АҚШ президенті Джордж Буш және Ресей президенті Владимир Путин осы аптада кездейсоқ жағдайда қатар сөйлеп, мемлекеттері алдында алдағы 12 айда тұрған мақсат-мұраттар туралы айтты. Екі басшы сыртқы саясат мәселелерінде қарама-қайшы ұстаным танытты. Путин, қорыта келе, Ресейге «революция емес, эволюция керек» десе, Буш «революциялық» өзгерістерге ұмтылу қажеттілігін айтты.
Сырт көзбен қарағанда бұл қырғи-қабақ соғысын еске түсіруі мүмкін. Ол кезде Мәскеу революция экспортына күш салатын, Вашингтон бұған төтеп беретін. Мәселен, Әндіжан қырғыны жайында сұрақ қойылғанда, Өзбекстан басшыларымен Ресей қатынасы қандай болғаны жөн дегенде Путин былай жауап қатты:
- Орталық Азияда бізге екінші Ауғанстанның қажеті жоқ, біз мұнда үлкен сақтықпен қимылдайтын боламыз. Орталық Азияда революциялардың болғаны бізге қажет емес. Бізге қажеті – эволюция, сіз айтып отырған құндылықтарды эволюция іске асырады. Әндіжанда біз тап болған апаттарға эволюция жол бермейді.
Буш болса Америка белсенді сыртқы саясатын жалғастыра түседі, терроризмге қарсы соғыс жалғасады, Ирақ соғысы жалғасады, әлемде демократиялық өзгерісті кеңінен қолдау саясаты жалғасады деді. Ирақ соғысын жалғастыру керек деген Буштың ұстанымы оның ел ішіндегі беделін түсіріп отырғаны аян. Дегенмен Буш оқшаулану жолына түспейміз, әлемдегі дағдарыс ошақтарынан тыс қалмаймыз дейді:
- Алдымызға үлкен мақсаттарды қойып тұрған қиын заманда оқшаулану және протекционизм саясаты даңғыл, ұтымды боп көрінуі мүмкін. Бірақ ол апат пен құлдырауға әкеледі. Әлемде жетекшілік жасау халқымызды қорғаудың жалғыз жолы, бейбітшілікті сақтаудың, намысымызды жібермеудің жалғыз жолы. Сондықтан Америка Құрама Штаттары көшбасшылықты жалғастыра береді.
Президент Буш Ауғанстан мен Ирақ жайында былайша егжей-тегжейлі айтып кетті:
- Террорлық ұйымдарға қарсы шабуылдарымызды жалғастыра береміз. Олардың көптеген басшыларын не өлтірдік, не тұтқынға алдық. Қалғандарына да сол күн туады. Ауғанстанда алға басып отырмыз. Мұндағы жақсы президент пен парламент терроризмге қарсы соғысып жатыр, демократияның жаңа институттарын қалап жатыр. Ирақта алға басып отырмыз, мұнда жеңіске жетеміз деген анық жоспарымыз бар.
Президент Буш Иран халқы аздаған кертартпа топтан езгі көріп отыр, Иран билігі Палестина мен Ливанда террористерге қамқорлық жасайды, бұған тоқтау салыну керек деді. Иран халқы демократия жолын таңдаса оған қолдау көрсетіледі, Америка Иран халқына құрметпен қарайды, деді Буш.
Ішкі мәселелерге келгенде Буш пен Путин энергетика мәселелесіне көбірек назар аударды. Буш Американың Таяу Шығыстан келетін мұнайға тәуелділігін 2025 жылға таман тоқтату керек, жаңа технологияларды дамыту керек деді. Путин Ресей газын қымбаттату саясатын жақтады:
- Нарық талаптарына қайшы баға қалыптастырудың жалғасқанына, Ресей тұтынушыларының есебінен, Ресей азаматтарының есебінен бұрынғы Совет Одағы республикаларының экономикаларын дотациялаудың созылып жатқанына міне он бес жыл болды. Украина экономикасын сүйемелдеу Ресей азаматтарын жыл сайын үш жарым миллиард доллардан айырады. Ал Америка Құрама Штаттарының Украинаға көрсеткен көмегі, қателеспесем, былтыр 147 миллион доллар болыпты.
Қорыта айтқанда, экономика мәселесінде Буш Американың әлемдегі басымдылығы қалпында қалса жөн деді. Ал Путин керісінше, Ресейді алға шығаратын кезең келді деп уәж айтты.