Әзірбайжан ұлттық қауіпсіздіктің жаңа тұжырымдамасын және әскери доктринаны жариялауы тиіс болатын, ол құжаттармен жұмыс істеу туралы президент Илхам Әлиев 2005 жылдың басында арнайы бұйрық та берген еді. Бірақ ол не себепті созылып кетті?
Ұлттық қауіпсіздік ұғымы мен жаңа әскери доктринаның кіріспесінде қауіпсіздік тұжырымдамасының жобасы түзіледі деп күтілген. Міне, осындай - елдің қауіпсіздігі үшін аса маңызды деген құжаттарды әзірлеу барысында жетістіктерге қол жетпей отырғаны - Әзірбайжанның жоғары шенді әскери қолбасшыларының стратегиялық көзқарас-пікірлерінде қарама-қайшылықтар орын алып отыр деген болжамға жетелейді. Немесе Әзірбайжан НАТО мен АҚШ-тың, Ресейдің әрқайсысымен оларды қорғаныс саласындағы ынтымақтастығы үшін жақынырақ одақтас ету мәселесінде ойнап отыр деген болжамдарға дәлел болатындай.
Әзірбайжанның қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің өкілі, майор Илгар Вердиев 26-қарашада қауіпсіздік тұжырымдамасы әлі де жобалық деңгейде жасалып жатыр деп айтқан болатын. Ол әбден дайын болғаннан кейін Парламенттің қарауына ұсынылады, депутаттар талқылауынан өткен соң барып, Президент қол қойғаннан кейін ол жұмыс істейтіндей күшке ие болады. Содан кейін ғана әскери доктринамен жұмыс істеу басталады деп атап көрсеткен еді.
Ал 2005 жылдың сәуір айында президенттің әскери мәселелер бойынша көмекшісі Вахид Әлиев "Айна" деп аталатын басылымға берген сұхбатында ұлттық қауіпсіздіктің жаңадан түзілген тұжырымдамасы мен жаңа әскери доктрина әрі кетсе 2005 жылдың жазында дайын болады деп айтқан болатын. Міне, осы айтылғандарға қарамастан, бұл екі маңызды құжаттың қабылдануы кешігіп жатыр, бұл ретте Әзірбайжанның әскери сарапшысы Ясар Жафарли аталған екі құжатты әзірлеп, қабылдауды кешіктіре беру - елдің НАТО ұйымымен байланыс, қарым-қатынасына өзіндік зиянын тигізеді деп атап көрсеткен-ді.
Әзірбайжан мен НАТО-ның қарым-қатынастары 2004 жылдың ақпан айында Будапештегі НАТО-ның жаттығу курстарына қатысып жүрген армян әскерінің Әзірбайжан офицерінің қолынан қаза тапқан және Бакудегі НАТО конференциясына қатысатын армян шенеуніктеріне Әзірбайжанның виза беруден бас тартқан оқиғалардан кейін біраз шиеленісіп кеткен-ді.
Мұнан кейін де Әзірбайжанның НАТО мен әріптестігінің жекелеген жоспарын талқылау барысында да біраз келіспеушіліктер болған, жоғарыда айтылған «Айна» басылымының жазуына қарағанда. Онда Әзірбайжанның әскери салада Совет одағы кезіндегі талаптарды ұстанғысы келетіндігіне байланысты пікір қайшылықтары туғандығы айтылған еді.
Міне, осылардың бәрін ескере келгенде, Әзірбайжанда ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасы мен әскери доктринаның қабылдануының кешігуі белгісіз себептерге байланысты деуге болмайтын тәрізді. Әзірбайжан әлі күнге дейін Армениямен Таулы Қарабақ мәселесінде қырғи-қабақ болып келеді. Әзірбайжан президенті де, елдің қорғаныс министрі Сафар Әбдиев те егер Таулы Қарабақ мәселесі бейбіт реттелмейтін болса, жаңа агрессияға бару құқтарын пайдаланамыз дегенді бірнеше рет мәлімдегендігі де белгілі. Бұл аралықта Әзірбайжан президенті Илхам Әлиев қорғаныс саласына бөлінетін қаржыны көбейткен болатын.
Екінші жағынан алғанда мұндай маңызды құжаттарды әзірлеуге қазіргі заманғы талаптарға сай ойлау, жоспарлау тәжірибесінің жетіспеушілігі немесе пікір-көзқарастардың өзгешелігі де кедергі болуы мүмкін. Жақын күндері Әзірбайжанның ақпарат құралдары Әбдиев басқа да өзі тәрізді білім мен әскери тәжірибені Совет одағы кезеңінде жинақтаған жоғары шенді әскерилермен бірге қызметтерінен кетіп, әскери басты орындарды жас мамандарға, НАТО оқуы мен жаттығуынан өткен әскери офицерлерге беруі керек деген ұсыныстар төңірегінде жаза бастаған-ды. Әрине, бұл он жылдан астам уақыттан бері Қорғаныс министрі болып келе жатқан Әбдиев үшін жеңіл емес. Әзірбайжан әскері қатарында жемқорлық, қабілетсіздік кең жайлаған деп жазылып та, айтылып та жүр.
АҚШ-тың кейбір талдаушылары болса, Әзірбайжанның мұндай маңызды құжаттарын қабылдай алмай отырғанының өзге де себептері қатарына бір жағынан елдің НАТО-мен қарым-қатынасын толықтай сәйкестендіре алмағандығына, екінші жағынан АҚШ-пен екіжақты қатынастарына келіп тіреледі дейді. Бұл айтылғандармен бірге Әзірбайжан НАТО-мен жақын байланыстарға ұмтыла отырып, Ресеймен де қорғаныс саласындағы қарым-қатынастарын қауіп-қатерге байлағысы келмейді.