Президент Құрманбек Бақиев кеше аяқ астынан парламентке келіп, депутаттарды өз қалталарына емес, мемлекет мүддесіне қызмет етуге шақырды. Бақиев парламент депутаттарын араздықты қойып, үкімет реформаларын қолдауға шақырды. Бұрынғы президент Асқар Ақаевтың кезінде сайланған парламент жаңа президентпен тіл табыспай келеді. Халықаралық қауымдастық Орталық Азия елдерінде жікшілдіктің ұлғайғанына алаңдап отыр.
Жұма күні парламентке аяқ астынан келген Бақиев елге мықты парламент керек, ондай мәртебеге қол жеткізудің орнына парламент елдегі тұрақсыздық ахуалының бұлағына айналды деп сын айтты. Бұдан бір апта бұрын бас министр Феликс Құлов коррупцияға қарсы күрес саябырсып қалды, заң орындары ұйымдасқан қылмыс әлемімен сыбайластығын күшейтті деп сын айтқан. Құловтың сыны үкімет ішіндегі араздықты көбейтті. Бұдан соң парламент үкімет реформаларына бөгет жасайды деген сөз көбейді. Президент Құлов парламент депутаттарының былық бизнестері шектен шығып кетті деп айтты:
- Арақ сату бизнестіріңізді қысқартыңыздар! Бұл парламент депутаттары туралы заңға қайшы. Бұдан соң сіздерге бронежилеттің де қажеті жоқ. Заң бұзуды тоқтатыңыздар! Заңды және заңсыз бизнестеріңізді жабыңыздар! Парламент депутаты өкілеттіктерін пайдаланып, бәсекелестеріңізбен шайқасуды қойыңыздар да, тыныш ұйықтаңыздар.
Құрманбек Бақиев кейбір парламент депуттарының атышулы қимылдарына елде наразылық көп дей келе, парламентті тарату ойым жоқ, сабырға келіңіздер, бір мақсатта істейік деді. Осы парламенттің үш депутаты түрлі жұмбақ жағдайда оққа ұшып, қаза тапқаны аян. Көпшілік бұл депуттардың ажалдары қылмыс әрекеттерінен шықты деп біледі. Бақиев парламентке қалай аяқ астынан келсе, сөйлеп болған соң да солай шапшаң шығып кетті.
Парламент төрағасы Өмірбек Текебаев президент Бақиев маңызды мәселелерді көтерді деп сипаттады, нақты дәлелдер мен нақты жағдайға сүйеніп, жауап қатуымыз керек деді. Депутаттардың айтқандарынан Мэлс Ешімхановтың сөзін келтірген жөн болар. Кезінде президент сайлауына түскен депутат Мэлс Ешімханов расында да аздаған депуттарға бола парламенттің атына кір келіп отыр деп мойындады.
Халықаралық қауымдастық Қырғызстандағы жағдайға, Орталық Азиядағы жағдайға қатты назар аударып отыр. Былтыр наурыз айында Қырғызстандағы көтеріліс Асқар Ақаевтың елден қашуымен тыңды. Революция толқыны көршілес елдерге өтеді деген қорқыныштан аймақта саяси қысым ұлғайды. Қырғызстан революциясынан екі айдан кейін Әндіжанда бейбіт демонстрация қанға боялды. АҚШ ұлттық барлау мекемесінің директоры Джон Негропонте АҚШ сенатында жақында сөйлегенде Орталық Азиядағы саяси мәселелер шешім табатын емес деп алаңдаушылық танытты:
- Орталық Азия саяси текетірес пен қудалау науқандарынан, құтырған коррупциядан көз ашпай жатыр. Кедейшілік өсіп барады, әлеуметік және экономикалық теңсіздік ұлғайып барады. Радикалды пиғылдар мен терроризмге бастау беретін басқа проблемаларда Орталық Азияда қаптап отыр.
АҚШ ұлттық барлау мекемесінің директоры Джон Негропонте Орталық Азияда Талибан кезіндегі Ауғанстан жолына, не болмаса Сомали жолына түсіп кету қаупі көбейді деді. Бақталас клан топтары билікке жетіп, орталық үкіметтер құлап қалуы мүмкін. Бұл өз кезегінде терроризм мен қылмыс белсенділігіне жол ашылады, - деп ескертеді Джон Негропонте.