Ақпанның 7-сі күні Алматы қаласында оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәліні қолдаушылар оны қорғау жөніндегі қоғамдық комитет құратындығын жария етті. Бұл туралы «Азаттық» радиосына комитет төрайымы Маржан Аспандиярова хабарлады. Бүгінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласындағы басқармасы азамат Жасарал Қуанышәліге «президенттің ар-намысына нұқсан келтірді» деп тағылған айып бойынша іс қозғап отыр. Ал Жасарал Қуанышәлінің өзі болса, мұның барлығын саяси қудалау деп есептейді.
«Әділетті Қазақстан» қозғалысының мүшесі Жасарал Қуанышәлі саяси қуғын көріп отыр деп есептейтін бір топ адам оны қорғау жөніндегі қоғамдық комитет құруға шешім қабылдапты. Бұл туралы «Азаттық» радиосына комитет төрайымы Маржан АСПАНДИЯРОВА былай деді:
- Жасарал Қуанышәліге ҰҚК-ден қағаз келіп, күнде үстінен аңдып тұрған көрінеді. Сондықтан, оған үндемей қарап отырмайық деп шештік. Бүгін алғашқы кездесуіміз. Онда әрі қарайғы іс-әрекеттерімізді анықтаймыз: үндеу жариялау, оны халыққа жеткізу, халықаралық ұйымдарға хабарлау және осы жағдайды қоғамдық бақылауға алу.
Жасарал Қуанышәлі болса, өзіне қатысты даудың басы – президент Нұрсұлтан Назарбаевтың былтыр 24-ші тамыз күні айтқан сөзінен туындағанын жеткізді:
- Тікелей эфирде халыққа арнап сөйлеген сөзінде Назарабаев: «Қазақстанда қазақтарда ешқашан шекара болмаған. Ешқашан мемлекеттілік болмаған» деді. Мен оның сол сөздерін тарихты бұрмалау, қазақ халқының ар-намысына нұқсан келтіру деп бағалап, мен ол кісіні қазанның 5-і күні сотқа бердім. Бас прокуратура мен Жоғарғы сотқа арыздандым. Содан кейін қарашаның 16-сы күні Шымкентте сайлауға байланысты жүргенімде сол жердегі облыстық ҰҚК басқармасы шақыру алып келіп, жауап алды. Олар менің арызымды қараудың орнына менің өзімді айыпты етіп, президент Назарбаевты қорлаған адам ретінде мені жазаға тарту мәселесін қолға алған екен.
Ж.Қуанышәлі мырза өзіне тағылған кінәні жоққа шығарып, керісінше, «осы арқылы менің конституциялық құқығым бұзылды» деп санайды.
- Мен өзімнің азаматтық құқығымды пайдаландым. Ал мен жүгініп отырған заң қорғау орындарының әрекеті - өрескел конституциялық бейберекет әрекет, азаматтық құқығымды аяққа таптау деп есептеймін. Ел басқарған адам не істесе де жазаланбайды екен, ал оны жауапқа тартуға талпынған адам өзі кінәлі болып шығады екен, - дейді оппозициялық қайраткер.
Ал Жасарал Қуанышәлінің қорғаушысы, заңгер Серікхан МУСИН істің ақ-қарасын анықтау үшін оның президентке жазған хаты дербес филологиялық сараптамаға жіберіілгеннін айтады.
- Бас прокуратура сараптама жүргізген. Бірақ оның қорытындысын бізге бермей отыр. Сол себептен, өзіміз қосымша сараптамаға жүгіндік. Соның нәтижесіне қарап, оның сөзінде президенттің ар-намысына нұқсан келтіретін жайттар бар ма, жоқ па – соны анықтаймыз. Қазір Бас прокуратура істі ҰҚК-нің Алматы басқармасына берген.
Осы мәселеге байланысты Алматы ұлттық қауіпсіздік басқармасының баспасөз қызметіне хабарласқан «Азаттық» тілшісіне аталған мекеме өкілі қазір тергеу жұмысы жүріп жатқандықтан, әзірге ешқандай түсіндірме берілмейтіндігін айтты.
Бұған дейін де Жасарал Қуанышәлі саяси қызметімен байланысты талай мәрте қудаланып, қысым көрді, сондықтан, оның ендігі тағдыры бізді қатты алаңдатады, дейді Жасарал Қуанышәлінің зайыбы әрі оны қорғау бойынша комитет мүшесі Айсұлу Қыдырбаева.
- Бұл кісі өмір бойы саяси қуғын көріп келеді. Отбасына да қысымшылық бар. Қазір көп нәрседен қауіптенеміз. Әсіресе, Заманбек Нұрқаділовтің, Асхат Шәріпжановтың, Батырхан Дәрімбеттің, Оксана Никитинаның өлімінің бізге әсері жоқ деп айтуға болмайды. Әр нәрседен қауіп бар...
Жасарал Қуанышәлі бұрын «Азат» қозғалысының жетекшілерінің бірі болды. Жоғарғы Кеңес депутаты, Ақтөбеде облыстық мәдениет басқарма бастығы қызметін атқарды. Кейінірек оппозициялық «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысы аясында жұмыс істеді.