Дүйсенбі күні Еуроодақ сыртқы істер министрлерінің Брюссельдегі отырысында бірқатар мәселелер талқыланды. Күн тәртібінде: президент сайлауы қарсаңында Беларустегі жағдай, Ауғанстанның келешегі, Иранның ядролық бағдарламасы төңірегінде қалыптасып отырған дағдарыс, сонымен қатар, Еуропалық Одақ пен Ирақ арасындағы қарым-қатынастар мәселесі болды.
Еуроодақ сыртқы істер министрлерінің отырысына Беларустегі оппозициялық үміткер Александр Милинкевич қатысты. Милинкевич, сондай-ақ, Еуропалық коммиссия президенті Жозе Мануэл Барросо, Еуроодақтың сыртқы саясат мәселелері бойынша басшысы Хавиер Солана және тағы басқа ресми өкілдерімен кездеседі.
Аты-жөнін атамауды сұраған Еуропалық дипломат, Милинкевичтің жоғары деңгейде қабылдануы Еуропалық Одақ үшін әдеттегі оқиға деді. Дипломаттың айтуынша, Еуропалық Одақ басқа да елдердің оппозициялық өкілдерімен жиі кездесу өткізеді, бірақ бұл - Еуроодақ оларды жеке қолдайды дегенді білдірмейді. “Біз саяси партияларды қолдамаймыз, біз ұстанымдарды қолдаймыз”, - деп атап көрсетті дипломат.
Еуропалық коммиссия өкілі Эмма Удуин “Азаттыққа” берген сұхбатында былай деген:
“Еуропалық Одақ Беларустегі демократия мен саяси бостандық және адам құқықтары мәселелерінің нашарлап бара жатқанына байланысты алаңдаушылық білдіреді. Президент сайлауы қарсаңындағы Беларустегі жағдайды біз тығыз бақылап отырмыз. Өткен жылдың соңында, Еуропалық Одақ егер сайлау халықаралық талаптарға сай келмесе, онда шек қойылатын шаралар қолданылады деп айтқан болатын”.
Дүйсенбі күнгі отырысында Еуроодақ министрлері Беларус билігіне қатысты арнайы мәлімдеме жасады. Беларусте президент сайлауы наурыздың 19-на белгіленген.
Еуроодақ министрлері, сондай-ақ, Ауғанстанға қатысты Лондонда өтетін екі-күндік конференция қарсаңында Ауғанстан мәселесін де талқылады. Еуропалық коммиссия өкілі Эмма Удуин:
“Ауғанстан мен донор елдердің арасында алдағы жылдарға арналған жаңа келісімдер жасалады. Оған сәйкес, Ауғанстанның тұрақтылығы мен өркендеуі үшін көмектесу шаралары қарастырылады”, - деді.
Сонымен қатар, Еуроодақ министрлері Иранның ядролық бағдарламасы төңірегінде қалыптасып отырған жағдайды да талқылады. Иран мәселесіне қатысты Атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігі де ақпанның 2-сі күні төтенше жиналыс өткізбекші. Еуроодақ министрлері Иранның уран байыту ісінің қайта басталғанына байланыста алаңдаушылық білдіріп отыр. Еуропалық Одақ Иран мәселесі дипломатиялық келіссөздер арқылы шешіледі деп үміттенеді.
Ирақта өткен парламент сайлауларының қорытындысы жарияланғаннан кейін Еуроодақ министрлері Ирақ мәселесін алғашқы рет талқылады. Ресмилердің айтуынша, Ирақтың жаңа үкіметі жасақталысымен-ақ Еуроодақ бұл елмен ынтымақтастық жөнінде келіссөз өткізуді қалайды.