Британиядағы мұсылман дінінің уағыздаушысы жеті жылға түрмеге жабылды. Мысырда туылған, Лондондағы бір мешітте имам болған Абу Хамза әл-Масриді Лондон қылмыстық соты нәсілдік өшпенділікке бастады әрі терористерге жетекшілік жасап мұсылман емес адамдарды өлтіруге себепші болды деген айыптар таққан. Оның адвокаты соттың ол үкімін апеляцияға береміз деп отыр.
2004 жылы қамауға алынған Абу Хамза әл-Масридің соты өткен айда басталған болатын. Енді Лондонның Орталық Қылмыстық сотының алқасы Абу Хамзаға тағылған 15 айыптың 11 бойы үкім шығарып, оны жеті жылға кесіп отыр. Бірақ, діни уағыздаушы сот отырысында ешқандай да өкінішін көрсетпеді. Оның адвокаты Муддасар Арани болса, Абу Хамзаның атынан БАҚ өкілдеріне мынадай мәлімдеме жасаған:
«Шейх Абу Хамза өзін діни сенімнің сотталушысы ретінде қарайды, және ол азаптауды азайту жолының адамы. Біз бұл сот үкіміне қарсы шағым түсіретінімізді нақтылап айтамыз».
Абу Хамза Лондондағы Финсбури парк мешітінде кеңінен уағыз айтқан, ал сот айыптаушысы бұл жерді экстремизм орталығына айналған деп отыр.Сот алқасы жиырма сағаттай уақыт жазылған оның мешіттегі уағыздарын тыңдады, онда мұсылман еместерді өлтіру жөнінде айтылады. Ол сондай-ақ, еврейлерді жою керек деп айтып, 11-ші қыркүйек оқиғасын еврейлердің астыртын әрекеті деп атаған. Оның діни уағыздары барысында, ол сонымен қатар жастарды Ауғаныстанға террорист ретінде оқуға баруға үндеген.
Енді қазір Абу Хамзаның абақтыға жабылып отырған шақта, Британиядағы ірі деген мұсылман жетекшілері Абу Хамзаның абақтыға жабылғанына өздерінің қуанышты екенін айтқан. Бұл тұрғыда Ұлы Британия парламентіндегі мұсылмандар басшысы әрі мұсылмандар институтының директоры, доктор Ғаясуддин Сиддиқу өз пікірін былай жеткізді:
«Оның және басқалардың жихадшылық мен Салафшылық туралы көзқарастарына мұнда қолдау жоқ және және бір үмітіміз адамдар осы жолдауымызды қабыл алады. Біз білеміз бұл оның және аздаған жақтастарының көзқарас-ұстанымдары екенін. Мұсылмандар қауымдастығы ешқашан оның терроризм мен экстремизм жөніндегі байланшақ ұсыныстарымен бөліскен жоқ».
47 жасар Абу Хамза Мысырда Мустафа Камал Мустафа болып дүниеге келген, Кейін ол 1970 жылдары Британияға келді. Ол өзінің мұсылман діні бойынша көзқарастарын экремистік жағдайда таныта бастаған. Одан кейін Ауғаныстанға барып, сол жерде болған жарылыста көзі мен екі қолынан айрылған.
1980 жылы Абу Хамза Британияға оралып, британиялық азаматшаға үйленіп, Британия паспортын алған. 1990 жылдың басында, ол Адам Иман деген атпен Боснияда мекендеген. Бірақ, Лондондағы мешіттегі оның уағыздаушы ретіндегі әрекеті жайлы ең бірінші Британиялық баспасөзде жарық көріп, одан соң 2004 жылы ол қамауға алынған.
Сарапшылардың айтуынша, Лондондағы ол мешіт ислам экстремистерінің Еуропадағы орталығы болған. Ол жерге белгілі террористер бомба жасаушы Ричард Рейд, Закария Масауи, Абу Қатада, және Әл Либи жиі барып тұрған. Полиция 2003 жылы сол мешітке тексеру жүргізгенде ол жерден түрлі лаңкестік кітап, анықтамалардың көшірмесі табылған. Онда табылған энциклопедияда бомба жасау дәрістері автоматтар мен террористік шабуылдар жасау сабақтары жазылған.
Бүгінде британиялық баспасөз Абу Хамза бұл әрекеттері үшін неге ертерек қамауға алынбаған дегенді айтып отыр. Эндрюс университетіндегі Саяси қақтығыс және терроризмді зерттеу орталығының басшысы профессор, Пол Уилконсонның сөзіне қарағанда, бұл кезде полиция көбіне Солтүстік Ирландиядағы “Real IRA” терроористеріне қатысты алаңдаушылық танытқан. Сондықтан, олар ислам экстремистері әл Қаиданың қоса айтқанда да тізімде болмаған.
«Таяу Шығыста белсенді болған Әл Қаида тобына біраз уақыт шындығында, аса маңыз беріп қаралынбады. Және менің пікірімше, Британиядағы бұрынғы көзқарас бойынша, Еуропалық елдер мен Құрама штаттар ол қауіптерді дұрыс бағалай алмады», - дейді профессор Уилконсон.
Оның айтуынша, осыған дейін әл Қаида өзінің террористік істерін шетелдегі ұйымдар арқылы жүзеге асырады деген болжамдар болған. Ендеше сол әрекеттер Абу Хамзаның уағыздардарында айтылған сияқты дейді ол.