Үкімет басшылығына Даниал Ахметовтің қайта келуін қазақстандық саясаттанушылар әрқилы бағалайды. Мысалы, кейбір сарапшылар мұны Ахметовтің кандидатурасын қолдайтын олигархтық топтардың қазіргі президентке ықпалының жоғарлығымен түсіндірсе, кейбір саясаттанушылар президент құзіреті жоғары қазіргі саяси жүйеде үкімет басына кім келсе де, ол елде айтарлықтай өзгерістер жасай алмайды деп есептейді. Сондай-ақ саяси сарапшылардың арасында «жаңа үкімет құрамын жасақтауға оппозиция өкілдерінің шақырылуы мүмкін» деген пікір бар.
Бұған дейін Қазақстанда Әкежан Қажыгелдин үкіметінен кейінгі үкіметтердің бәрі өз беттерінше жұмыс істей алмайтын, барлық шешімдері толығымен президенттің ерік-жігеріне тәуелді техникалық органға айналды, деп есептейді тәуекелді бағалау тобының директоры Досым Сәтпаев.
- Үкіметтің өз бетінше әрекет ете алатын дербес ойыншы еместігін ескерсек, әрине, премьер-мининстрдің де мемлекеттік жүйеде ықпалды тұлға еместігі аян. Қазіргідей президенттің қалыптан тыс құзыреті бар құрылымда үкімет тек атқарушы орган бола алады. Сол себептен, үкіметке қандай адамдар келсе де, олар елдегі ішкі саяси-элиталық күштердің орналасуына еш әсер ете алмайды. Өкінішке орай, үкіметтің қазіргі мәртебесі мен ықпалы кейбір жекелеген элиталық топтардың мүмкіндігінен де төмен!, - дейді саясаттанушы Досым Сәтпаев.
Ал Ұлттық саяси зерттеулер орталығының директоры Бөріхан Нұрмұхамедов, Даниал Ахметовтің қайта үкімет басына келуі оның артында тұрған қаржылық топтардың президентке ықпалының зор екендігімен түсіндіреді:
- Оның артында тұрған топтың ықпалы өте мықты болғаны ғой. Ал басқа топтар өз үміткерлерін ондай деңгейге жеткізген жоқ.
Даниал Ахметовті ұсыну арқылы президент элиталық топтар арасындағы ескі тепе-теңдікті бұзбай, өзгеріссіз қалдыруға шешім қабылдады деген пікір білдіреді әлі тіркелмеген «Нағыз Ақ жол» партиясының теңтөрағасы Алтынбек Сәрсенбайұлы:
- Бұл – президент айналысында қалыптасқан саяси, отбасылық, олигархтық топтардың бір ауыздан жаңа адамға келісімге келе алмағандықтан, сол ескі балансты сақтауға шешім қабылданды деп есептеуге болады.
Дегенмен, оппозиция өкілдері де қазіргі саяси-қаржылық элитамен байланыстарын үзіп отырған жоқ. Сол себептен, олардың кейбіреуінің жаңа үкіметке шақырылуын жоққа шығаруға болмайды дейді саясаттанушы Досым Сәтпаев. Оның айтуынша қазіргі жұмыс істеп жүрген 5 оппозиционер билікке қайтып келуі де мүмкін.
- Міндетті түрде үкіметке емес, олар биліктің басқа атқарушы құрылымдарына шақырылуы ықтимал. Мен бұл жерде Жармахан Тұяқбай, Алтынбек Сәрсенбайұлы, Ораз Жандосов туралы айтып отырмын. Олардың кейбіреуі үшін элитаның есігі әрдайым ашық екендігіне президент те меңзеген. Бірақ олар үкіметке келген күннің өзінде министрлер кабинеті қабылдайтын қандай да бір экономикалық-саяси шешімдерге әсер ете алады деп айту қиын, - дейді Досым Сәтпаев.
Оппозиция өкілдеріне жаңа үкіметтен орын ұсынылғанымен олардың билікке қазіргі таңда қайтып баруы неғайбыл деп есептейді саясаттанушы Берік Әбдіғалиев:
- Ұсыныстар болғанымен, ешкім де бармайтын шығар. Енді Әлихан Байменов радикалды оппозицияға қарағанда өз ерекшелігі болғандықтан, оны билік орындарына шақыруы мүмкін. Бірақ ол да үкіметке кірмейтін шығар. Себебі, қазіргі үкіметтің жаңа саяси өзгерістер жасап, оппозицияның белгілі бір талаптарын орындай қоюы күмәнді.
Ал оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы болса, өздерінің қызмет бөлісуді емес, бірлескен іс-қимыл мәселесін талқылауға дайын екендіктерін айтты:
- Егер де сайлауда ұсынған әлеуметтік-экономикалық, саяси жаңару бағдарламамыз жүзеге асырылып, ол заң жобаларына айналатын болса, бірлескен іс-қимыл мәселесін талқылауға болады.
Қазіргі таңда премьер-министр Даниал Ахметов экономика және бюджетті жоспарлау министрі ретінде Қайрат Келімбетовті, қаржы министрлігіне Наталья Коржованы ұсынып отыр деген ақпарат тарап отыр. Алайда, әлеуметтік-экономикалық сала бойынша министрлікке үміткерлерді үкімет басшысы ұсына алғанымен, құқықтық, саяси-идеологиялық блок басқарушыларының тізімі президент әкімшілігінен даярланып шығуы тиіс дейді саясттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов:
- Содан кейін ғана кімнің қандай үміткерді ұсынғанына қарап, үкіметтің әрі қарайғы бағытын, реформаларға бару мүмкіндігін болжауға болады.
Даниал Ахметов Қазақстан үкіметінің басына 2003-ші жылы маусым айында келген болатын. Ол басқарған алдыңғы үкімет президенттің қайтара сайлануына және оның қаңтардың 11-інде қызметіне кірісуіне сәйкес жұмысын тоқтатқан еді.