Ресей ресмилері мен Палестиннің радикалды Хамас қозғалысының жетекшілері жұма күні Мәскеуде келіссөз өткізді. Жаугерлік топ өкілдері бұған дейін мұндай жоғары дәрежедегі шетелдік сапарда болған емес. Ресей Хамас басшыларын қаруларын тапсырып, өз саясаттарын жұмсартуға шақырды. Алайда Хамас өзінің қатаң бағытын өзгертетіндей ниет байқата қоймады.
Наурыздың үшінде Хамас жетекшілері Ресей астанасына үш күндік сапармен барды. Осы сапар арқылы Хамас қозғалысы өзінің халықаралық деңгейдегі салмағын арттыра түскісі келеді. Хамастың алты адамнан тұратын делегациясын қозғалыстың жоғары дәрежелі жетекшілерінің бірі Халид Мәшал бастап барды. Хамас делегациясы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен келіссөзді бастамас бұрын алдымен сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Салтановпен кездесті. Лавров Хамас тобын халықаралық келісімгерлер қойып отырған талаптарға құрметпен қарап, еврей мемлекетімен бейбіт шараларға баруды баса айтты.
- Біз Хамас Палестиннің Ұлттық ассамблеясындағы жетекші саяси күш ретінде және осы Ассамблея арқылы жасақталатын үкіметтің мүшелері ретінде бейбіт мақсатта жасалған барлық келісімдердің жүзеге асуына өз үлесін қосады деп есептейміз.
Таяу Шығыс бойынша бейбіт арағайындық шараларын жасаушы төрттіктің қатарындағы Ресей мен АҚШ, Европа одағы және БҰҰ ұзақ уақыттан бері Хамасты қақтығыстардан бас тартып, Израил мемлекетін мойындауға және Израил-Палестина арасында қол жеткізілген барлық келісімдермен санасуға шақырып келеді. Израилға қарсы көптеген жанкештілік бомба жарылыстарын ұйымдастырды деп Хамас қозғалысын АҚШ пен Евопа террорлық ұйым деп атайды, бірақ мұндай пікірдің ішінде Ресей жоқ.
Ресей президенті В.Путиннің Хамас жетекшілерін олар сайлауда жеңіп шығысымен, келіссөздерге Мәскеуге шақыруы - төрттіктің басқа мүшелерін қайран қалдырған болатын. Мәскеуге келісімен әуежайдың басында-ақ қаумалаған журналистер сұрақтарына жауап бере келіп, Халид Мәшал Израилды мойындамайтындықтарын қайталап айтты.
Жұма күні кешкілік өткізілген баспасөз-мәслихатында Хамас жетекшісі Израил Палестина жерін толық босатпайынша, бейбітшілік болмайды деп атап көрсетті.
- Мен мұнда Мәскеуде тұрып сіздерге айтқым келеді, егер Израил 1967 жылы басып алған барлық территорияны босатып, қоныстануларын аяқтап, тұрғызып жатқан қабырғаны бұзып, барлық тұтқындарды босатса ғана біздің қозғалыс бейбітшілікке бағытталған шараларға баратын болады, - деген.
Хамас жетекшілерін Путиннің шақыруы Израил мен оның жақын одақтасы - АҚШ-тың ашу-ызасын тудырған еді. Израил ресмилері мұны арқадан соққы беру деп атаса, АҚШ Хамасты қаржылық жағынан оқшауландыруды жалғастыра беретіндіктерін айтты. Хамас жетекшісі Мәшал бұл тұрғыда жұма күні былай деп атап көрсетті:
- Қаржылай көмек Хамасқа берілмейді, ол қатардағы Палестина халқы үшін көмек, оның Хамас бюджетіне қатысы болмайды. Екіншіден, бұл көмек палестиндіктердің өмірін жақсартуға жұмсалады, онда сыбайласқан жемқорлыққа жол берілмейді. Халид Мәшал мен ол бастаған делегация Мәскеу сапары барысында Ресей парламенті басшылары мен және басқа да лауазым иелерімен кездесіп, талқылаулар өткізетін болады.