Америка Құрама Штаттарында 2001 жылғы 11 қыркүйектен бері ешқандай террорлық шабуыл болған жоқ. Дегенмен, АҚШ қорғаныс министрі Дональд Рамсфельд жаңа шабуыл кез-келген уақытта жасалуы мүмкін, Америка халқына төніп тұрған қауіп-қатер көп деді. Рамсфельд "Әл Қаида" сынды террорлық ұйымдардың белсенділігі аса қатты өсіп отыр деп ескертті.
АҚШ қорғаныс және барлау орындары қауіпсіздікті қамту үшін қолдан келер барлық шараны іске асырып жатыр деген Рамсфельд қауіп-қатерге төтеп беру қиын деп те айтты. Бейсенбі күні сөйлеген сөзінде Рамсфельд терроризмге қарсы соғыстың ең үлкен алаңы Ирақ пен Ауғанстанда емес, Америка Құрама Штаттарының өз басында және батыс елдерінің астаналарында деп айтты. Террористер әскери киім киіп жүрген жоқ, олар жергілікті халықтардың өкілдері сияқты жүр, олар интернет арқылы қимыл жасайды, мектеп пен медреселерде шоғырланған, жалған паспорттармен жүреді делінді. Рамсфельд бұл жерде осы қауіптің көлемін толығымен сезінбеу, қауіпке толығымен назар аудармау орын алып отыр деп зейін қойды.
Әрине, дейді Рамсфельд, АҚШ үкіметі қауіпке төтеп беруге бар күшін салып жатыр, барлау жұмысы күшейтілген, исламшыл террористердің қолына жойқын қару түспесін деп барлық әрекетті жасап жатыр дейді. Вашингтон басқа елдерге де сол жақтағы террорлық топтарға төтеп беруге көмектесіп жатыр, бірақ бұл әрекеттер толық нәтижесін бермеуі де мүмкін дейді Рамсфельд:
- 11 қыркүйектен кейін осы жылдары нақты табысқа қол жеткіздік. Жау, бір жағынан қарағанда, әлісіреді, үлкен қысым көріп отыр. Екінші жағынан қарағанда, ол ғаламдық ұмтылысты әлі жасай алатын халде, көп америкалық азаматтарды өлтіру ниеті әлі көп, жау қуат-күші молайып жатқан қаруды жұмсауға әлі де болса әрекет жасап жатыр.
АҚШ басшылары террористер ұрыс алаңына шықпайды, сондықтан оларды жеңу қиын, соғыс ұзаққа созылады деп келеді. Бейсенбі күнгі сөзінде Рамсфельд терроризмге қарсы соғысты қырғи-қабақ соғысымен салыстырды:
- Бұл соғыс бітеді деп білемін. Қырғи-қаба соғысы да біткен. Ол бітетінін не қашан бітенін ешкім білген жоқ. Оған 45 жыл кетті, бірақ ол бітті. Мына соғыс та бітеді. Бұл бұрқ етіп бітпейді, бұл қыңсылдаумен бітеді деп ойлаймын. Терроризмге қарсы соғыста көбірек елдер табысқа қол жеткізіп, бұл соғыс ұзақ уақыт жалғасып, әлсірейтін болады.
АҚШ әкімшілігі терроризмге қарсы соғыстың орталық майданы Ирақта деп біледі. АҚШ мұнда 138 мыңға жуық сарбаз ұстап отыр.