Грузия мен Арменияға табиғи газ тасымалдайтын құбырын Ресей қалпына келтірді. Алайда, Ресей газ құбырындағы жарылыстың саяси және экономикалық салдары әлі басылар емес. Екі арадағы бірқатар қатаң дипломатиялық мәлімдемелерден кейін Грузияның солтүстіктегі қуатты көршісімен арадағы онсыз да күрделі байланыстары одан әрмен нашарлады. Мұның сыртында, Грузия газ мәселесінде Ираннан жәрдем сұрады, соңғы 30 жылда алғаш рет Грузия Ираннан табиғи газ ала бастады. Бұл қадамға АҚШ-тың көзқарасы қандай? Ресми Мәскеумен арадағы айтыстан кейін Грузия табиғи газ импортының басқа көздерін табуды табанды саясатқа айналдырмай ма? Ресей газ құбырындағы жарылыстың ендігі бір құрбаны Армениядағы жағдай қандай?
Ресей-Грузин байланыстарындағы өзара өшпенділік дүйсенбі күні Ресей Президенті Владимир Путин Кремльде өткізген баспасөз мәслихатында тағы да түс берді.
Ресейден Грузияға тартылған газ құбырындағы жарылыс ресми Тбилисиге қарсы энергиялық соғыстың бір көрінісі болды ма деген грузин журналистінің сауалына жауап берген президент Путин Грузин үкіметін қатаң сын астына алды. Оның сөзінше, бар мәселе Грузиядағы белгілі саяси жетекшілердің екі арадағы байланыстарды дұрыс бағалай алмауында болып отыр.
"Иә, бақытсыздық болды, газ тасымалы тоқтап қалды. Біздің мамандар күн демей, түн демей минус 30 градуста тау ішінде жұмыс істеп, Грузияға газ тасымалын қайта қалпына келтіруге тырысты. Ал біздің Грузин жетекшілігінен естігеніміз не болды? Олар біздің жаққа түкірумен ғана болды", - деді Ресей Президенті Владимир Путин.
Алайда, Грузия тарабы қалыптасқан жағдайды басқаша бағалап отыр. Грузин Президенті Михеил Саакашвили өз елінің соңғы бірнеше онжылдық тарихындағы ең қатаң қыс ортасында газ құбырының жарылуын Ресейдің әдейі ұйымдастырған қаскүнемдік әрекеті деп атады.
"Бұл жарылыстың мақсаты - Грузияны күйзелту және бүтін әлемге бізді әлсіз, болашағы жоқ ел ретінде көрсету еді. Алайда, бұл қаскүнемдіктің нәтижесі мүлде керісінше болды: біздің жұрт өту қуатты екенін көрсетті, біздің қоғам тығырықтан бұрынғыдан да күшті боп шықты", - деді Грузин Президенті Михеил Саакашвили.
Украина мен Балтық елдеріндегідей, Ресейдің Кавказ аймағындағы ықпалының бір құралы осы табиғи газ болатын. Осыған дейін табиғи газ мәселесінде Грузия толғымен Ресейге тәуелді еді. Алайда, ендігі жерде Грузия бұл тәуелділікті жою амалдарына кірісті. Бұл тұрғыда Грузия Иранға қарай бұрылып отыр.
Апта басында Тбилисиге сөйлеген сөзінде Грузин Президенті Михеил Саакашвили мынандай мәлімдеме жасады:
"Бүгін [қаңтардың 30-ында] тарихи маңызы бар оқиға болды және бұған біздің былтыр [Иран-Әзербайжан-Грузия бағытындағы] газ құбырын қалпына келтіргеніміз мұрындық болды. Грузия тәуелсіздігін алғаннан беріде тұңғыш рет біз табиғи газды тек Ресейден ғана емес, басқа тараптан да алатын болдық. Бұл бағыттағы әрекеттерімізді, әлбетте, одан әрмен күшейтетін боламыз", - деді Грузин Президенті Михеил Саакашвили.
Грузин Президентінің бұл мәлімдемесіндегі соңғы сөйлемге талдаушылар ерекше назар аударып отыр. Бұл ендігі жерде Грузия Ираннан табиғи газ сатып алуды тұрақты түрде жүзеге асырмақ дегенді білдіретінге ұқсайды.
Иран мен Әзербайжаннан тасымалданатын табиғи газ күніне 4 миллион текше метр, яғни Грузияның газға деген мұқтажын тек 30 пайызға қанағаттандырады десек те, алдағы жылы Баку-Тбилиси-Ерзурум газ құбыры салынып біткенде Грузияның Әзербайжандық Шах Дениз кенішінен молырақ көлемде табиғи газ алу мүмкіндігі пайда болмақ.
Қаңтардың 30-ы күні Грузин Президенті Михеил Саакашвили телефон арқылы Американ Мемлекеттік Хатшысы Кондолиза Райспен сөйлескен. Әңгіме барысында сөз болған ең басты тақырып Грузияның энергиялық проблемалары болған. Грузияның табиғи газды Ираннан алу мәселесі содан кейін көтерілген. Грузияның экономикалық тәуелсіздігін, оның ішінде, әсіресе, энергиялық тәуелсіздігін нығайтуға Американың мүдделі екенін ескерсек, АҚШ Грузин-Иран газ келісімін елемей өтуге әзір болғанға ұқсайды. Грузин Президенті Михеил Саакашвили мен Американ Мемлекеттік Хатшысы Кондолиза Райс арасындағы телефон әңгімесінен кейін таратқан ресми хабарламасында Грузин Президенттік әкімшілігінің баспасөз бөлімі АҚШ "Грузияның энергиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барынша жәрдем көрсетуге дайын" деп атап өтті.
Ресей газ құбырындағы жарылыстың ендігі бір құрбаны Армения да, Ресейдің аймақтағы ең сенімді одақтасы болғанына қарамастан, қалыптасқан жағдай газды Ираннан тасымалдау қажеттігін көрсетті деп мәлімдеді. Мәлім болғанындай, Ресейлік «Газпром» Грузияға іспетті Арменияға да сататын газдың бағасын таяуда екі есеге таяу өсіріп, мың текше метріне 110 доллар дәрежесіне дейін жеткізді.
Армения қазіргі жағдайда Иранмен арадағы салынып жатқан газ құбырын тезірек бітіру қажет деп біледі. Ресей бұл жобаға барынша қарсы деген мәлімет те бар. Мәскеуде шығатын «Коммерсант» газетінің жазуына қарағанда, Ресей Арменияға табиғи газдың бағасын бұрынғы 59 доллар бағамында ұстап қалу ұсынысын да жасаған. Алайда, мұның қарымтасы ретінде Армения арқылы өтетін газ құбырының 45 пайыз үлесін өз қадағалауы астына алмақ болған. Ереванда бұл ұсынысқа байланысты наразылық айтып, күйіп-пысқандар аз болған жоқ. Ал Армян Президентінің баспасөз уәкілі Виктор Согомонян бұл хабарды теріске шығарды.
"Бұл хабарды естуім бар. Онда айтылған мәліметтер шындыққа жанаспайды. Армян жағына мұндай ұсыныстар жасалған жоқ", - деді Армян Президентінің баспасөз уәкілі Виктор Согомонян.