тұқымдары азайып кетті. Алайда оған бас ауыртып, зерттеу жасап жатқан ешкім жоқ. Егер үкімет Қазақстанның балық шаруашылығын дамытуына мән берсе, айтарлықтай табыс табуына мүмкіншілік бар. Бірақ оған ғылыми зерттеулер жасайтын арнайы мамандар керек.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, соңғы 5-6 жыл көлемінде Орталық Азия аймағында жан-жануарлар мен табиғи өсімдіктерді заңсыз саудалау ісі ондаған есеге артып кеткен.