Батыс пен Иран арасында соңғысының ядролық бағдарламасы төңірегіндегі даулы пікірталас Жаңа жылда да жалғасын табуда. Кейбір басылымдарда, атап айтқан Британияның "Гардиан" газетінде көпшілік назарына ұсынылып кеткен дерек-ақпараттарға қарағанда, Иран ядролық технологияны алуға талпыныс жасап келеді, ал мамандар болса ядролық қару жасаудың жолдарын іздестіруде.
Міне, осындай хабарлардан кейін Батыс пен Иран арасында оның ядролық бағдарламасына орай пайда болған жарықшақ одан сайын ұлғая түсті десе болады. Британияның "Гардиан" газеті аты аталмаған Европаның барлау қызметіне сілтеме жасай отырып, Тегеранның ядролық қару алу жоспарлары Европадан Солтүстік Кореяға және бұрынғы Советтік республикаларға дейін таралады деп жазған.
Мерзімі 2005 жылдың 1 шілдесі деп көрсетілген, бұл жалпы көлемі 55 бет болатын хабарлама Британия, Франция, Германия мен Бельгияның агенттіктері жинақтаған материалдардан тұрады, ондағы мәліметтерді Европа үкіметтерінің министрлері пайдалануына жарайды деп жазады аталған басылым. Міне осы материал Тегеран мен Батыстың арасында Иранның ядролық бағдарламасына байланысты қалыптасып отырған жағдайда отқа май құйғандай болды.
АҚШ пен Европа одағы Иранның азаматтық бағыттағы ядролық бағдарламасының астарында ядролық қару алу мақсаты тұр деп көптен бері қорқыныш танытып Иран жағын айыптап келеді. Иран болса бұл айыптауларды жоққа шығарып, ядролық технология өздеріне жалпы электр қуаты үшін қажет екендігін алға тартуда. Енді болса газет жариялап отырған барлау мәліметтері Иран ядролық технологияға қол жеткізгісі келеді, сол жолда бар күш-жігер жұмсап жатыр дегенді сипаттағандай.
Сөз болып отырған мақалада сондай-ақ Сирия, Пәкістан мен Солтүстік Корея да заңсыз қару-жарақтың қара базарының бір бөлігі болып табылады деп атап көрсетілген. "Гардиан" газеті мұнымен қатар Иран ядролық және биологиялық, химиялық сала үшін материалдар мен деректер іздестіріп табатын арнайы мамандар мен ғалымдарды даярлауда деп жазады. Сондай-ақ газеттің жазуына қарағанда, аталған құжатта Тегеран Израил мен Европаның оңтүстігіне дейін жететіндей қабілетті зымырандар жасауға талпынып жатыр делінген.
Иран ғалымдары бұл бағытта қандай бір жетістіктерге жету үшін бағдарлау технологиясын жетілдіріп, басқа да ізденістер жасап, қажетті деген дүниелерді сатып алуда делінген құжатта. "Гардиан" газетінің мақаласына қарағанда Сирия мен Пәкістан да бұл бағытта, демек зымырандарды жетілдіріп, уранды байыту технологиялары мен химиялық заттарды сатып алып жатқан көрінеді.
Жарық көрген хабарламаның мақсаты - Европа одағының компанияларын осындай фирмалармен сауда жасаудан сақтандыру деп жазады "Гардиан", алайда басылым Иран, Сирия, Солтүстік Кореяман бұл бағытта әріптес болып жұмыс істеп жатқан батыстық компаниялардың немесе ғалымдар мен академиктердің ешбірінің де атын атамайды. Сейсенбі күні Иран келесі аптада атомдық отын тұрғысындағы әрекеттерді қайта жаңғыртамыз деп мәлімдеді.
Бұл айтылғандардың барлығы да Вашингтон мен Европа одағының Иранның ядролық бағдарламасы турасындағы мәселені Қауіпсіздік кеңесінің күн тәртібіне шығарып, Иранға саяси немесе экономикалық санкциялар салу керек деген шақыруларды қайта жаңғыртуы әбден мүмкін.
Дүйсенбіде Иран өзінің ядролық бағдарламасына байланысты Ресейдің ұсынысына жауабын былайша қайтарды, нақтылай айтсақ, Тегеран Ресейдің ұсынысын қарастыруға дайын, тек егер Ислам республикасының өз жерінде уранды байыту хұқы мойындалатын болса ғана деген талап қойды.
"Біздің бұдан бұрын да айтқанымыздай, біз байытуды Иранның өз ішінде жүзеге асырғымыз келеді, міне осындай принципке негізделген кез-келген ұсыныста қарастыра аламыз", - деген журналистер алдында үкімет өкілі Голам Хоссейін Илхам.
Осыдан біраз бұрын Мәскеу Иранға уранды байыту ісін Ресей жерінде жүргізу туралы ұсыныс айтқан болатын. Илхамның дүйсенбі күнгі түсініктемелері Иранның ядролық басты келісімгері Әли Ларижани Ресейдің ұсынысында күрделі проблемалар бар деп атап көрсеткен соң белгілі болды.
Мемлекеттік теледиар арқылы сөйлеген сөзінде Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Ларижани Ресейдің ұсынысына қатысты бұл жан-жақты ойластырылған ұсыныс емес, тек қана идея, біз оның пісіп-жетілгендігін көре алмай тұрмыз, мұнда проблемалар баршылық деген-ді. Иран ядролық бомба жасап жатқан жоқпыз, біз тек электр қуатын, оның өнімдерін алғымыз келеді деп мәлімдеп келеді.
Дегенмен де Ларижани Ресей ұсынысын толықтай кері қайтарған жоқ. Иранның ұлттық қауіпсіздік кеңесінің мүшесі Жавад Ваиди да Ресейдің ұсынысы тек қана Ресей жерінде біріккен Иран-Ресей компаниясын құруға негізделіп айтылған деп атап көрсеткен-ді. Ресейдің Иранмен жақын қарым-қатынаста екендігі белгілі, ол Иранның оңтүстігінде Бушер ядролық зауытының құрылысына көмек көрсетуде.
Ресейдің ұсынысына байланысты Иранның ұстанып отырған бағыты қаңтардың 18-інде Иранның ядролық бағдарламасы турасында қайта басталғалы отырған Европа одағы келісімгерлерінің жаңа келіссөздеріне әсер етері сөзсіз.
Ядролық отын алғымыз келеді деп мәлімдеп отырған Иран мен керісінше, Иран оны ядролық бомба жасау үшін қолданады деп қорқыныш танытып отырған Батыс арасында үлкен айырмашылықтар бар екендігін екі жақ та мойындап отыр. Иранның басты келісімгері Әли Ларижани алдағы келіссөздер табысты болып, бірқатар прогреске жетеміз ғой деген үмітін де білдірді.