Мұхаммед Пайғамбарға салынған карикатураларға орай мұсылман елдеріндегі наразылық шерулері тоқтар емес. Десе де, бұл тұрғыдағы зорлық саябырсығандай. Түрлі үкіметтер сабырлыққа шақырған үндеулер таратса да, сөз еркіндігін қорғаушылар мен діни сезімге берілген белсенділер арасындағы ор сол баяғы қалпында қалып отыр.
Карикатураларға орай шыққан наразылықты тоқтату, сабырлыққа шақыру тұрғысында ең соңғы мәлімдеме жасаған ресми қызметкер ретінде Американ Мемлекеттік Хатшысы Кондолиза Райс ханымды атауға болды. Сәрсенбі күні Вашингтонда өткізген баспасөз мәслихатында ол:
"Көптеген адамның өлімі мен жарақат алуына себеп болған ашудың бұлайша түс беруін ақтауға болмайды. Әлемнің түпкір-түпкіріндегі дипломатиялық өкілдіктерді өтреуді де ақтауға болмайды. Сабырлыққа жол беретін уақыт келіп жетті", - деді.
Американ Мемлекеттік Хатшысы Кондолиза Райс, сондай-ақ, қалыптасқан жағдайды Батысқа қарсы өшпенділікті өршіту мақсатында пайдаланып кетті деп Тегеран мен Дамаскідегі үкіметтерді айыптады.
Алайда, осы сәтте Индонезияда сапармен болған Иранның Вице-Президенті Исфандияр Рахим Машаи бұл айыптарды "жалған" деп кері қақты.
Бұл екі арада, Америкада шығатын күнделікті басылым The New York Times-тың бүгінгі санында Таяу Шығыс бойынша бірқатар сарапшы маманның бұл шиеленіске байланысты пікірі жарияланыпты. Газетте келтірілген бұл сапаршылардың пікірінше, карикатураларға қарсы жаппай науқан Мекке қаласында желтоқсан айында өткен Ислам Конференциясы ұйымының жоғары дәрежелі кездесуінен кейін кең өріс алған.
Бүгін Индонезияда студент жастар тағы да астана Джакартадағы Дания елшілігі алдына келіп тағы бір наразылық шеруін өткізді.
Шерушілердің жетекшісі Абдул Рахим жиналғандардың талабы халықаралық ақпарат құралдары арқылы тарайтынына меңзей отырып, бұл талапты ағылшын тілінде жеткізді.
"Бұл шеру арқылы Дания елшілігі мен Дания үкіметіне Мұхаммед Пайғамбардың суреттерін жария еткен басылымдарды бұл үкіметтің жауапқа тартуын талап ететінімізді көрсеткіміз келеді, өйткені бұл мұсылман қауымын қорлау боп табылады", - деді Индонезиядағы шерушілердің жетекшісі Абдул Рахим.
Бұл екі арада, АФП агенттігіне Ауғаныстаннан телефон арқылы хабарласып, өзін Талибан жоғары қолбасыларының бірі Молла Дадулла деп таныстырған адам карикатуралар басылғаннан беріде 100-ден астам жауынгер жанкештілік шабуылға әзір адамдар тізіміне өздерін енгізгенін хабарлады. Ол, сондай-ақ, бұл карикатураларға жауаптыларды өлтіретін адамға сыйлық ретінде экстремисттік топтар 100 килограм алтын ұсынатынын да айтқан. 100 килограм алтынның қазіргі нарықтық бағасы 1,9 миллион доллар болмақ.
Карикатуралар алғаш жарияланған Данияда үкімет басы Расмуссен Дания парламентінің депутаты, арғы тегі түрік Хүсейн Арадж-бен кездесіп, шиеленісті шешу амалдарын сөз еткелі отыр. Расмуссенге жолдаған ашық хатында бұл саясаткер Дания мен мұсылман елдері арасындағы келіссөздерде Түркия ара ағайын қызметін атқара алатынын айтқан болатын.