Голливудтағы киноакадемия «Оскар» сыйлығына ие болғандарды марапаттау салтанатының 5-наурызда өтетіндігін хабарлады. Бұл жолы «Оскар» номинанттығына лайықты деп іріктелген фильмдер негізінен расистік және жыныстық тақырыптар бойынша алынған. Ең көп - сегіз бірдей «Оскар» номинациясына ұсынылған «Бүкір таулар» атты кино гей екі жігіттің бір-біріне деген махаббатына арналған. «Оскардың» алты номинациясына лайықты деп танылған «Қақтығыс» фильміне Лос-Анжелестегі қазіргі расизм тақырыбы арқау болған екен.
Кешегі күні жария болған ақпаратқа қарағанда, барлығы ең үздік деген бес фильм «Оскардың» түрлі номинациясына лайықты деп танылған екен. Лос-Анжелестегі салтанат барысында номинанттарды Америка киноакадемиясының президенті Сид Гэнис пен актриса Мира Сорвино хабарлаған болатын.
- Мен 2005 жылғы ең үздік кино туынды ретінде іріктелген фильмдерді жариялайтыныма қуаныштымын, «Бүкір таулар» - продюссерлері Дайана Оссана және Джеймс Шамус, продюссерлер Кэролайн Барон мен Уиллям Винс, Мишел Оувеннің «Капоте» фильмі мен «Қақтығыс» деп аталатын Пол Хэггис пен Катси Шулман түсірген картина және продюсер Грант Хесловтың «Қайырлы түн мен табыстар» деп аталатын киносы, сонымен бірге Кэтлин Кеннеди мен Стивен Спильберг, Бэрри Мендел түсірген «Мюнхен» деп аталатын фильмдер, -деді М.Сорвино.
Міне, осы аталған бес фильм «Оскардың» әрқилы номинацияларына ұсынылып отыр, бұлардың бәрі де түрлі драмаға құрылған күрделі экрандық шығармалар. Олардың ішінде «Мюнхен» фильмінен басқасының бәрі де АҚШ-та түсірілген және олардың бәрі де әлеуметтік тақырыптарды қозғаған.
Режиссер Стивен Спильберг түсірген «Мюнхен» фильмі ғана 1972 жылғы жазғы Олимпиада ойындары кезінде палестиндік бір қарулы адамның Израилдың 11 спортшысын кепілдік тұтқынына алған оқиғаны арқау еткен.
Ал «Қайырлы түн мен табыстар» деп аталатын киноның негізгі кейіпкері 1954 жылы АҚШ сенаторы Джозеф Маккартиге қарсы тайталасқан тележаңалықтар журналисі Эдуард Морроудың оқиғасын кеңінен қамтыған. Сенатор Джозеф Маккартидің 1950 жылдары коммунистер мен коммунистерді жақтап, оң қабақ танытатындарға қарсы шайқаспен атағы шыққан болатын. Фильмде сенатордың сол кезде айтқандары сөзбе-сөз беріліп отырған. Киносыншылар болса, бұл фильм қазіргі журналистиканы сынға алады деген тұжырым жасайды.
Сарапшылар сондай-ақ «Қақтығыс» фильмін Америкадағы расизм мәселесін ашық сипаттап, суреттегені үшін жақсы бағалауда. Мәселен, мұндағы көпұлтты халықтың арасында, дүкен қожайыны ирандықтың, 11-қыркүйек шабуылынан кейін, оның арабтекті болғаны үшін қандай зорлық жайттарға душар болғаны баяндалады.
Ал «Бүкір таулар» фильмі 60 жылдары бір-біріне ғашық болған екі ковбой жігіттің махаббатының тарихына құрылған, басты қос кейіпкердің өмірін суреттейді. «Капоте» картинасы жазушы Трумэн Капотенің шығармашылығына арналған, бірақ оның жыныстық бағыттағы ұстанымы фильмнің негізгі арқауына алынбаған.
«Оскар» сыйлығының ең үздік ер адам бейнесін сомдағаны үшін номинациясына лайықты деп табылған жұлдыздар қатарында «Капоте» фильмінде жазушы Трумэн Капотенің ролін ойнаған Филипп Сеймур Хоффман мен «Бүкір тауларға» түскен актер Хит Леджер бар.
Басты ролдерде үздік орындаушылар номинациясына ұсынылғандар «Капотеде» - Филлип Сеймур Хоффман, «Қыспақ пен ағын» фильміндегі Терренс Хоуард, «Бүкір таулардан» Хит Леджер, «Қайырлы түн мен табыстар» фильміндегі Дэвид Стрейтерн, «Бағытпен жүру» картинасында - Хоакин Феникс.
Кеше сондай-ақ дау-жанжалдың ортасында назарға ілігіп отырған «Енрон» компаниясы туралы «Енрон: бөлмедегі ең ақылды адам» деген деректі лентаны жасаушылар өз туындыларының номинанттар қатарынан орын алғаны жөнінде естіп-білген. Дәл сол кешегі күні «Енронның» бұрынғы атқарушы басшылары Кен Лэй мен Джеффрей Скиллингке қарсы жүргізілетін сот процесіне төрешілік ететін қазылар алқасы сарапталған болатын.