Түркия дәрігерлері мұсылмандардың Құрбан айт мерекесі барысында “құс тұмауы” елдің қалалық аймақтарына да жетуі мүмкін деп ескертті.
Түркияда, өткен аптада, кемінде екі жасөспірім “құс тұмауының” H5N1 вирусынан қаза тапқан болатын. Соңғы күндері бұлардан басқа тағы екі баладан да құс тұмауы белгілерінң табылғандығы мәлім болды. Аталған вирус Азиядан тыс жерде осылайша алғашқы рет тіркеліп отыр.
Британиялық зертхана Түркияның Ван қаласында ауруханаға жеткізілген 5-жасар баладан құс тұмауының табылғандығын хабарлады. Түркияда тағы 8-жасар бала осы ауруға шалдықты деген болжам бар.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының айтуынша, Британиялық зертханада өткен аптада қаза болған 14-жасар бала мен оның 15-жасар әпкесінен де құс тұмауы табылған екен. Жұма күні осы екі жасөспірімнің тағы 11-жасар қыз бауыры қайтыс болды. Қазір мамандар оның не себептен қаза болғандығын тексеру үстінде.
Соңғы хабарларға қарағанда, Түркияда тағы 5 адамнан “құс тұмауы” белгілері табылған. Олардың төртеуі Самсун, Кастамону және Корум аймақтарынан болса, ал бесіншісі Ван провинциясынан, деп хабарлайды елдің денсаулық сақтау министрлігі. Сөйтіп бұл елде аталған дертке шалдыққандардың саны 14-ке жетті.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құс тұмауы адамнан адамға өтуі мүмкін бе? – деген сауалды анықтауда.
Ал елдің ресми өкілдері бұл аурудың таралып кетпеуі үшін арнайы шараларды жүзеге асырып жатыр.
Түркия бас министрі Тайып Ердоған құс тұмауының алдын-алу үшін азаматтардың үй құстарын жасырмай оларды жоюларына шақырды. Елдің бас министрі аурудың таралып кетпеуі үшін үкімет барлық шараларды жүзеге асырып жатыр, - деді. Ердоған сондай-ақ жойылған құстардың орнына өтемақы төленеді деп уәде берді.
Түркияның Қоршаған орта және орман мәселелері бойынша министрлігі елде жабайы құстарды аулауға тиым салды.
Ал Ыстамбулда дәрігерлер “құс тұмауы” мұсылмандардың Құрбан айт мерекесі кезінде қалалық аймақтарға да жетуі мүмкін деп ескертті.
Доктор Генжай Гурсой болса, құс тұмауы малдың жүні арқылы қалаларға таралуы мүмкін дейді.
“Елдің шығыс және оңтүстік аймақтарында мал мен үй құстары араласып жүре береді. Кейде адамдардың үйлеріне үй құстары кіріп-шығып жүреді. Бұл вирус малдың терісі және жүні арқылы таралуы мүмкін,” деді доктор Гурсой.
Ресей ресми орындары өз азаматтарына Түркияға сапар шекпеу жөнінде кеңес беруде.
Иранның Днсаулық сақтау министрлігі Түркиямен шекарадағы бақылауды күшейткендерін хабарлады.