Көптеген жылдар мемлекетте жоғары лауазымды қызметтер атқарған, ресми тіркелмген «Нағыз Ақ жол» партиясының тең төрағасы болған Алтынбек Сәрсенбайұлының жұмбақ өліміне қатысты Астанадағы шенеуніктерді айтпағанда халық сайлаған Парламент депутаттарының дені түсініктеме беруден бас тартты. Ал марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлымен бірге қызмет істеген бұрынғы әріптестері ол ел үшін жаралған азамат болған деген пікір білдірді.
Парламент Мәжілісінің депутаты Оңалбай Аяшев депутаттардың ішінен бұрынғы шенеунік, оппозиция жетекшілерінің бірі болған марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының жұмбақ қазасына байланысты «Азаттық» радиосына пікірін білдірген бірінші депутат болды. Ал оған дейін Парламенттің өзге он шақты депутаты жұмбақ жағдайда қаза болған саясаткер А.Сәрсенбайұлының қазасына байланысты өздерінің азаматтық пікірін білдіруден бас тартты. Ал Мәжіліс депутаты О.Аяшев оппозиция өкілдерінің жұмбақ жағдайда қайтыс болып жатқаны Қазақстан үшін абырой әпермейтін дүние дейді.
– Мен үшін - жұмбақ. Нұрқаділовтің өлімі де, Сарсенбайұлының қазасы да қазіргі уақытта ешқандай қажеттігі жоқ қазалар деп білем. Белгілі саясаткерлер еді, уақытында елге қызмет еткен білімді, біртума тұлғалар деп білем оларды. Ал А.Сәрсенбайұлының өлімінің себебі неде екенін мен өзім де түсінбей отырмын. Әрине, бұл жақсылық емес. Президентімізді сайладық. Шекараларымыздың барлығын бекіттік. Тыныштық заманда белгілі саясаткерлерді белгісіз жағдайда әлдебіреулердің атып кетіп жатқаны бұл бізге абырой әпермейді, – деді депутат О.Аяшев «Азаттық» радиосына.
Оңалбай Аяшев елде соңғы жыл көлемінде болған жайттарды саралай келе, көрші қырғыз елінде болып жатқан жағдай Қазақстанда қайталанып жатыр деп баға береді.
– Мына Қырғызстанға қарап «ондайдың беті аулақ» деп жүр ек. Енді міне сол жағдай біздің мемлекеттің басына келе бастады. Шұғыл түрде кінәлі адамдарды тауып, заң жүзінде шара қолданбаса бұл кейін етек алып, әдетке айналып кетуі мүмкін. Біз қайта оппозицияны қорғауымыз керек, – дейді Мәжіліс депутаты Оңалбай Аяшев.
Оппозициялық қайраткердің кісі қолынан болған қазасына қатысты «Азаттық» радиосына сұхбат берген «Қазақ ақпарат агенттігінің» бұрынғы басшысы, қазірде Мәжіліс депутаты Ғадылбек Шалахмет Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне шетелдік компаниялар басшыларының қатысы болуы мүмкін деген болжам айтады.
– Мен Алтынбек Сәрсенбайұлын сыйлағам. Біздер көп жылдар әріптес ретінде бірге жұмыс істегенбіз. Ол өзі ойы терең, сөзі өткір азамат еді. Ал оқиғаның себебін ойлап отырмын. Менің пікірімше, қазіргі оппозицияны шетелдік компаниялар қаржыландырады. Біз депутаттар шетелдік компанияларды байлығын, табысын қысқанда, олар сол оппозиция пайдаланады. Шетелдік компаниялар парламенттің шешімдерін, күшін тоқтату үшін оппозициялық күштер шулау үшін оларға ақша береді. Менің ойымша, солар өздері келіспей қалған болуы керек, – дейді Ғабылбек Шалахметов.
Валентин Макалкин Алматы қаласынан сайланған бұрынғы Мәжіліс депутаты, Алтынбек Сәрсенбайұлымен «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысы құрылғаннан бері бірге жұмыс істеген Валентин Макалкин: «Сайлау өтті, енді саяси стратегиялық соғыстар басталды. Алтынбек Сәрсенбайұлы бұрынғы шенеунік ретінде биліктің көптеген құпия ақпараттарын жақсы білетін. Ал билікке сөзге шеген, көп білетін адам керек болмады», деген тұжырым жасайды. Көп жылдары Қазақстан Жоғарғы Сотының судьясы қызметін атқарып отставкаға кеткен Өтеген Ықсанов тергеу орындары Алтынбек Сәрсенбайұлының жұмбақ өліміне қатысты жұмысты ашық жүргізеді дегенге сенбейді.
– Тергеу орындары жұртшылықты сендіретіндей тұжырым жасай алмай отыр. Мысалы, З.Нұрқаділовтің өліміне байланысты тергеу орындары фантастикалық дүниелерді айтып отыр: екі рет жүрегіне атады - оған Нұрқаділов өлмейді. Сосын, өзі «бұл болмады ғой» деп, өз басынан өзі атады. Меніңше мұндай тұжырым жасап отырған адамдардың өздеріне сондай экспериментті пайдалану керек. Содан тірі қалса солардың өздеріне үлкен ескерткіш орнату керек еді. Сондықтан да Алтынбектің өлімі шындықпен ашылады дегенге сенбеймін. Өкінішке қарай, елімізде осындай ақылға симайтын айуандықтар көбейіп бара жатыр, – дейді Жоғарғы Соттың бұрынғы судьясы Өтеген Ысқанов.
Ал «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысы Астана филиалының жетекшісі, парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты Серікбай Әлібаев марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының өлімінде саяси астар бар екеніне шүбә келтірмейді.
– Алтынбек Сәрсенбайұлы саудагер емес, кәсіпкер емес. Ол еліміздің үлкен саясаткері болған азамат. Бұрын қандай лауазымды қызметте болса да, ол кісі бүгінгі жағдайды дұрыс түсініп, елдің болашағын ойлап, оппозицияның жолына шыққан үлкен саясаткер еді. Саясаткердің кенеттен о дүниелік болуының өзі саясатқа жатады. Ол кісі Заманбек ағамыздан кейінгі қалған азаматтардың ішінде ерекше орны болған азамат еді. Сондықтан Алтынбек Сәрсенбайұлының болашақтағы ісінен билік шошитындай азамат болды, – дейді С.Әлібаев.
Мәжілістің бұрынғы депутаты Валентин Макалкин болса «Алтынбек Сәрсенбайұлының денесін тапқан жерге заң орындары кәсіби тергеуші, республиканың бұрынғы Бас прокуроры, бұрынғы тергеу комитетінің төрағасы болған Жармахан Тұяқбайды жібермей, экономист Ораз Жандосовты жіберудің өзі күдік туғызады», дейді.