Сенбі күні Шідертіде сот алқасының көшпелі мәжілісінде қабылданған шешімге сәйкес шартты түрде бостандық алған қазақстандық оппозицияшыл қайраткер Ғалымжан Жақиянов қаңтардың 15-күні Астанадан Алматыға поезбен келіп жетті.
Жексенбі күні түстен кейін Алматыдағы 2-ші теміржол вокзалынының алды адамға лық толы болды. Олар мұнда соңғы үш жарым жылдан бері сот үкімімен түрмеде отырып, бұдан бір күн бұрын ғана Павлодар облысындағы Шідерті елді мекеніндегі қамау орнынан шартты түрде еркіндікке жіберілген Ғалымжан Жақияновты қарсы алуға келген болатын. Оппозицияшыл қайраткер мұнда Астанадан сағат 16-дан кете жеткен поездан түскенде оны қарсы алуға 1000 жуық адам жиналған еді.
Мұнда Жақияновтың отбасы мүшелері, оппозициялық бағыттағы «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының, тіркелмеген «Нағыз Ақ жол» партиясының, Қазақстанның коммунистік партиясының басшылары келген-ді. Олармен бірге осы жерге Ғалымжан Жақияновты көруге, оның қолын қысып, тілегін айтып қалуға ұмтылған жұрт оны қаумалап, біразға дейін жібермей тұрды. Осы жерде «Азаттық» радиосына берген сұхбатында Ғалымжан Жақияновты алда қоғамдық қызметпен айналыстандығын айтты:
- Міне, Алла деп осы Алматының жеріне, соңғы 4 жылдан бері бірінші қадамдарымызды жасап жатырмыз. Өте қуаныштымын, мені тосқан осы халқыммен, туған-туыс, жолдас-жоралармен құшақтасып қауышып, кездесіп жатқаныма өте қуаныштымын, мен үшін бұл – қуаныштың ең үлкені!
- Болашақтағы қызметіңіз жайлы айта кетсеңіз?
- Бұл әңгімені енді сәл ғана кейінге қалдырайық, өздеріңізді баспасөз маслихатына арнайы шақырамын ғой.
- Қоғамдық қызметпен айналысасыз ба?
- Әрине, әрине!!..
«Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының жетекшісі Жармахан Тұяқбай Ғ.Жақияновтың бостандыққа шығуы оппозицияның талап етуінің арқасында орындалды дейді.
- Бұны әділеттілік деп те айтуға болмайды, заң талабының орындалып, биліктің Ғалымжанды бостандыққа шығаруға мәжбүр еткен - осы демократиялық күштердің талабының арқасы екендігі, ал екіншіден, қалай дегенмен де, ең басты қуаныш - Ғалымжанның осы бостандыққа шығып, арамызға келуі оның өз күш-мүмкіндігін толыққанды пайдаланып, алдағы уақытта біз бұған дейінгіден екпінді де ықпалды жұмыс жасауға толық мүмкіншілігіміз бар.
- Жақиянов мырзаның болашақтағы қызметі қандай болмақ?
- Қызмет бөлісетіндей қызмет жоқ бізде, бәріміз да бүгінгі демократияның сарбаздарымыз, сондықтан ақылдасып шешеміз. Әрине, ол «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының қатарында мүше. Ал алдағы уақытта қай партияға барады, қандай партия құрады – ол оның өз еркінде.
Тіркелмеген «Нағыз Ақ жол» партиясының теңтөрағасы Алтынбек Сәрсенбайұлы болса, егер халық талап етпесе, Жақияновтың бостандыққа шығуы да екіталай деп есептейді:
- Егер Қазақстаның халқы Ғалымжанның босатылуын талап етіп күреспегенде ол түрмеде отыра беретін еді. Түрмеде отырған кезде саяси режиммен ешқандай келісімге келмей, аяғына дейін күрессе, ол бостандыққа шыққаннан кейін ары қарай күресін жалғастырады деген сөз. Бұдан кейінгі қадам – демократиялық күштердің бірігуін және олардың нығаюын қамтамасыз етуіміз керек.
Кезінде шартты түрде бостандыққа шыққан тәуелсіз журналист Сергей Дуванов өзі секілді енді Ғалымжан Жақияновтың да толық қоғамдық қызметке араласуына құқы бар деп санайды.
«Ол да шетелге шығуға, қоғамдық қызметке араласуға, жазуға, мақалалар жариялауға құқығы бар. Яғни, оның барлық азаматтық құқықтары қалпына келтіріледі. Тек бір ғана мәселе бар. Егер бір заң бұзушылық тапса, оны қайтадан колонияға қайтара алады және оған қарсы жаңа бір істер табуы да мүмкін», - дейді Сергей Дуванов.
Ал Жақияновтың жұбайы Қарлығыш Жақиянова қаңтардың 15-і өз өміріндегі ең қуанышты күндердің бірі екенін айтады.
«Бүгін өте қуанышты күн, міне үлкен жаңа жылдың алдында үлкен жаңа жылы леп келе жатқандай, сондықтан мен үлкен үмітпен қараймын – біздің болашағымызда, тек қана біздің семьямызда емес, бүкіл халық үшін, жан-жағымызда жүрген адамдар үшін ертеңгі күні бір өзгерістер, жақсылықтар болатын шығар деген үлкен үмітпен қараймын», - дейді Қарлығаш Жақиянова.
Оның айтуынша, Ғалымжан Жақиянов шартты түрде бостандықтағы алғашқы күнін Алматыдағы өз үінде ең жақын адамдарының арасында қарсы алмақ. Ал Жақияновтың өзі болса, «бүгінгі күнге жоспарыңыз қандай?» деген «Азаттық» тілшісінің қойған сауалына «ешқандай жоспар, міне, Болаттың қолындамыз» деп жанында жүрген белгілі саясаткер Болат Әібловқа меңзеп екеуі бірге жарқын күліп жауап қайтарды. Ал, Б.Әбілов болса Жақияновтың әлі ешқандай жоспарын білдірме тұрып-ақ билік әбігерге түсіп жатыр деген өз ойын айтты.
«Менің ойымша, қазір Ғалымжан бостандыққа шығысымен Астандағы үлкен кеңселердегі дөкей лауазымда оырғандар енді не істейміз деп бастарын қатырып жатқанға ұқсайды», - дейді Болат Әбілов.
Павлодар облысының бұрынғы әкімі әрі «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының бұрынғы жетекшілерінің бірі Ғалымжан Жақиянов 2002-ші жылы қызмет лауазымын асыра пайдаланды деген айыппен Павлодар сотының үкімімен 7 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Бірақ, елдегі оппозициялық күштер мен бірқатар халықаралық ұйымдар Жақияновты саяси тұтқынға жатқызды. Ол сот белгілеген мерзімінің жартысын өтегендіктен, сот шешімімен енді шартты түрде бостандыққа шығарылды.