Ирақта зұлымдық одан әрі жалғасуда. Шиит мұсылмандарының қасиетті жеріне шабуыл жасалған соң, елде сектанттық негіздегі зорлық-зомбылық өршіп кетті. Соңғы күндері Ирақта орын алған түрлі шабуылдардан 50-ден астам адам құрбан болды. Президент Жалал Талабани елде азаматтық соғыс басталып кетуі мүмкін деп ескертті.
Шииттердің ең қасиетті бір ғимаратына шабуыл жасалған соң, осы оқиғаға байланысты Ирақтағы шиит мұсылмандарының ашу-ызасы келіп, наразылық танытуда.
Елдің премьер-министрі Ибрахим әл-Жафари және шииттердің көсемі Аятолла Әли әл-Систани адамдарды тынышталуға шақырды. Бірақ олардың шақыруларын ешкім тыңдамай жатқан көрінеді. Бүгін және кеше орын алған түрлі шабуылдардан кемінде 50 адам қаза тапты. Елдегі сунниттердің мешіттеріне де шабуыл жасалды. Бақұбада орналасқан мешіттегі азаншы “Рейтерс” ақпарат агенттігіне:
“Таң намазының азанынан кейін мешітке шабуыл жасалды. Мешітімізде бес қарауыл болған еді. Азан шақырылғаннан кейін олар өздерінің бөлмелеріне оралды. Сосын екі Опель машинасы мешітіміздің қақпасына жақындады. Кейін қарулы адамдар қарауылдарды атып кетті”, - деді. Елде осыған ұқсас тағы басқа шабуылдар болды. Басра қаласында қарулы адамдар бір түрмеге шабуыл жасап, 11 суннитті өлтірді.
Самаррадағы оқиға туралы хабар дайындап жатқанда, “Әл-Арабия” телеарнасының үш журналисі оққа ұшты.
Ирақта бұрқ ете қалған зұлымдық әрекеттері азаматтық соғысқа алып келуі мүмкін. Бұл қауіп-қатер туралы президент Жалал Талабани теледидар арқылы ескертті.
Ал АҚШ президенті Джордж Буш ирақтықтарды ұстамдылыққа шақырды. Буш өкілі Скотт Макклелан:
“АҚШ президенті барлық ирақтықтарды бұл трагедия барысында ұстамды болуға шақырады. Зорлық-зұлымдық әрекеттер лаңкестердің ойлаған мақсатына жетуіне жол ашуы мүмкін”, - деді.
Самарра қаласындағы шииттердің қасиетті ғимаратының қиратылуына байланысты жауапкершілікті ешкім өз мойнына алған жоқ. Америка Құрама Штаттары терроршыларды айыптады, ал Ирақтың ресми өкілдері бұл шабуылға “Әл-Қаиданың” қатысы болуы мүмкін деп отыр.