Ақпанның 25-күні жарық көрген республикалық басылымдарда саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне қатысты қарам-қайшы пікірлер әлі жариялануын тоқтатқан жоқ. Сондай-ақ Қазақстандағы құрылыс саласының мәселелері де сенбілік газеттерде басым орын алған.
Қазақстанның мемлекеттік «Егемен Қазақстан» газетінде Парламент Сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаевтың Алтынбек Сәрсенбайұлының қазасына байланысты мәлімдемесі жарық көріпті. Онда ол «өлтіруді ұйымдастырғандар елдегі жағдайды тұрақсыздандырып, мемлекеттің демократиялық негіздерін нығайтуға бағытталған саяси бағдарға деген сенімді шайқалтуды көздегені анық», - депті. Ол оппозицияның өзін құқық қорғау орындарына қысым жасайды деп алаңдаушылық танытқанына орай өзінің тергеу мен сот шешіміне ықпал ете алатындай ешқандай құқығы жоқ екенні айтады. Сонымен бірге ол Алтынбек Сәрсенбайұлының өлімі бойынша күдікті ретінде ұсталған Өтембаевпен бірге жұмыс істегенін, бірақ оның бұл іске қатысты болуы таң қалдырғанын жеткізіпті.
Ал бұл уақытта «Караван» апталығы оппозицияның Әбіқаевты отсавкасын талап етуі туралы ақпаратты жариялап отыр. Сонымен бірге осы газетте жарияланған «Қасқырдың ізімен» атты мақалада газет тілшісі Сәрсенбайұылы мен оның серіктерін өлтірген адам үшеу дейді. Солардың бірі ретінде күдік келтірліп отырған бір азаматқа журналисте ереше тоқталады. 40 жастағы Иллахунов бұрын ҰҚК-нің және полицияда жұмыс істеген, кейінгі кезде ережесіз айқас ұйымдастырушылардың бірі ретінде танылған. Мақала авторының айтуынша, ол қылмыстық топтармен ғана емес, бұрынғы Сенат аппаратының бастығы Ержан Үтембаевпен де қарым-қатынаста болған. Бұл мақаланы қорытындылай келе мақала авторы қазіргі Ұлттық қауіпсіздік қызметінің жұмысын сынға алады. «Бұл істе қызметтен кету туралы рапорт жеткіліксіз. Қауіпті жара толығымен тазалануы тиіс», - дейді «Караван» апталығы.
«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ел алдындағы беделін қайта көтеру үшін не істеу керек дейді?» деген сауал тастайды «Айқын» басылымы. Бұл сауалға «Ақ жол» партиясының төрағасы Әлихан Байменов «бір-екі адамның жұмыстан кетуімен шектелуге болмайды, яғни, жүйелі өзгеріс керек» десе, Патриоттар партиясы жетекшілерінің бірі Есмұхат Шынтегі «Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі басшылықтағы барлық азаматтар қызметтен кетуі керек, ал оның «Арыстан» арнаулы бөлімшесін тарату керек», деп есептейді. Саясаткер Сейдахмет Құттықадам болса, «Ұлттық қауіпсіздік комитеті саяси партиялар мен кемпірлермен соғысудың орнына сыртқы жаулармен, іштегі криминалды топтармен, есірткі тасымалымен күрескені ләзім» деген ойда.
«Айқын» газетінде сонымен бірге «Отан» партиясы қоғамды демокартяиландыру бойынша мемлекеттік комиссия өз жұмысын наурызда бастайды деп болжап және оған оппозицияның қатысуын қош көріп отырғанын жазса, «Новое поколение» газеті Қазақстан президенті наурыз айының бас кезінде өзінің халыққа арнауын жолдайды деп отыр. «Новое покление» апталығы Президент ең алдымен саяси реформалар жүргізу бойынша Конституцияға өзгерістер енгізу мәселесін қоштауы мүмкін дейді. Сондай-ақ сол жолдауда «Самұрық» мемлекеттік холдингтің басшысының атын жаряилауы мүмкін деп есептейді газет тілшісі.
Сенбілік газеттерде бірнеше мақала құрылыс тақырыбына арналыпты. Мысалы, «Айқын» газетінде «Астана әлемдегі таңдаулы 30 қаланың қатарына енуі тиіс» деген мақала Қазақстан президентінің құрылыс саласындағы алаяқтықты тоқтатуға шақырған пікірі келтірлсе, екінші мақалада ипоткелық несие алу бойынша деректер келтіріледі. Мәселен, 2006-шы жылдың 1-ші қаңтарына дейінгі мәліметтерге қарағанда, 21,8 мың адам республикалық бюджеттің есебінен пәтерге қол жеткізген.
Бұл тақырыпты қозғаған «Казахстанская правда» газеті биыл 44 мың пәтер пайдалануға берілгені, бұл былтырғымен салыстырғанда 2 есеге көп екендігі айтылыпты.
Ал «Экспресс К» газеті «берілген пәтерлердің тек 25 пайзығы ғана мемлекет құзырында, қалғанын жеке меншік бизнес есебінен салынғанын» еске түсіреді.